Аймақтардың əлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеу туралы қазақша

0

Аймақтардың əлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктерінің сипаты жəне оларды мемлекеттік реттеудің маңызы

Кез келген ел экономикасы үшін аймақтық деңгейде, олардың даму ерекшеліктері негізінде, мемлекеттік реттеудің маңыздылығы өте жоғары. Аталмыш маңыздылықтың басты сипаты ел аймақтарының даму деңгейлерінің əртүрлілігінде болып табылады. Осы негізде мемлекеттің аймақтарға қатысты ұстанымдары мен реттеу механизмдерін қолдану бағыттарының таңдалуы да өзекті мəселе болып табылады.

Республиканың қазіргі экономикалық кеңістігі əлеуметтік, экономи-калық, экологиялық ерекше мəселелермен сипатталатын əр түрлі аймақтарды қамтиды. Осы тұрғыдан алғанда жəне аймақтардың мамандандырылу қағидасына сəйкес республика аймақтарын төрт топқа бөлуге болады. • шаруашылықтарының құрылымы экспортқа бағытталған; • индустриялық дамыған; • агроөнеркəсіптік; • дағдарыстық.

Бірінші топ– стратегиялық сипаттағы минералды ресурстардың айтарлықтай қорларын иеленетін жəне ғылми-өндірістік əлеуетінің қарқынды дамуына жеткілікті мүмкіндігі бар, бірақ ауылдық аумақтарының экономикалық — əлеуметтік артта қалуымен, экологиялық жағдайларының нашар болуымен ерекшеленетін аймақтар. Бұл аймақтарға Қазақстанның экономикасын дағдарыстан шығару жəне тұрақтандырудың рөлі беріледі. Осы аймақ топтары үшін төмендегідей мəселелер кешенін шешуқажет деп атап көрсетуге болады: • минералдық шикізат жəне көмірсутек шикізаттарын кешенді өндірумен өңдеудің жаңа технологияларын енгізу негізінде стратегиялық щикізат түрлеріне бай жерлерді интенсипті игеру; • отандық жəне шетелдік инвесторлар үшін қолайлы инвестициялық климатты анықтайтын жəне əлемдік стандартқа жауап беретін жоғары дамыған өндірістік, əлеуметтік жəне нарықтық инфрақұрлымдарды құру; • ауылдық аумақтарының дамуындағы «жинақталған» күрделі мəселелерді (əлеуметтік, экономикалық, экологиялық, т.б.) шешу. Екінші топқа- ауыр индустрия салаларына нақты маманданған, жоғары техногиялық ғылыми жетістіктер қажетсінетін өнріс құру үшн қолайлы экономикалық жағайлары жəне жоғары ғылми-өндісті əлеуеті бар, негізінен қаржылық ресурыстармен өзін-өзі қамтамасыз ете алатын аймақтар жатады. Бұл аймақтарды дамытуда шешуді талап ететін мəселелер қатарынатөмендегілерді жатқызуға болады: • шетел инвестицияларын тарту жолымен экспорттық əлеуетті қалыптастыру; • жаңа ғылымды қажетсінетін өнімдер шығаруды ұйымдастыру, жаңа технологиялар негізінде құрал-жабдықтар мен машиналар, элоктроника құралдары, автомобиль құрлысы жаңа материялдар, лазер технологиясын дамыту; • нарықтық инфрақұрлымды дамытуды жеделдету.

Үшінші топ — ауыл шаруашылығына маманданған агроөнеркəсіптік кешенді аймақтар. Бұл топтағы аймақтар үшін халықтың жұмысбастылығын қамтамасыз ету жəне жаңа жұмыс орындарын ашу мақсатында ауыл шаруашылығы мен оған сабақтаса дамитын салаларда шағын жəне орта бизнесті дамыту қажет.

