Салықтардың пайда болу тарихы, даму эволюциясы туралы қазақша

0

Салық мемлекеттің қалыптасуымен бірге пайда болып, оның өмір сүруінің негізі болып табылады. Мемлекетті қамсыздандыру үшін, азаматтардың біртіндеп міндетті және үздіксіз бола бастаған табиғи және ақшалай түріндегі жарналары қажет болды. Адамзаттың даму тарихында салық нысандары мен әдістері өзгеріске түсті, өңделді, мемлекет қажеттілігі мен сұранысына бейімделді, олардың қызметі кеңейді, әлеуметтік-экономикалық процестердегі ролі өзгерді.

Салық төлету нысандары мен әдістерінің дамуында үш ірі кезеңді атауға болады. Дамудың бастапқы кезеңінде ерте заманнан орта ғасыр басына дейін мемлекеттің салықты анықтау және жинауға арналған қаржылық аппараты болмады. Қаражаттың тек жалпы сомасы анықталып, салық жинау қалаға немесе қауымға жүктелген.

Екінші кезеңде елде мемлекеттік мекемелер желісі, оның ішінде қаржылық желі құрылып, мемлекет қызметтің бір бөлігін өз мойнына алады: салық салу үлесі артады, салықты жинау процесін қадағалайды, бұл процесті кең мәселе төңірегінде анықтайды.

Үшінші кезең, жаңа кезең. Мемлекет салық белгілеу және төлетуге байланысты қызметті өз қолына алады, салық салу ережелері белгіленеді. Үкіметтің аймақтық органдары өзіндік деңгейі бола тұрып, мемлекет көмекшісінің рөлін атқарады.

Мемлекетті ұйымдастырудың бастапқы сатысында салық салудың алғашқы нысаны құрбан шалу болды. Бірақ бұл ерікті түрде болды деп ойлауға болмайды. Құрбан шалу жазылмаған заң болды, сондықтан төлемнің немесе жиынның мәжбүрлі түріне айналды.

Қазақстан территориясындағы салық пен салық салу дамуының өзіндік, спецификалық теориясы бар. Бұл Карл Маркстың, көшпелі тайпалар мен халықтардың отырықшыларға қарағанда меншік, айырбас және ақша қатынасы ерте дамиды деген белгілі ережесімен байланысты.

Жеке меншіктің пайда болуы мен жерді жеке меншікке иеленудің қалыптасуы туралы б. э, д. 1 мыңжылдықтан сақталған материалдық (қабір, тиындар) және жазбаша түрдегі мәліметтер бар.

Ерте орта ғасырдағы мемлекеттердің (Батыс Түрік және Түргеш Қағанаты) дамуы кезеңінде жеке меншіктің пайда болу салдары ретіндегі борыштылық мәселелері жазбаша мәліметтерде кеңінен қамтылған. Борыштылықтың негізгі түрі әскери жазбаша мәліметтерде кеңінен қамтылған. Борыштылықтың негізгі түрі әскери борыштылық болды. Бұл кезде вассал тайпаларының барлық еркек-жауынгерлері сюзерена тайпасының құрамына кірді. Олар алым төлеу арқылы бағынды.

Бағындырылған құралдардан, әскери кезеңде тұтқындалған адамдардан құлдар категориясы қалыптасты. Алайда «раб-нул» терминін «классикалық» түрде түсінбеу керек. Құл-тайпалар вассал тайпалар, олар сюзерен-тайпаларға елтірі, аң терісі түрінде алым-салық төлеуге міндетті болды.

Кейінгі орта ғасырдың дамуы кезеңінде (Х-ХІV) феодалдық негізде орналған және басқа мемлекеттерге экономикалық, әлеуметтік жағынан ұқсамаған Қарахан қағанатының мемлекеттік-әкімшілік жүйесі қызық түрде болды.

Қарахан мемлекетіндегі негізгі әлеуметтік-саяси институт әскери шендік жүйе болды. Хандар өз туыстары мен жақындарына өңірлер мен қала халықтарынан бүған дейін мемлекет пайдасына түскен салық алу қүқығын алып беріп отырды. Бұл қағида «инта» деп аталды,ал оны үстанушы адам «мукта» (араб термині) немесе «иктарар» (парсы термині) деп аталды.

Иктаның Қазақстан территориясында жайылуы туралы дерекнамаларда тек жанама мәліметтер сақталған. Қазақстанның онтүстік және оңтүстік-шығыс өңірінің шаруашылық және саяси өмірінде икта институты маңызды роль атқарды. Низам-Әл-Мүлканың айтуынша, «Мукта заңды түрде өзіне жүктелген алым-салықты халықтан жинауы керек, алым салық төленгеннен кейін халық, оның мүлкі, әйел мен бала, олардың заттары мен иеліктері қауіпсіздікте болғай».

Сонымен, икта институты шаруалардың иктаратқа заңды рәсімделген түрде тіркелуін алдын ала ескермейді, әйтсе де иктадарлардың жүйелі табыс алуын қамтамасыз ете отырып, икта ұстанушының белгілі жерде үнемі тұрақтануын талап етпейді.

