Кәсіпкерліктің экономикалық мәні мен белгілері туралы қазақша

0
2
Advertisement

Шаруашылық жүргізудің нарықтық қағидаларына көшу — бұл кәсіпкерлік тұрпаттағы экономикаға көшу. Демек ол кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдай жасау өтпелі экономикадағы трансформациялық өзгерістердің өте маңызды құрамдасы болып табылады.

Кәсіпкерліктің экономикалық тегі кәсіпкерлік қызметтің тарихи және генетикалық бастапқы кезеңі болып табылатын нарықтық шаруашылықпен ажырамас байланысты. Шаруашылық өмірдің құбылысы ретіндегі кәсіпкерліктің ерекшелігі үздіксіз жүзеге асырылатын айырбас операцияларында көрінеді. Сол себептен кәсіпкерлік нарықтық операцияларды жүзеге асыру арқылы, яғни айырбас процесінде пайда алуға тырысып, өзгелерден айрықша шаруашылық мінез-құлқымен ерекшеленеді. Алайда айырбас өндірісі шаруашылық жүргізуші субъектінің негізгі функциясы болып табылатын шаруашылық айналымның міндетті буыны болғанда ғана айырбастың өзі кәсіпкерліктің көзі бола алады. Кәсіпкерлік тегінің түсінігінде айырбас маңызды рөл атқарады. Біріншіден, айырбас жаңа мүмкіндікті іздестіруге, яғни бастама жасауға ынталандырады. Екіншіден, осы айырбастау процесінде кәсіпкер өзі жасаған бастаманың уәжі мен жеткен табысын бағалайтын ықтимал пайданың көзін көреді. Үшіншіден, кәсіпкер айырбас процесінде өзі сияқты адамдармен беттескенде өзінің қызметінде жеңіске жетуге құштарлық сезімі пайда болады. Төртіншіден, айырбас қоғамның қажеттілігін қанағаттандыратын механизм бола тұра кәсіпкерлік қызметке қоғамдық сипат береді. Осының барлығын ескерсек кәсіпкерлік нарықтық айырбастың дамуының нәтижесінде дамиды деген қорытынды жасауға болады. Кәсіпкерліктің пайда алуда шаруашылық іс-қимыл жасаудың мәнін түсіну үшін кәсіпкерлік қызмет — бұл оған қатысушылар өзара пайда алу үшін нарықтық айырбас арқылы пайда алу тәсілі екенін түсіну қажет. Сондықтан кәсіпкерлікті алдаумен және зорлықпен емес, қоғамның қажеттілігін қанағаттандыру, демек кәсіпкерліктің экономикалық мәнінің негізгі белгісі болып табылатын қоғамның әл-ауқатын арттыру арқылы пайда алумен теңестіру керек деген ой туындайды. Осы орайда кәсіпкерлікке қолда бар байлықты қайта бөлумен байланысты емес, «зорлықсыз сатып алу» тәсілі деген анықтама беруге болады. Демек өзінің бас пайдасы үшін атқаратын қызметі қоғам үшін қандай да болмасын қосымша ұтыс әкелетін адам ғана кәсіпкер болады.

Кәсіпкерліктің экономикалық тегі бастама, коммерциялық тәуекел, шаруашылық жауапкершілігі, өндірістік факторларды үйлестіру, жаңашылдық сияқты оның белгілерін талдау арқылы ашылады.

Кәсіпкерлік бастама

Кәсіпкерлік — бастама жасалатын қызмет. Кәсіпкер жаңа өнім өндіру немесе жаңа нарықтарды игеру, өндірісті ұйымдастырудың жаңа тәсілдерін енгізу немесе сатудың жаңа әдістерін қолдану сияқты пайда алудың жаңа мүмкіндіктерін ұдайы іздестіреді. Кәсіпкерлік қызмсеттің осы қасиетін талдағанда кәсіпкерлік бастама тегінің ерекшелігіне назар аударғанда екі өте маңызды нэрсені ескеру керек.

