14 жастағы оқушы қыз жасырын түрде бала босанып, сәбиін тоңазытқышқа салып тастаған
Қайғылы оқиға Ресейдің Новосибирск облысы Ярково ауылында болды. 14 жастағы оқушы қыз сәби босанып, оны тоңазытқышқа жасырған. Нәресте мұздатқышқа тірідей салынған ба, әлде өлі күйінде қойылған ба, оны қазір тергеушілер анықтап жатыр.
14 жастағы қыз жасырын түрде бала босанды. Ата-анасы қызының жүктілігі жайлы мүлде білмеген. Оқушы қыздың жүктілігі жайлы жедел жәрдем қызметкері хабарлады.
Мектеп басшылығы оқушы қыздың тәртібі жақсы болғанын, есепте тұрмағанын айтты. Ән айтып, би үйірмесіне қатысып, кітапханаға жиі баратын қыз бірден өзгеріп кеткен. Құрбыларының айутынша, ортасы оның өзгеруіне себепші болған.
Ол жаңа ортасымен пәтерлерге жиі қонып, достарымен бірге көңіл көтерген. Клубқа барып, теріс жолға салынады бастаған.
Желіде өз арнасын ашып, ролик жүргізе бастайды. Пабликтердің бірінде оның интимді суреттері жарияланған соң әкесінен оңбай таяқ жеген екен. Алайда әкесінің атына арыз жазып, полицияға жүгінген.
Анасы қызының соқыр ішегі ауырды деп ойлап, жедел жәрдем шақырғанын айтады. Оқушы қыздың айтуынша, ол лас гаражда жалғыз өзі босанған. Қыз бала босанғанын фельдшерге мойындады. Осыдан соң оқиға жайлы полиция хабардар болды.
Қазір нәрестенің тоңазытқышта көз жұмғаны әлде тоңазытқышта тірі күйінде салынғаны туралы тергеу анықтап жатыр. Оқушының 19 жастағы жігітпен кездескені айтылды. Алайда ол жігіт кәмілетке толмаған қыздың баласының әкесі ме, жоқ па ол жағы әлі анықталған жоқ.
stan.kz