Олардың əлеуметтік-экономикалық дамуын тұрақтандыру үшін келесідей мəселелерөз шешімін табуы тиіс: • ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру үшін тимді мамандандыруды жүзеге асыру; • ауыл шаруашылық өнімінің жоғары сапалылығын жəне экспорттық əлеуетінің өсуін қамтамасыз ететіндей өндірістік үрдістерге жаңа технология мен техникаларды енгізу жəне пайдалану; • тұтыну нарығын тепе-тең түрде дамыту мақсатында, тұтыну заттарын өндіретін ауыл шаруашылығының жəне өнеркəсіп салаларының материялдық- техникалық базасын нығайту, міндетті түрде өндірістік жəне əлеуметтік инфрақұрылымдарды құру.

Төртінші топқа — қысылшаң (экстремальды) табиғи-климаттық, əлеуметтік — экономикалық жəне техника — технологиялық жағдайдағы, шаруашылықтың салалық құрлымы ұтымды емес дағдарыстық аймақтар, сонымен қатар экологиялық дағдарысқа ұшыраған аудандар жатады. Бұл аймақтарда жинақталған мəселелерден «арылу» үшін мемелекеттік реттеудің нақты шаралары қажет.

Аймақтағы дағдарыстың нақты белгілері мынадай: өндіріс қарқынының төмендеуі; халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуі (жан басына шаққандағы табыстың төмендігі); жұмысбастылыққа қатысты жағымсыз тенденциялардың етек алуы (жұмыссыздықтың жоғары деңгейі); демографиялық, экологиялық, əлеуметтік қызыметтер көрсету саласындағы мəселелердің күшеюі жəне т.б.

Мемлекеттің аймақтық саясаты белгілі бір кеңістіктегі ұлттық шаруашылықтың теңдігіне қол жеткізу үшін республикалық аймақтардың артықшылығын анықтау негізінде салық-бюджет саясатын қалыптастыру жəне дамыту мақсатында аймақтарды топтарға бөлу шараларының жиынтығы. Экономикалық реформалардың шарттарына жаттығу, əлеуметтік-экономикалық жағдайларды тұрақтандыру процестері сияқты құбылыс-тардың бəрі осы аймақ деңгейінде шешіледі.

Аймақтарды мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаттары болып мыналар саналады: Елдің экономикасын біртұтас шаруашылық кешені ретінде ескере отырып, мемлекеттік деңгейде əрбір аймақтың даму болашағын анықтау; Аймақ ресурстарын (еңбек, жер, су, энергетика) ұтымды пайдалана отырып, əрбір аймақтың экономикасын пропорционалды дамытуды қамтамасыз ету; Аймақтардың əлеуметтік-экономикалық даму деңгейлерін теңестіру; Өндіріс мұқтаждығын ескере отырып, тұрғындары территория бойынша ұтымды орналастыру; Ауыл мен қала арасындағы қарама-қайшылықты азайту; Халықтың жəне экономикалық өмірдің ірі қалаларға шоғырлануы процесін реттеу.

Аймақтық саясат халық шаруашылығы кешеніндегі əрбір аймақтың экономикалық орнын, ерекшеліктерін ескереді. Аймақ деңгейіндегі проблемаларды шешуге, оның ішінде кəсіпкерліктің дамуына, жергілікті өзін- өзі басқарудың дамуына көмектеседі.

Аймақтар экономикасын мемлекеттік реттеу, еліміздің жəне оның жекелеген аймақтарының экономикалық жағдайын қамтамасыз етуге, қойылған мақсаттарға жетуді көздейтін мəселелерді шешуге бағытталуы керек. Ал, аймақтық саясаттың мəні жалпы ұлттық мақсаттарға жету үшін аймақтық дамуды тиімді басқару болып табылады.