Бірінші нәрсе кәсікерлік бастаманың көзін, яғни оны туындатқан себептерді анықтаумен байланысты. Бастамашылық адамның жеке басының қасиеті ретінде кәсіпкерлікке қатысы болса да экономикалық мәні бар кәсіпкерлік бастама тап осы қасиетке негізделмейді. Кәсіпкерлік бастама — бұл нарықтық айырбас процесі беретін мүмкіндіктерді іске асыруға ұмтылыс. Демек оны туындататын себептер нарықтық айырбастың ерекшелігіне, атап айтқанда айырбасқа қатысушылардың арасында ақпараттың жеткіліксіз әрі біркелкі таралмауымен байланысты нарықтық белгісіздікке негізделеді. Нарықтық белгісіздік, бір жағынан, осы белгісіздікті төмендету мақсатында бастама жасауға (қайсыбір іс-әрекет жасауға) мәжбүрлейді, ал екінші жағынан, — артыкшылықтың бары (толық ақпараттың болуы немесе қажеттілікті жақсы білу сияқты) жөніндегі ойдың жетегімен іс-әрекет жасауға ынталандырады. Алайда осы екеуі де шаруашылық жүргізуші субъектіні бастама жасауға ынталандырып, нарықтық белгісіздіктің адамның өзіне пайда алатын тәсілге айналады.

Екінші нәрсе кәсіпкерлік бастаманың байқалу дәрежесін анықтайтын жағдайлармен байланысты. Осы жағдайлардың көп болуына қарамастан олардың кәсіпкерлік қызметпен байланысының мәнін «экономикалық еркіндік» ұғымымен түсіндіруге болады. Экономикалық еркіндік — бұл бір жағынан, кәсіпкерлік қызметке моральдық-этикалық рұқсат берілген кәсіпкерлік бастаманы іске асыру мүмкіндігін айырбастау процесі беретін мүмкіндік, ал екінші жағынан, — айырбас операцияларын жүзеге асыру мүмкіндігі (ресурстарға қол жеткізуге тең құқық, қызмет түрін таңдау еркіндігі, табыс алу құқығы). Кәсіпкерге еркіндік шексіз берілмейді. Біріншіден, кәсіпкердің экономикалық еркіндігі — бұл оған тұтынушылар берген билік. Еркіндік олардың мүдделері үйлескенде күшейеді, ал мүдделер үйлеспеген жағдайда еркіндік әлсірейді. Екіншіден, ол нарықтық айырбас процесінде туындайтын ережелердің жүйесімен реттеледі. Осының арқасында кәсіпкердің экономикалық еркіндігінің шекарасын анықтайтын экономикалық тәртіп орнайды. Осы шекаралардың өзгеру шамасына орай кәсіпкерлік бастама да өзгереді. Көрсетілген тәуелділіктен еркіндік көп болса, онда бастама да көп болады немесе керісінше болатын қатаң байланыстың болмағаны қиындық келтіреді. Кәсіпкерлік бастаманы іске асыру үшін жақсы жағдай жасайтын экономикалық еркіндіктің шекарасын орнатудың маңызы зор екені белгілі.

Коммерциялық тәуекел және шаруашылық жауапкершілік

Кәсіпкер айналасын өзіне бағынбайтын нарықтық тұрлаусыздық ретінде қабылдайды. Нарыққа тән қасиеттермен ажырамастай байланысты тұрлаусыздықты (жағдаяттың, бағаның, тұтынушылардың сұранысының және т.б. өзгеруін) кәсіпкердің қызметі ушықтырып, оның жасаған іс-қимылына нарық ол күткеннен басқаша ден қояды. Кәсіпкер нарықтық тұрлаусыздық проблемасының мәнін өзінің бастамасының нәтижесі белгісіздігімен байланыстырады. Сондықтан тұрлаусыздық жағдайында қабылданған кез келген шешім ысырап шегу мүмкіндігі бар тәуекелмен байланысты.

