Ақша-несиелік реттеудің теориялық негіздері | туралы қазақша
Ақша-несие саясаты — бұл айналыстағы ақша массасын, несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы.
Шаруашылық конъюктурасының жағдайына байланысты ақша-несие саясатының екі типі болады: 1. Рестрикциялық ақша-несие саясаты; 2. Экспанциондық ақша-несие саясаты.
Рестрикциялық ақша-несие саясаты — екінші денгейлі банктердің несиелік операциялар көлемін шектеуге жəне қатаң шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.
Экспанциондық ақша-несие саясаты — несие беру көлемін кеңейтумен, айналыстағы ақша массасының өсуіне бақылаудың, əлсіздігімен жəне сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуімен байланысты шаралар. Соңғы жылдардағы ақша-несие саясатының басты көздеген бағыты: инфляцияны төмендету жəне теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жетуде Ұлттық банк қатаң ақша-несие саясатын жүргізуде. Заңға сəйкес Ұлттық банк мынадай ақша-иесие саясатының негізгі құралдарының көмегімен реттеледі: • сыйақы мөлшерлемелерін белгілеу; • ең төменгі міндетті резервтер нормасын белгілеу; • мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу жəне сатуы бойыншаашық нарықтағы операцияларды жүргізу; • банктерге жəне үкіметке несиелер беру; • валюталық нарықта интервенциялау; • кейбір жағдайларда, несиелік операцияррдың жекелеген түрлерінің деңгейі мен көлеміне тікелей сандық шектеулер енгізу.
Қазіргі уақытта жоғарыда аталған құралдардың ішінде іс жүзінде қолданылып отырғандары: ресми сыйақы мөлшерлемелері, қысқа мерзімді ноталарды эмиссиялау, ашық нарықтағы операциялар.
Ақша эмиссиясын жəне айналымдағы ақша санын Қазақстанның Ұлттық банкі анықтайды жəне жүзеге асырады. Айналымға қажет ақшаны анықтау үшін Фишер теңдеуі қолданылады.
M x V = P x Q,
мұндағы М – ақша, V- ақша айналымы, Р- баға, Q — өндірілген тауар мен қызмет саны.
Фишер теңдеуінен айналымға қажет ақша анықталады: M = P x Q/ V. Ұлттық банк өзінің жүргізетін операциялары бойынша мынадай ресми сыйақы мөлшерлемелерді белгілейді: ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі; ресми есептік (дисконттық) мөлшерлемесі; РЕПО операция- лары бойынша сыйақы мөлшерлемесі; «овернайт» займдары бойынша сыйақы мөлшерлемесі; күндізгі займдар бойынша сыйақы.
Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік ақша-несие саясатын анықтайтын жəне жүзеге асыратын орган болып табылады.Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі ақша-несие саясатының басты мақсаты: үлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді.
Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі – ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция жəне күтілетін инфляция деңгейіне байланысты белгіленеді. Ұлттық банкінің заң актілері, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері негізінде немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Басқармасының жеке қаулылары бойынша жүргізілетін заем операциялары бойынша қолданылады.
Ресми есептік (дисконттық) мөлшерлемесі – ақша нарығының жалпы жағдайына, несиелер бойынша сұраныс пен ұсыныс көлеміне байланысты белгіленеді жəне Ұлттық банктің коммерциялық вексельдерді қайта есепке алу операцияларында қолданылады. Ресми есептік (дисконттық) мөлшерлеме жылдық пайыздық мөлшерлеме болып табылады жəне ол айналыс мерзімі алты айлық вексельдерді қайта есептеуде қолданылады.
Ақша-несие саясатының бұл құралы 1993 жылы 1 қаңтарда енгізілген «Қазақстан Республикасы коммерциялық — кооперативтік жəне жеке РЕПО операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемелері — жылдық пайыздық мөлшерлемелер, ішкі қаржы нарығының жағдайына байланысты белгіленеді жəне мемлекеттік бағалы қағаздармен операциялар жүргізуде қолданылады. РЕПО-ның мақсатты мөлшерлемесінен ауытқу жағдайында ақшалай қаражаттарды орналастыру немесе тарту жолымен РЕПО нарығындағы сыйақы мөлшерлемелерді реттеу арқылы сыйақы мөлшерлемелердің елеулі ауытқуын болдырмау.
«Овернайт» заемдары бойынша сыйақы мөлшерлемесі -Ұлттық банктің екінші деңгейдегі банктерге, олардың Қазақстан Республикасы Ұлттық банкіндегі корреспонденттік шоттары бойынша есеп айырысуды дебеттік қалдықпен аяқтауы барысында бір түнге берілетін заемдары бойынша қолданылады.
Күндізгі заемдар бойынша сыйақы мөлшерлемелері — Ұлттық банктің екінші деңгейдегі банктерге, олардың Қазақстан Республикасы Ұлттық банкіндегі теңгеде ашқан корреспонденттік шоттары бойынша төлем жүргізуге немесе ақшалай аударымдар жасауға қажетті ақша қаражаттары уақытша болмаған не жетіспеген жағдайларда займдар бойынша қолданылады.
Ақшалай нарықтағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуде, банктерге берілетін несиелер көлемін реттеуде, банктің өтімділік деңгейін реттеуде жəне олардың міндеттемелері бойынша төлемсіздікті төмендетуде, сол сияқты банктің салым иелері мен акционерлерінің мүдделерін қорғау мақсатында Ұлттық банк ең төменгі резервтік талаптар тетігін қолданады.
Резервтік талаптар, ашық нарықтағы операциялар жəне пайыз саясатымен қатар коммерциялық банктерді жанама ақшалай-несиелік реттеудің негізгі құралдарының біріне жатады. Қазақстан банк жүйесінің бүгінгі даму жағдайында резервтік талаптар, бір жағынан, сақтандыру институттарының жоқ кезінде, коммерциялық банктердің депозиттерін сақтандыру қызметін, екінші жағынан, экономикадағы ақшалай мультипли-кация үрдісін реттеу қызметтерін атқарады.
Əлемдік тəжірибеде міндетті резервтердің өте жоғары деңгейде болуы, банк жүйесінің қаржы делдалы ретіндегі тиімділігін нашарлатып, ал ең төменгі резервтер нормасының артуы несиелік ресурстардың экономикаға құйылуына тосқауыл болатындығын көрсетеді.
#Ақшанесиелік #реттеудің #теориялық #негіздері
Рақмет ретінде жарнаманы баса кетіңіз