Алтынай Жорабаева әйгілі түрік қасапшысы Нұсретпен кездесті (видео)

0

Алтынай Жорабаева Түркиядағы демалысы кезінде атақты аспаз, қасапшы Нұрсет Көкшемен кездесті.

Әнші өзінің инстаграм парақшасында Нұрсет туралы ойымен, әсерімен бөлісті.

Оның айтуынша, Нұсрет те бұл жетістікке ұзақ жылдар бойы еңбектеніп бір-ақ келген.

“Тағы Стамбулдан естелік көрейі. Мынау Нұсрет деген аспазшы қаншама қиындықтарды басынан өткеріп, естуім бойынша 5-ші сыныптан кейін мектепті жалғастырмапты. Біраз аспазшыларға көмекші болып, ауыр жұмыстар жасап жүріп, керемет аспазшы болуды армандаған екен. Міне,қазір Нұсреттің рецептімен дайындалған дәмін ,әлемнің түкпірінен келген қонақтар толассыз келіп, дәм татуда Дұға жасап,ниет етіп,амал жасаған құлына Алла әлбетте нығметін беруде, – деп жазды Алтынай Жорабаева.

Айта кетейік, бұған дейін Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова да Түркияда Нұсретпен кездескен болатын.