Нарықтық тұрлаусыздық пен коммерциялық тәуекел — бір-бірімен тығыз байланысты, алайда бір жағынан кәсіпқерлікке ықпал етуі бойынша ерекшеленетін құбылыстар. Коммерциялық тәуекел — бұл өлшенген тұрлаусыздық. Кәсіпкер өзінің басынан өткен тәжірибесінен немесе алдын ала жасалған есептердің негізінде ықтимал нәтижені өлшейді. Тұрлаусыздық — өлшенбейді және сол немесе басқа нәтиженің ықтимал болуы мүлдем белгісіз болады. Кәсіпкерлік бастама іс жүзінде белгілі бизнесті жүргізудің бағыттарының, тәсілдері мен әдістерінің шектерінен шыққанда кәсіпкер тәуекелге бас ұрады. Ал осы бастамада бірегей, яғни практикада белгісіз жаңалық болса, онда кәсіпкер тұрлаусыздықпен беттеседі.

Проблеманың тағы бір маңызды қыры — тәуекелмен байланысты қызметке көтермелеу мәселесі. Кез келген кәсіпкерлік қызмет тәуекелмен байланысты. Алайда кәсіпкерліктің өзі адамның психологиясының ерекшелігімен, яғни жеке адамның тәуекелге бейім болуымен байланысты деген ой қате. Осы орайда кәсіпкердің тәуекелге бас ұруын оның тәуекелге бейім болуымен емес оның нарықтың тұрлаусыздығын өзінің пайдасына жаратуға тырысуымен байланысты екенін ескерген жөн. Кәсіпкер сыйақы алу үшін тәуекелге бас ұрады, ал оның өзіне алатын тәуекелінің мөлшері ықтимал сыйақының мөлшеріне тікелей байланысты. Сонымен бірге коммерциялық тәуекел — ықтимал жағымсыз салдарды жан-жақты есептеуге негізделіп өлшенген тәуекел. Басқаша айтқанда, кәсіпкер пайда алуға ұмтылысын әр кезде де шаруашылық жауапкершілігімен теңгереді, ал көп жағдайда ол өзіне ала алатын тәуекелдің дәрежесін өзінің жауапкершілік алу дәрежесімен өлшейді. Табысты толықтай алмаумен байланысты тәуекел бір басқа, ал шығын шегу тәуекелі — екінші нәрсе, ал меншікті жоғалту қаупі туындайтын тәуекел мүлдем өзге нәрсе екені түсінікті.

Тәуекелмен қатар жүретін шаруашылық жауапкершілік кәсіпкерді алдына тәуекелді жеңіп, оны басқаруды міндеттейді. Кәсіпкер нарықтың тұрлаусыздығын жеңе алмайды, алайда тәуекелді төмендетудің бір тәсілі сақтандыру арқылы төмендете алады. Кәсіпкер тәуекелді сактандырған жағдайда қосымша шығынданады, демек оның келешектегі табысы да, сонымен бірге жаңа бастамаға жасауға ынтасы да төмендейді. Тәуекелден қорғану үшін оны әртараптандыруға, яғни осы тәуекелді басқа адамдармен бөлісуге болады. Капиталдар әр түрлі нысанмен (шаруашылық серіктестік және акционерлік қоғамдар) біріктіріліп кәсіпкерлік тәуекел осылайша әртараптандырылады.

