Назарбаевтың қызы мен жиені Лондондағы Шерлок Холмс үйінің иелері болып шықты

1

Лондондағы Бейкер көшесіндегі Артур Конан Дойл шығармаларының кейіпкері Шерлок Холмстің пәтері орналасқан үй Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы мен немересіне тиесілі, деп хабарлайды lenta.ru Times-қа сілтеме жасап.

2015 жылы Бейкер көшесіндегі мүлік Дариға Назарбаева мен оның ұлы Нұрали Әлиевке тиесілі деп хабарланды. Шерлок Холмстің үйінен басқа, газеттің хабарлауынша, Назарбаевтар отбасында Бейкер көшесіндегі 215 пен 237 аралығында тағы бірнеше ғимарат пен жер бар. Мүліктің жалпы құны шамамен 140 миллион фунт стерлингті құрайды (140 000 000 GBP = 79 375 531 914,89 теңге — шамамен NT). Сонымен бірге, меншіктің 90 пайызы Назарбаеваға тиесілі, оның ұлы 10 пайызын иемденген.

Жер регистрінің жазбаларына сәйкес қазіргі ресми иесі — бұл меншігін 2005 жылы сатып алған Farmont Baker Street Limited. Қазір ол БАӘ-нің басқа компаниясына тиесілі. Назарбаевтар отбасының өкілі болып табылатын Mishcon de Reya заңгерлік компаниясы ақпаратқа қатысты түсініктеме беруден бас тартты.

Маусымда Қазақстан тұңғыш президентінің қызы Дариға Назарбаеваның Мәскеуде құны 230 миллион рубльді құрайтын элиталық пәтері бары белгілі болған еді. Жылжымайтын мүлік орыс астанасының Арбат ауданындағы Поварская көшесі, 20-үйде орналасқан.