Қазақстан үшін аймақтық даму мақсаттары ретінде төмендегілерді атауға болады: Əрбір аймақтағы халықтың тұрмыс жағдайының деңгейін теңестіру; 1. Дағдарыстық аймақтарды құрылымдық қайта құру. Бірінші мақсаттан айырмашылығы теңестіру саясаты жалпы барлық мемелекет үшін жүргізілетіндегімен ерекшелінеді. Дағдарыстық аймақтарды құрылымдық қайта құру тек ірі, жалпы мемлекеттік бағдарлама көмегімен жүзеге асырылады, кейбір аймақтарда аталмыш міндетті орындау үшін қажет ресурстардың жетіспеушілігі болады. Мемлекеттің негізгі функциясы, артта қалған аумақтарды даму деңгейі жоғары аймақтардың деңгейіне жеткізу, бірақ мұндай жағдай да халыққа өз зардабын тигізуі тиіс; 2. Аймақтардың кешенді дамуын жеке аймақтық мақсаттармен ұштастыру; 3. Тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету. 4. Республикамызда соңғы жылдары аймақтық экономикаға, аймақтарды дамытуға, дəлірек айтсақ, республикадағы əрбір аймақтың экономикалық өсуіне, əлеуметтік жағдайына, қаржы жағдайын тұрақтан-дыруға, халықтың əл- ауқатын көтеруге, отандық жəне шетелдік инвестицияларды тарту жəне оны тиімді пайдалануға, өнеркəсіпті, ауыл шаруашылығын, сонымен қатар шағын жəне орта бизнесті дамыту сияқты мəселелерді шешуге айтарлықтай көңіл бөлініп, нақты іс-шаралар кешені жүзеге асырылуда.

Аймақтық экономикада өзекті мəселелердің бірі «проблемалық аймақ» түсінігі жəне оның мемлекеттік реттеудегі маңыздылығы болып табылады. Проблемалық аймақ — бұл өзі əлеуметтік-экономикалық проблемаларын жеке шеше алмайтын немесе жоғары əлеуетін пайдалана алмайтын, сондықтан мемлекет тарапынан белсенді қолдауды талап ететін аймақтар. Проблемалық аймақтар саны жоғары болмауы тиіс, себебі мемлекет тарапынан олардың барлығына бірдей қолдау көрсету тиімсіз болып табылады.

Проблемалық аймақтың негізгі сапалық белгілері: 1. Елдегі əлеуметтік-экономикалық жағдайға, саяси тұрақтылыққа, экологиялық тепе-теңдікке қатерлі қауіп төндіретін ірі проблеманың болуы. 2. Ұлттық экономикаға қажетті ресурстық əлеуеттің болуы (өндіріс-тің, ғылыми-техниканың, еңбек жəне табиғи ресурстар). 3. Елдің стратегиялық қызығушылығында аймақтың геосаяси жəне геоэкологиялық орынының ерекше маңыздылығы. 4. Жалпы ұлттық жəне əлемдік маңызды проблемаларды аймақтың өзі шешуге өзіндік қаржылық ресурстарының жетіспеушілігі.

Проблемалық аймақтар келесідей типтерге жіктеледі: 1. Артта қалған аймақтар. 2. Депрессивтік аймақтар. 3. Күйзелістік аймақтар.

Артта қалған, дамуы төмен аймақтарға елдің негізгі аймақтарымен салыстырғанда ұзақ жылдар бойы тұрғындарының өмір сүру деңгейі төмен болып келген аймақтар жатады. Бұл аймақтардың келесідей өздеріне тəн белгілері бар: 1. Шаруашылық жүргізу белсенділігінің төменділігі. 2. Өнеркəсіптерінің өндірістік құрылымы өзгерістерге икемсіз. 3. Ғылыми-техникалық əлеуеті əлсіз. 4. Даму деңгейі төмен əлеуметтік сферасының болуы.

Бұл топқа жататын бірқатар аймақтарда олардың əлеуметтік-экономикалық жағдайы саяси — этникалық, криминалдық, экологиялық проблемалармен күрделенеді. Артта қалған аймақтарды дамыту үшін күрделі инвестициялауды қажет етеді. Бұл жағдайда мемлекет экономикалық дамуы төмен аймақтарға келесідей көмектер көрсетеді: 1. Өндірістік инфрақұрылымды дамыту. 2. Жеке инвестициялар ағымын үстемелеу. 3. Салықтық жеңілдіктер беру. 4. Жұмыспен қамту шараларын іске асыру.