Осы тәсіл тәуекелдің мөлшерін төмендетуге ықпал етсе де (жеке қатысушы шегетін ысыраптың мөлшерін) кәсіпкер табысын кәсіпорынға қатысушылардың арасында бөлуге тиіс болғандықтан, кәсіпкердің пайданы арттыруға деген ынтасын төмендетеді. Тәуекелдің барын біле тұра пайда алуға тырысу мен оның дәрежесін төмендетуге ұмтылыстың арасындағы қарама-қайшылықты тәуекелді басқару жүйесін құрып шешуге болады. Осы жүйенің жалпы түріне тәуекел көзімен оның салдарын анықтау, ықтимал келеңсіз салдарды еңсеру жөніндегі бейімделу іс-шараларын жүргізу кіреді.

Коммерциялық тәуекел — бұл кәсіпкердің жеке ішкі проблемасы емес екенін айтып кеткен жөн. Жалпы экономикада да коммерциялық тәуекелдің маңызы артып отыр. Біріншіден, тәуекелге бас ұру қажет болғандықтан кәсіпкер ең жақсы балама тәсілді іздестіруге мәжбүр болады, ал осының нәтижесінде өндіргіш күштер дамып, өндірістің тиімділігі артады. Екіншіден, тәуекелмен байланысты себеп-салдарға орай қоғам тарапынан кәсіпкерлік қызмет қатысында белгіленген шектеулер мен ережелер қолданылады.

Үйлестіру

Әрбір ресурстың қайтарымдылығын (табыстылығын) арттыру мақсатында жақсы нұсқаларды іздестіру өндіріс факторларын үйлестірумен байланысты. Қолда бар ресурстардың тиімділігін арттырудың ең ықтимал нысаны ретінде олардың балама құндылығы жоғары болуына орай, олар көп табыс әкелетін нарықтарға жылжыту қарастырылады. Осы қызмет төрелік ету деп аталады. Төрелік ету сауда және биржалық қызмет саласында байқалады. Төрелік ету әр түрлі нысанда білінсе де оған жаңа мүмкіндік көзі ретінде тепе-тең нарық жағдайын пайдалану, қосымша табыс алатын көз ретіндегі ресурстарды ұтымды бөлуге тырысу, игіліктерді қайта бөлу арқылы нарықтық тепе-теңдікті орнатуға көмек көрсету тән. Ресурстарды жылжыту — ресурстарды қолданудың тиімділігін арттырудың бір тәсілі ретінде ғана қарастырылады.

Ресурстарды қолданудың тиімділігін арттырудың тағы бір басқа күрделі тәсілі өндіріс факторларының орнын ауыстыру қағидасына негізделген үйлестіру қолданылады. Осы тәсілде бір факторды екіншімен ауыстырып факторларды үйлестірудің ең ұтымды нүсқасы іздестіріледі. Кәсіпкер өндіріс факторларын өзгерте отырып, ресурсты тиімді қолдануға көшуді ғана қамтамасыз етіп қана қоймай, жаңа технологиялар құруда өндірістің ілгері жылжуын қамтамасыз етеді. Индустриялық кезең ауқымында кәсіпкер «орнына қолданылу қағидасын» қолданып табысқа жетуі басты фактор болса, қазір кәсіпкерлік «ұтымдылық рухы» ұғымын білдіреді.

Сөйте тұра ресурстардың «орнына қолдану қағидасымен» салыстырғанда үйлестіру функциясының мағынасы кеңірек. Кәсіпкер баға механизмін (қажетті тауарды сатып алу кәсіпкерліктің жаңашылдық функциясының экономикалық маңызы нарықта шаруашылық жүргізетін бүкіл ортаны өзгерту) әкімшілік механизмге (қажетті құрамдастармен сатылас интеграция негізінде) өзгертіп ресурстарды үйлестіру қагидасын өзгерте алады. Сөйтіп, нарықтьің тұрлаусыздығына жоспарга сәйкес жұмыс істейтін ұйым қарама-қарсы қойылғанда үйлестіру арқылы кәсіпкерлік қызметтің тәсілін өзгертетін құралға айналуы мүмкін. Ресурстарды үйлестіру қағидасының өзгеруімен байланысты осы үйлестіру нысаны нарықтық ортаны қайта құратын фактор ретінде қарастырылады.

