Ақша-несиелік реттеудің мақсаттары | туралы қазақша

0

Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субъектісі Ұлттық банк болып табылады. Ал, ақша-несие саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу объектісіне экономикадағы қолма-қол жəне қолма-қолсыз ақша массасының жиынтығы жатады.

Ақша-несие саясаты — инфляцияға қарсы күреске, ұлттық валюта бағамын қолдауға жəне нарықтың қалыпты жағдайда қызмет етуіне бағытталған мемлекеттің экономикалық саясатының құрамды бөлігі. Ақша-несие саясаты — бұл экономикалық жағдаятты «нəзік қалыпқа түсіретін» құрал. Ақша-несие саясатының негізгі қарастыратын міндеттері, толық жұмыспен қамтамасыз етілуді жəне инфляцияның болмауымен сипатталатын өндірістің жоғары деңгейіне жетудің экономикалық жүйесіне көмектесу болып табылады. Ақша- несие саясатының мақсаттары: — қаржы нарығындағы теңдікті колдау, айналымдағы ақша жиынтығын реттеу мен бақылау; — экономикадағы инфляциялық көріністермен күрес, ұлттық валютаның бағамын реттеу; — экономиканың нақты секторын арзан несие ресурстарымен қамтамасыз ету.

Ақша-несие саясатының негізгі мақсаты инфляцияның төмен қарқынын (6-8 пайыз) қолдау болып табылады. Бұл мақсатқа Ұлттық банкте бар барлық құралдарды пайдалану арқылы ақша базасының деңгейін реттеуді қамтамасыз етумен қол жеткізуге болады. Ақша-несие саясаты ақша айналымын реттеу, қайта қаржыландыру мөлшерін белгілеу, валюталық дəлізді белгілеу жəне т.б. арқылы жургізіледі. Барлық көрсетілген құралдар экономикаға жанама жəне жалпы ықпал көрсетеді, сондықтан бұл құралдарды қолданудың сандық нəтижесі алдын ала баға беруді қиындатады.

Макроэкономикалық дамуда ақшаның рөлін үш макроэкономикалық көзқарасқа бөліп қарастырады. Неоклассикалық мектеп өзін-өзі реттейтін жəне өзін-өзі дамытатын нарықтық экономика туралы көзқараспен байланысты экономикалық үдерістерді мемлекеттік реттеудің қажеттігін теріске шығарды. Неоклассикалық мектеп өкілдерінің пікірі бойынша, ұлттық өндірістің көлемі экономикада бар өндірістік ресурстарға тəуелді болғандықтан, олардың серпіні мен ақшаның нақты деңгейіне ықпал жасауы мүмкін емес. Экономикадағы ақша көлемінің өзгерістері тек ішкі бағаның деңгейіне əсер етуі мүмкін. Мұндай ұстаным, ақшаның атаулы санының үйлесімді өзгерістері тек бағаның абсолюттік деңгейінің үйлесімді өзгерістерін келтіретінін дəлелдеген И.Фишердің теориясында барынша айқын көрінді.

Жоғарыдағылардан қорытындылай отырып, неоклассиктер ақша саясатының тиімсіздігі туралы жəне барлығынан бұрын, балансталған мемлекеттік бюджет пен балансталған төлем балансы жөнінде пайым жасады.

Кейнстік көзқарас. Көрнекті экономист Дж.М.Кейнстің «Жұмыспен қамтамасыз етудің, пайыздың жəне ақшаның жалпы теориясы» (1936 ж.) кітабының шығуымен, жалпы макроэкономикалық саясатқа жəне оның ішінде ақша саясат көзқарасына түбегейлі революция енгізді. Дж.Кейнс экономикалық белсенді жағдайға мемлекеттің ықпалы қажет деп есептеді жəне экономикадағы.

