Димаш: Мен үшін ақшаның орны бос. Жүрегім де бос

0

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген MUZ-TV арнасының бас директоры Арман Дәулетияровқа сұхбат беріп, балалық шағындағы естеліктерін бөлісті, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі.

Әнші балалық шағында отбасының түрлі үйірмеге қатысуға жағдай жасағанын айтады. Таэквондо, жүзу, вокал, фортепианоның арқасында бос уақыты болмаған-ды. Сондай-ақ, ол өнер жолындағы алғашқы табысы туралы да сөз қозғады.

«Бес жасымда республикалық «Айналайын» конкурсына қатыстым. Аталған байқауда лауреат атанып, 1 000 теңге мен алғыс хат иемдендім. Сол алғыс хатым мен мың теңгені әжеме тезірек табыстауға асыққаным есімде. Оның өзіне бірнәрсе алғанын қаладым. Үйге жақындаған кезде анамнан қайта-қайта «Ақша сізде ме? Қазір әжеме береміз» деп сұрай бергенім есімде», — деді Димаш Құдайберген.

Алайда ол дәл қазір табатын табысы туралы айтудан бас тартты. Бұған себебі де жоқ емес.

«Мен үшін ақшаның орны бос. Ақшаны өмір сүру үшін ғана табамыз, болды. (…).Басым бос, жүрегім де бос. Қыздардың үміттенуіне болады», — деді жұлдыз.