Бұл аймақтарды дамытудың негізгі жолы — аймақтың өзінің əлеуеті мен бəсекелестік артықшылықтарын пайдалану арқылы өзін-өзі дамытуы. Депрессивтік аймақ бұл – экономикалық-саяси, əлеуметтік-экологиялық жəне басқада негіздері бойынша даму жағдайлары немесе факторлары жұмыстарын тоқтатқан аумақтар. Бұлар депрессиялық жағдайдан өз бетінше шыға алмайды. Сондықтан келешекте мемлекет аумағында саяси əлеуметтік экологиялық қатерлер аумағына айналмауы үшін мемлекет көмек береді.

Кризистік күйзелістік аймақтар – бұл өндіріс көлемі өте төмен, экологиялық жағынан апатты, ал əлеуметтік жағынан өте төмен аймақтар болып табылады. Сонымен қатар, əртүрлі ғылыми аймақтық институттардың мамандары көптеген аймақтарды жіктеуді ойлап тапқан. Олардың ішінде өте жиі қолданылатыны өндіргіш күштерді зерттеу кеңесінің ұсынылған əдістері. Аймақтарды жіктеу əдісі негізгі 3 өлшемді қолданады: 1. Аймақтардың əлеуметтік-экономикалық даму деңгейі. 2. Даму динамикасы. 3. Табиғи географиялық жағдайлары.

Аймақтар дамуының қазіргі жағдайын саралау олардың дамуының экономикалық қауіпсіздігін бағалауды қажет етеді. Аймақтың экономикалық қауіпсіздігі − аймақ экономикасының оның дамуының əлеуметтік- экономикалық жəне қоғамдық саяси тұрақтылығын қамтамасыз етуге қабілеттілігі, халықтың өмір сүру сапасын жоғары əлеуметтік стандарттар деңгейіне жеткізу, табиғат ресурстарын ұтымды пайдалана отырып, ішкі жəне сыртқы қауіптердің ықпалына қарсы тұру.

Аймақтардың саралануының күшеюі жалпы аймақтық өнім сияқты қөрсеткіштер динамикасынан көрінеді. Аймақтық дамудың саралануына байланысты, экономикалық қауіпсіздік факторлары əрбір аймақ деңгейінде өзінің аймақтық ерекшеліктеріне ие болады.

Макроэкономикалық саясаттың құрамдас бөлігі бола отырып, аймақтық саясат əрбір аймақтың экоомикасының тиімділігі мен бəсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы экономиканың тиімділігін көтеруді өзінің басты мақсаты етіп қояды. Қойылған мақсатқа жету үшін, əрине, міндеттердің қойылуы шарт. Олардың қатарына: мемлекет пен жекелеген аумақтардың мүдделерін үйлестіру, аумақтық дамудың əрекетті механизмін жасақтау, сонымен қатар аймақтың ресурстық, ғылыми, еңбек əлеуетін барынша пайдалану жатады.

Мемлекеттегі əрбір аймақ өзімен- өзі жеке дами алмайды, өйткені басқа аймақтардың дамуына зиянын тигізбес үшін оның ерекшеліктері де ескерілуі керек. Сондықтан да экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесіндегі аймақтық саясаттың маңызы ерекше. Мемлекет əрбір аймақ үшін бағдарлама дайындап, сол бойынша əрбір аймақ өзінің даму бағытын жүзеге асырады. Мемлекет аймақтық саясатты қалыптастыру үшін еліміздің территориясы бойынша себептерді көрсету қажет. Оларға жататындар: — еліміз аймақтарының табиғи-климаттық жағдайының айырмашы-лығы; — аймақтың өнімділігін анықтайтын табиғи ресурстарды пайдалану бағыты, саласы жəне ауқымы. Бұл фактор тек ауылшаруашылық, сондай-ақ пайдалы қазбаларды игеру ғана емес, өнеркəсіпті орналастыру жағдайына жəне халықтың өмір сүру жағдайын ұйымдастыруға да əсер етеді; — аймақтың оналасуының «күрделі» жағдайы, соның əсерінен шығындар артып, бағаның өсуі туындайды. Бұл аймақтың көлік жəне байланыс қызметтерінің дұрыс дамымауына, оның экономикалық даму деңгейіне ықпал етеді; — инновация енгізу жағынан артта қалуы, өндірістің ескі құрылымы; — елдің экономикалық даму тенденциясы; — тауар өндірісіне əсер ететін технологиялық даму сатысы; — институционалдық фактор: жалпы жəне аймақтық саясаттың нысандары, саяси жағдайы, аймақтың даму тарихы жəне т.б.; — орналастырудың физикалық факторлары: аэропорт, көлік жүйесі, өндірістік алаңдардың бар болуы немесе жоқ болуы, байланыс жүйелерімен қамтамасыз етілуі, өдірістік инфрақұрылым; — əлеуметтік-мəдени факторлар: урбанизация деңгейі, халықтың білім деңгейі, ғылыми орталықтардың бар болуы жəне т.б.; — орталықпен жүргізілетін макроэкономикалық саясатта аймақтық ерекшеліктердің есепке алынбауы; — орталық пен аймақтар арасындағы өкілеттіліктер мен міндеттерді жіктеу үрдісінің толықтай аяқталмауы.