Қазіргі тұрлаусыздық жағдайында кәсіпкердің қызметі одан жаңалық енгізуді қажет етуіне байланысты жаңашылдық элемент ретінде кәсіпкерлікке тән қасиетке айналды. Ал осы қасиет кәсіпкерлік қызметте әр түрлі дәрежеде білінуі мүмкін. Сондықтан кәсіпкерлік мәртебеден күнделікті операцияларды орындаумен байланысты қызметтен айырып кәсіпкерлік функцияны тек инновациялық қызметпен байланыстыру қате болады.

Осы қасиетке сипаттама бергенде жаңашылдықтың кэсіпкерлікке тән қасиет ретіндегі мәнін дұрыс түсіну қажет. Адамның инновацияга бейім болуы адамның жеке басының касиеттеріне қанша байланысты болса да жаңашылдықтың мәні басқада. Кәсіпкерлік бастаманы көрсету нысаны ретіндегі жаңашылдық жаңа нәрсені ойлап табуға тырысудан емес осы «жаңаның» арқасында пайда алуға ұмтылыстан туындайтынын ұмытпаған жөн. Өнертапқыш — ол әлі жаңашыл емес. Адам өзін-өзі кәсіпкер, яғни шаруашылық жүргізудің үздік нәтижесі үшін күресетін адам ретінде көрсеткенде ғана жаңашыл болады. Осыған байланысты кәсіпкерлік жаңашылдықтың тағы бір айта кетерлік маңызды сипаттамасына тоқталу қажет. Экономикалық тұрғыдан алғанда жаңашылдық жаңалық немесе жаңа өнім емес техникалық, технологиялық немесе ұйымдастырушылық инновацияны коммерцияландыру. Жаңашылдық — кәсіпкерліктің белгісі ретінде — бұл кәсіпкерлік идеяны коммерциялық ойдағыдай іске асыру. Ол жаңа өнімде, қызметте, технологияда, өндірісті немесе өнім өткізуді ұйымдастыру тәсілінде көріне ме — бұл соншалықты маңызды емес, оның кэсіпкерге белгілі бір бәсекелік артықшылық әкелетіні маңызды болады. Жаңашылдықтың осы анықтамасы кәсіпкерліктің жаңашылдыққа іштей ынталануының себебін жақсы түсіндіреді. Біріншіден, жаңашылдық нарықтағы жағдайды өзіне қолайлы бағытта өзгертуге мүмкіндік бере отырып, нарықтың тұрлаусыздығынан өзін-өзі қорғайды. Екіншіден, жаңашылдық кәсіпкердің жаңалық енгізу арқылы бәсекеден әкетеді, сонымен бірге оның тұрақты бәсекелік артықшылыққа ие болуына ықпал етеді.

Бәсекелестікті кәсіпкерлерді жаңашылдыққа итермелейтін себеп ретінде жеке қарастыру оның экономикалық жүйедегі сыртқы көзге көрінбейтін, алайда ерекше маңызын көрсетуге мүмкіндік береді. Жаңашылдықтың ғылымитехникалық прогресс пен экономикалық өсу факторы екені шүбәсіз факт, сөйтсе де жаңашылдықтың статикалық нарықтық тепе-теңдікті үнемі бұзатын көз екені маңыздырақ.

Кәсіпкерлік адамның нарықтағы өзгерістерді сезіп-білу қабілетіне емес, нарықтағы жағдайды өзгертуге ұмтылыс жасап игілікті еңбегіне негізделуге тиіс. Демек кәсіпкерліктің жаңашылдық функциясы бүкіл шаруашылық жүргізу ортасын өзгертуді мақсат тұтатынын білдіреді.

#Кәсіпкерліктің #экономикалық #мәні #мен #белгілері

Рақмет ретінде жарнаманы баса кетіңіз

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз