ДДСҰ 2021 жылы Еуропа Чемпионаты мен Олимпиадасына қатысты үкім шығарды

0

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) Еуропа чемпионаты мен Олимпиаданы 2021 жылдың жазында өткізуге күмәнмен қарап, пандемия осы уақытқа дейін аяқталмайтынын мәлімдеді. ДДСҰ кеңесшісі Эзекиэль Эмануэль 2021 жылдың күзіне дейін бұқаралық іс-шараларға жол берілу екіталай екенін айтты.

«Егер біз адамдардың үлкен жиындары — конференциялар, концерттер, спорттық шаралар туралы айтатын болсақ, онда мен адамдардың іс-шараларды 2020 жылдың қазанына ауыстыруының себебін түсінбеймін. Неліктен коронавирус пандемиясы және оның әсері соншалықты ерте аяқталады деп ойлайтынын түсінбеймін. Менің ойымша, бұл заттар соңғы болып оралады. Байыппен айтсақ, 2021 жылдың күзі — бұл ең ерте мерзім», — деді ДДСҰ кеңесшісі.

Еске салайық, COVID-19 арқылы Олимпиада ойындары мен Еуропа чемпионаты 2021 жылдың жазына ауыстырылды.

Керімсал Жұбатқанов