Көшпелі иктадар өмірін өз бетінше жалғастырып, табысты жергілікті халықтан және қаладан ауылшаруашылық табысы түрінде жүйелі алып отырды.

Иктаны иеленушілер алым-салық алуды ғана емес, сонымен қатар жер мен салық салынатын шаруаларды өз қарамағына алып, феодалдардың жерге деген қүқығының кеңеюінде феодалдық жер меншігін нығайту және табыс алу құқығын жер рентасын алу құқығына айналдыру тенденциясы жатыр.

Иктамен қатар жерді иеленудің басқа да түрлері болды. Қарахан басшылары қазынаға салық түсімі ретінде және шартты, уақытша жер беру қоры болып салынған үлкен жер учаскілерін иеленген. Бұл карахан династиясының жауларынан конфискеленген, сонымен қатар кейде мемлекетпен алынған жерлер болды. Мұсылман дін басыларының ірі жерлерді иеленумен қатар негізгі материалдық базасы вакфтық жерлер болды. Вакфтық жерлерден мемлекет пайдасы үшін салық алынбады. Орта Азиядағыдай, Онтүстік және Онтүстік-Шығыс Қазақстанның отырықшы егіншілік жерлерінде эксплуатацияның бір түрі үлестестік болды. Парсы — тәжік дерекнамаларында үлескерлерді «музари» немесе «барзшар» деп атады.

Сонымен, Қарахан мемлекетінде құрылған жер иелену түрлері, басқа да түрлі салық міндеттіліктері сияқты, одан әрі дамыған жоқ, мысалы, Қарахан мемлекеті құлағаннан кейін кифани шапқыншылары икта институтын теріске шығарды, яғнй, жерге деген меншік түрлері онымен бірге салық түрлері де ауысып, түзелді.

Ежелден бері қазақ халқынан хандар, феодалдар, бай адамдар салықтардың көптеген түрлерін жинап отырды. Мысалы, қазақ халқының хандарының бірі Кенесары ханның салық саясатын айтуға болады. Хандықтың қаржы мекемесі алым-салық жинаумен және керуендерден салық алумен айналысқан. Бұл мекемені Кенесарының туысы Сейілхан басқарды. Өзінің бір хатында Кенесары былай деп жазды: «Рахымбай, Қожабай, Шағзада молда Арғынбайды және Бұхар иелігіндегі барлық көпестерді ескертемін, зекет жинау үшін сұлтан Сейілханды, Шоқпар биді және молда Ғабдулсаттарды жіберіп отырмын, сіздер әр қостың оннан бір бөлігін беруге тиіссіздер».

Кенесарының салық жинау саясатындағы негізгі өзгерістер жеке феодалдар жинайтын салықты енді хан қазынасына түсетін жалпы салықпен ауыстыру болды. Бұл феодалдық салықты мемлекеттік салықпен ауыстыру қадамы болды. Кенесарыға дейін Қоқандықтар қазақтардан үш түрлі салық жинады: а) түңгілік зекет — әр үйден 1 қой; ә) алам зекет — 50 бас малдан бір мал; б) харадж — әр қырманнан 3 қой, бұл салық егіншелерден алынады.

Сонымен қатар, кей кездерде әр үйден 3 қой не 1 ділдә (алтын ақша) көлемінде эскери салық алынған. Ал хиуалықтар Сыр бойы қазақтарынан 10 ірі қарасы бар адамнан 2 ділдә, 13 ірі қарасы не 40 қойы бар адамнан да 2 ділдә салық алып отырған.

Кенесары билігін мойындаған қазақтар Хиуа не Бұхара ханына салық төлеуден және Орыс үкіметіне түтін салығын төлеуден құтылған еді. Бұл қазақтардың алым-салықтан біршама жеңілдеуіне әсер етті. Бірақ соғыс уақытының мүддесі Кенесары хан қазынасына түсетін әр түрлі салықтарды қатаң талап етуге итермелейді, ал бұл оның қол астындағы қазақтарға ауыр соқты.

Кенесары мал шаруашылығымен айналысатын аудандардан «зекет», ал егіншілерден «ұшыр» салығын сақтап қалды. Сонымен қатар, ол ауыл бойынша ерекше салық және әр түрлі дәстүрлі сый-сияпат ретінде сыйлықтар алды.

«Зекет» салығын жинаған кезде ол белгілі бір өлшемді сақтап отырды: 40 басқа дейінгі малдан 1 бас, онан эрі әр 40 бастан 1 бас алынып отырды. Көптеген қолға түскен Кенесары жасақтарының көрсетуі және патша тыңшыларының хабары осы мәліметті растайды. Өзіне қарасты рулардан Кенесары зекетті киім, қару-жарақ, ер-тұрман түрінде жинады. Жиналған зекет негізінен әскер қажетін өтеді. Кенесары ең алдымен алым-салық төлеудің тәртібін ретке келтірді. Патша әскерлерімен соғысты одан әрі жалғастыру қосымша материалдық және қаржы шығындарын қажет етті. Сондықтан алым-салықтың да қосымша түрі енгізілді: халықтан киім-кешек, қару-жарақ, ат әбзелдерін жинау қолға алынды. Салық жинауда халықтың жағдайы жеке-жеке ескерілді. Меншігінде малы 40 бастан аспайтындар алым-салықтан босатылды. 40-тан 100 басқа дейін малы барлар бір малдан, ал 100 бастан артық малының әрбір 40 басына бір малдан төлеп тұратын болып белгіленді.