Аймақтық дамуды қаржылық-экономикалық реттеу тəжірибеде байқалған жəне кеңінен таралған реттеу нысандары мен əдістерін қолдануды білдіреді. Бұл: жоспарлау, болжамдау, қаржы-несие жəне бюджет-салық жүйесі. Аймақтық саясаттың қалыптасуы келесідей үш түрге жіктеледі: 1) Мемлекеттің аймақтық саясаттын қалыптастыруда түрлі аудандар халқының өмір сүру деңгейі мен сапасын теңестіру мүдделерінің іргелі маңызы бар. Осы мүдделер қазіргі жағдайда бірінші орында тұр, өйткені тұрғындар тығыздығы (адам/км²), қалалық жəне ауылдық турғындардың арақатынасы, олардың кірістің 1 жанға шаққандағы деңгейі, тұтыну бағаларының индексі, жұмыссыздардың саны мен жұмыссыздық деңгейі, индустриалды деңгейі жəне т.б. көрсеткіштерге байланысты Қазақстанның аймақтық- əкімшілік аудандары бір-бірінен өзгеше. 2) Аймақтық саясатты қалыптасырудың маңызды негіздерінің бірі елдегі өндіргіш күштерді дамыту мен орналастыруды тиімділеудің объективті қажеттілігі. 3) Мемлекеттің аймақтық-экономикалық саясатын қалыптастырудың анықтаушы факторы ретінде республикадағы тоқырап қалған ауылшаруашылығы аудандарын, шағын жəне орташа қалаларын айтуға болады. Олардың тоқырап қалу себебі көбінесе субъективті факторларға байланысты. Əсіресе, осындай көптеген қалалар мен аудандардың пайда болуына себеп болған негізгі фактор – ол үкімет жүргізген «Жедел жекешелендіру» саясаты.

Мемлекеттің аймақтық саясаты келесідей талаптар негізінде жүзеге асырылады: • Үкіметтік ортамен аймақтардың өзара жұмыс істеуінің жалпы ережелері; • «Үкіметтік орта — аймақ» жүйесіндегі жанжалдарды болдырмау; • Аймақтардың əлеуметтік-экономикалық дамуының ресурстық базасын қалыптастыру; • Аймақтарды статус бойынша бөлу (еркін экономикалық зоналар, депрессивті аудандар, экологиясы нашар зоналар жəне т.б.); • Аймақ ішіндегі əлеуметтік жəне қоғамдық жанжалдарғабақылау жасау; • Кешенді даму болжамы жəне өндіріс күшін бөлу.

Аймақтық дамуды мемлекеттік реттеудің сипаты мен бағыттары

Аймақтық дамуды мемлекеттік реттеу дегеніміз – бұл халықтың өмір сүру сапасын жақсарту мен деңгейін көтеру мақсатында барлық аймақтық жүйені толық тұрақты жəне теңдікті сақтай қызмет жасауын қамтамасыз ететін арнайы ұйымдастырылған іс-əрекеттер.

