Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету | туралы қазақша

0
3
Advertisement

Қазіргі əлемнің сипатты ерекшелігіне интеграциялану мен жаһандану, өзара əркет пен өзара тəуелділік үрдістері жатады. Ешбір мемлекет жеке дара өзге елдермен байланыссыз, əлемдік шаруашылық бірліктерінен оқшауланған күйде дами алмайды.

Жаһандану жағдайындағы əлемдік шаруашылық жүйесінде халық-аралық сауда алдыңғы қатарлы маңыздылыққа ие болып отыр. Елдің халықаралық саудаға қатысуы, сыртқы сауда операцияларын жəне дербес сыртқы сауда саясатын жүргізуі – елдер арасындағы халықаралық экономикалық қатынастардың маңызды бөлігі болып табылады.

Кеден одағы мүше болуға байланысты ауыл шаруашылық нарығына ену мен отандық өнімдерді қорғау мəселелері Қазақстан үшін анағұрлым өзекті болып табылады. Қазақстандық тауарлардың бəсекеге қабілеттілігі мен сапасы төмен, ал елдің ауыл шаруашылығы көртеген себептерге байланысты дағдарысты жағдайды бастан кешуде: ауыл шаруашылығына жеткілікті көлемде инвестициялар тартылмайды, материалдық-техникалық базаның ескіруі, отын- жанармай өнімдерінің қымбаттылғы.

Кеден одағының артықшылықтарын атап өтетін болсақ, біріншіден, бірыңғай кедендік аумақ құру арқылы түрлі бағыттағы ынтымақтастыққа жол ашылады, ең бастысы бірлескен өндіріс орындарын ашу арқылы одаққа мүше елдердің индустрияландыру саясатына ықпал етуге болады. Сыртқы тауарлар экспанциясынан бірлесіп қорғануға мүмкіндік туады. Сонымен қатар, Кеден одағына мүше елдер бір-бірімен сауда-саттық жасасқанда шекарадан кесіп өтер кезде төленетін кедендік алым-төлемдерден босатылып, қағазбасты-лықтан құтылады. