Пандемия сенім дағдарысын күшейтті — Тоқаев

0

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше — мемлекет басшылары кеңесінің онлайн-отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус пандемиясының халықаралық саясат пен жаһандық қауіпсіздікке әсері туралы айтты.

«Пандемия әлемдік державалар арасындағы сенім дағдарысын күшейтті. Превентивті дипломатияның механизмдері және қақтығыстарды реттеу күрделі сәтсіздіктерге әкелді. Қауіпсіздік қатері, оның ішінде терроризм, қарулану жарысы, гибридтік соғыстар мен климаттың өзгеруі күшейіп келеді. Геоэкономика саласында екі полярлық тенденцияның қақтығысы бар: глобализм және ұлтшылдық», — айтты Қазақстан басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ елдеріне өзара есеп айырысуда ұлттық валюталардың үлесін арттыруды ұсынды. «Протекционизмнің жоғарылауы және халықаралық жеткізілім тізбектерінің бұзылуы біздің ұйымның экономикалық әлеуетін ашуды жеделдетеді. Шанхай ынтымақтастық ұйымының 2025 жылға дейінгі даму стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту өзара сауданы қалпына келтіруге және кеңейтуге ықпал етеді деп сенеміз», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ саммитінде.

Қазақстан Президенті бұл мәселені шешу үшін жобалық қызметті қаржыландыру тетіктерін құру бойынша келіссөздерді жеделдетуді қажет ететіндігін баса айтты және өз ұсынысын айтты.

«Мұндай жұмысқа жақсы серпін өзара есеп айырысуда ұлттық валюталардың үлесін біртіндеп қамтамасыз ету жөніндегі жол картасын қабылдау, сондай-ақ еуразиялық қаржылық консультациялық механизм құру арқылы болар еді», — деп қорытындылады Мемлекет басшысы.

Керімсал Жұбатқанов