Диқандар өздерінің өндірген өнімінің оннан бір бөлігін төлеуге міндетті болды. Көтеріліске деп жиналған астықты патша үкіметі жиі-жиі тәркілеп кетіп жүрді. Тәуекел етіп, көтерілісшілерге астық апарып сатқандар жазалаушы әскердің қаһарына ұшырады. Сондықтан да Кенесары қазақтардың егіншілікпен айналысуын қатты қолдады. Көпестердің сауда керуендерінен алынатын баж салығы едәуір табыс беретінін ескерген Кенесары ондай керуендерді тонауға тыйым салды. Сауда керуендерінің толық қорғалуын қамтамасыз етті. Керуенбасшыларын жеке өзі қабылдап та отырды. Баж салығын төлеуден жалтарғандарға қосымша салық салынды. Баж салығынан түскен қаржыға Орта Азия базарынан қару-жарақтар мен оқ-дәрі сатып алынды.

Мысалы, Жаппас руының қазағы Иманқұл Сарыбаев Орынбор Шекара комиссиясына берген көрсетуінде, өзінің арғын руында болған кезде, Кенесарының 130 төленгіті «Әр ауылдан бір жылқы, бір шапаннан зекет жинауға келгенін» хабарлайды.

«Зекет» сөзі бұл жерде дұрыс қолданылмаған сияқты. Өйткені зекет жиналған кезде салық ешқашан ауыл бойынша алынбаған. Алайда, Кенесары қоқандықтар мен хиуалықтар сияқты жан басына және үй басына салық салған емес. Мұрағаттық құжаттардан зекетпен қатар, қазақ рулары өз еріктерімен зекет көлемінен де асып түсетін садақа жинап отырғанын байқаймыз. Мұндай «ерікті жәрдем» шын мәнінде қосымша салық болды және осындай «жәрдем» жиі жиналып тұрды.

Зекетпен қатар «ұшыр» салығы да жиналды. «Ұшырды» тек егіншілікпен айналасатын рулар ғана төледі. Олар салық жинаушыларға қырмандағы астықтың 10-нан бір бөлігін беріп отырды. Бұл уақыттарда Кенесары жасақтарының біршама бөлігі Сыр бойында Сарысу, Іле, Ырғыз бен Торғай жағасында бақылаумен айналысты. Бірақ жиналған салық жалпы мемлекеттік қазынаға түсті және көтерілісшілер мұқтажы мен әскерді ұстауға жұмсалды.

Кенесарының саудаға қатынасы да ерекше еді. Бастапқыда ол Орыс саудасын патшаның отарлық саясатын жүзеге асырудың бір жолы ретінде санап, оған қарсы болды. Сондықтан да ол қазақ даласы арқылы Орынбор, Петропавловск, Троискіден Орта Азияға бет алған сауда керуендеріне шабуыл жасап, сауданы тоқтатуға тырысты. Батыс-Сібір генерал губернаторлығының мәліметі бойынша тек 1837-1838 жылдары Кенесары сауда керуендеріне шабуыл жасауының нәтижесінде 277500 сомға шығын келтірді. Жәбірленгендердің ішінде Қазан, Вятка, Рязань, Петропавл саудагерлері болды,

«Кенесарының ойы біздің көпестердің Ташкентпен және соған жақын жерлермен, қырғыз даласымен сауда қатынастарын тоқтату болды. Ол сонымен Орыс үкіметінің шет елмен сауда жасаудан түсетін пайдасын жоққа шығарғысы келді. Ал пайда түспейтін болса, онда олар сыртқа округтермен қырдағы Ақтау қамалынан бас тартады деп ойлауда» деді ол. Алайда, сәл уақыттан соң, өз ордасын Ырғыз бен Торғай (Кіші жүз) маңына ауыстырғаннан кейін, Кенесары өз ойының қателігін түсінді жэне мәселенің бәрі саудада емес, патшалықтың әскери-отарлау саясатында екендігіне көзі жетті. Сонымен қатар, ол шекара тізбегі аймағын мекендеген қазақтардың жергілікті орыс тұрғындарымен қызу сауда жасағанын да жақсы білген еді. Тілеу және Қабақ руларының билері Кенесары ауылына келгенде, оған орыстарға қарсы қимылын тоқтатуға ақыл берді. Себебі, «олар нан және басқа тағамдарды сатып алып, пайда ғана көріп отырғандарын» айтты.

#Салықтардың #пайда #болу #тарихы #даму #эволюциясы

Рақмет ретінде жарнаманы баса кетіңіз