Дж.Кейнс шешуші тұтқа ретінде инвестициялық сұранысты қарастырды, өйткені мультипликациялық əсер арқылы инвестициядағы ауытқулар өндіріс жұмыспен қамтамасыз етілуде үлкен өзгерістер əкеледі. Инвестиция деңгейі негізінен пайыздық мөлшерлемеге байланысты: пайыздың мөлшерлемесінің өсуі инвестиция деңгейін азайтады, яғни өндіріс жəне жұмыспен қамтамасыз ету көлемі төмендейді. Өз кезегінде пайыздық мөлшерлеме ақша жиынтығының деңгейімен анықталады: оның өсуі пайыз мөлшерлемесінің азаюына жəне инвестицияның өсуіне əкеледі жəне керісінше, азаю пайыз мөлшерлемесінің өсуіне жəне инвестицияның төмендеуіне əкеледі. Бұл пайыз мөлшерлемесінің ауытқуы арқылы ақша айналымының жағдайы экономикаға тұтастай күшті əсер етеді. Себепті-салдарлы байланыстың тізбегі мынадай: ақша көлемінің өсуі пайыз мөлшерлемесінің төмендеуіне əкеледі. Бұл инвестицияның өсуіне келтіреді, яғни табыс жəне жұмыспен қамтамасыз етудің өсуіне əкеледі, яғни пайыздық мөлшерлеме — бұл ақша айналымы арқылы экономикаға ықпал ететін басты тұтқа.

Ақша-кредит реттеуі əдісін пайдалана отырып, мемлекет пайыз мөлшерлемесіне əсер ете алады, сол арқылы — жұмыспен толық қамтамасыз етуді жəне экономикалық өсуді қамтамасыз етуді қолдай отырып, инвестиция деңгейіне ықпал ете алады.

Ақшаның сандық монетарлық теориясы. ХХ-ғасырдың 60-жылдарының аяғында барлық айқындалғандардан кейін, кейнсиан теориясының кемшіліктері — оның ішінде: инфляциялық үдерістердің қауіптілігін жете бағаламауы; мемлекеттік шығындардың бюджет тетіктерінің рөлін өсіріп көрсетуі; қаржыландырудың жетіспеуінің нақты əсерін артық бағалауы біліне бастады. Бұл экономикадағы ақша рөлін қайта қарауға жəне монетарлық теорияға оралуға көмектесті. Монетарлық тəрізді экономикалық теорияда белгілі М.Фридмен жəне оның ізбасарлары, ақшаның қазіргі заманғы сандық теориясын əзірледі. Бұл теорияның басты постулаттары:

  • Нарықтық жүйе өзін-өзі реттеу негізіндегі автоматты қабілетке ие, өзін тепе-теңдікке əкеледі. Экономикада пайда болатын қиындықтар сыртқы факторлармен танылады жəне мемлекетгік органдардың қате əрекеттерінің нəтижесі болып табылады. Нарықтық экономиканың өзінде, жеке шаруашылық табиғатында əуелден негізі қаланған, беріктіліктің жеткілікті қоры бар.
  • «Бірде-бір үкімет рыноктен артық дана бола алмайды», сондықтан экономикаға мемлекеттік араласуды шектеу қажет. Осы айтылғандардың пайдасына дəлелдер: а) тендесуді қалыпқа келтіруге ұмтылатын, стихиялы реттеушінің əрекетін шектеуге мемлекеттік араласу; ə) мемлекеттік араласу қысқа мерзімді келешекке бағытталған, ал пайда болған қиындықты шешу үшін уақыт кендігі, уақыт ұзақтығы керек жəне ол тек рыноктың өз күшінен ғана келеді; б) мемлекет сұранысты кұра алады жəне оны басқарады (мемлекеттік шығындар, салықтар, қарыздар жəне т.б. арқылы), ол тауар ұсынысын көбейте алады.
  • Зерттеулер мен тəжірибелік ұсыныстар ауыртпалығының орталығын ақша- кредит операциясының аймағына көшіру. Ақша өзінің барлық көп бейнелілігімен экономикалық үдерістердің стихиялық реттеушісі бола алады. Сонымен бірге ақша жиынтығының айналасына оның мөлшерлері, өсу қарқыны жəне ақша айналымының жылдамдығына назар аудару жинақталады.

#Ақшанесиелік #реттеудің #мақсаттары

Рақмет ретінде жарнаманы баса кетіңіз