Мұндай іс-əрекеттер əр деңгейде атқарылады: жергілікті жерлерде өзін-өзі басқару түрінде іске асса, аймақтарда ірі аумақтық бірліктің қызығушылығын қорғайтын арнайы органдармен іске асырылады, ал мемлекет деңгейінде жалпы мемлекеттік реттеу жүреді. Əр деңгейде зерттеу нысандары мен субъектілері өзгеріп отырады. Бірақ идеология барлық деңгейде бір қалыпты болады. Яғни барлық деңгейде іс əрекеттер əлеуметтік бағытта болып тұрақтылық пен тепе- теңдікті қамтамасыз етеді.

Аймақтардың дамуын реттеу нақты реттеу теорияларына, мазмұнына негіздеме тиімді болады. Өйткені реттеудің мазмұнын нақты саяси, ұйымдастырушылық, қаржылық, экономикалық, құқықтық жəне басқада əрекеттер құрайды.

Аймақтық дамуды мемлекеттік реттеудің құрылымын келесідей нақты əрекеттер құрайды: 1. Тікелей жəне жанама əрекеттер; 2. Айқын жəне айқын емес əрекеттер; 3. Жалпыға ортақ жəне жеке селективті əрекеттер.

Бұл əрекеттер міндетті түрде бір бағытта болмайды жəне оларды орынды пайдаланбаған жағдайда бірінің тиімділігін екіншісі кемітеді. Аумақтық дамудың мемлекеттік реттеу нысандары мен субъектілерін ажыратады. Реттеу нысандарына нақты кəсіпорындар, ұйымдар, өндірістер жатады.

Реттеу субъектілеріне жеке жəне заңды тұлғалар жатады. Мұнда орталық субъект жұбы географиялық орналасуды сипаттайды. Ал нақты орталық қаралып отырған қатынастардың кем дегенде үш субъектісімен ашылады. Олар: 1. ҚР Президенті – ол əр түрлі тапсырыстар беріп заңдар шығарады. 2. ҚР Үкіметі жəне оның министрлері – олар тиесілі шешімдер қабылдап белгілі бір қаржылық ресурстарды бөліп нормативтік актілерді іске асырады. 3. Жергілікті атқарушы органдар.

Аймақтық дамуды көбінесе мемлекеттің жеке аумақтарға селективтік көмек көрсетуі арқылы іске асырылады. Көмек көрсетуді қолдау дегеніміз — мемлекеттің билік органдарымен арнайы ұйымдастырылатын саяси құқықтық əлеуметтік қаржылық экономикалық жəне басқада іс-əрекеттері.

Мемлекеттік қолдаудың келесідей мақсаттары бар: 1. Объективті себептерден өздері өздерін дамыта алмайтын аумақтардың дамуына жағдай жасау дамытуды үстемелеу; 2. Жеке аймақтардың халықтары əлеуметтік жағына көшіп қонуын үстемелеу жəне ресурсты бағытты миграция; 3. Мемлекеттік тұрғыдан маңызды əлеуеттік өсу нүктелерін құруға жəне қызмет етуге қолайлы жағдайлар жасау; 4. Жеке аймақтардың мемлекеттік қызметтерін атқаруды қамтамасыз ету; 5. Ерекше саяси жəне геосаяси маңызды аймақтарда арнайы ұйымдастырушылық құқықтық тəртіптерді құрып оларды қолдау; 6. Апатты зоналардың құрылымына оперативті іс-əрекеттер жүргізу. Аймақтық дамудың мемлекеттік реттеу моделі келесідей 4 блоктан тұрады: 1. Қалыптастыру блогы – мұнда реттеудің құқықтық актілерімен қамтамасыз етілуі, ақпараттық талдауды іске асырады. Негізгі мақсаты белгіленген іс əрəкеттер негізінде жəне заңдық күш беру; 2. Ресурстық блок – қаржы табиғи ресурстармен қамту; 3. Іске асыру блогы – қабылданған мақсаттарды іске асыру; 4. Бақылау блогы – іске асырылған жұмыстарға бақылау жасау.

#Аймақтардың #əлеуметтікэкономикалық #дамуын #мемлекеттік #реттеу

Рақмет ретінде жарнаманы баса кетіңіз