БҚО-да ақшашты қыздың елесі тұрғындарды шошытты

0
200
Advertisement

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Ханкөл ауылының тұрғындары арасында сұлу қыздың елесі туралы қауесет таралуда. Бұл туралы «МойГород» басылымы жазды.

Аймақ басылымында жергілікті ақсақалдар құрбандыққа мал шалып, Құран оқығаны айтылған.

Елес туралы хабарлама WhatsApp мессенджерінде пайда болып, тез тараған. Ондағы хабарламада «жол бойында аққұба шашты қыз жүреді, жүргізушілерді қорқытады, ал кейбіреулері кәрі әйел көріпті» делінген.

Тұрғындар өздері көрген «елес» туралы жарыса айтып жатыр.

«Ер адам түнде Қаратөбе ауданынан Ханкөл ауылы арқылы жалғыз жол жүрген. Жолда ақшашты қыз оның машинасына отырып, рөліне жармасып, көлік айдауға кедергі келтірген. Ер адам қатты шошынып, рөлге ие бола алмай қала жаздаған. Қарсыда келе жатқан жүк көлігіне соғыла жаздап қалған. Сол кезде қыз көзден ғайып болған. Жергілікті тұрғындар мың теңгеде жинап, құрбандыққа мал шалып, Құран оқып, ас берген. Мешіттен және ауданнан адамдар келіп, жиынға полиция қызметкерлері де қатысқан. Бұл алғашқы жағдай емес, жазда ауыр жүк көлігінің жүргізушісі де осыған ұқсас елес көрген. Зәресі зәр түбіне кеткен жүргізуші жақын маңдағы ауылға келіп, бірінші көрген үйге кіріп, көлігінде елестер отырғанын айтқан. Үй иелері көлікті тексергенде ешқандай елес болмаған. Жүргізуші қорқынштан қалшылдап кеткен», – дейді тұрғындардың бірі.

Тағы бір ауыл тұрғыны «Ханкөлде сұмдық болып жатыр, елес терезелерді қағып, үйлерге кіреді, адамдарды қорқытады» деп әңгімеледі.

Құрамына Ханкөл, Талап Қазиев ауылы кіретін Жусандой ауылдық округінің әкімі тұрғындар арасында қауесет таралғанын растады.

«Тұрғындар ақшашты қызды, кемпірді және ұшатын елесті көргендерін айтады. Қорыққанға қос көрінеді демекші олар асыра сілтеп айтып тұруы мүмкін. Мен де күн сайын сол ауылдың маңынан, сол жолдың бойынан жүріп өтемін. Ешкімді көрмедім, түнде де жүремін. Ақсақалдар құрбандыққа мал шалып, намаз оқуға шешім қабылдады. Мен де барып, ауыл тұрғындарын тыныштыққа шақырдым, тыныштандыруға тырыстым», – деді Қазиев.

Ол «елес» туралы әңгіме жаздың соңында басталғанын айтты.

«Мен бұған өзім сенбеймін. Бұрын мешіттер көп болатын, адамдар бұл жерді қасиетті деп санайды және әр көктемде садақа береді. Биыл пандемияға байланысты барлық рәсімдерді орындау мүмкін болмады, садақаны тек осы жылдың күзінде ғана өткіздік», – деп толықтырды әкім.

Ханкөл ауылында 460 адам тұрады.

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз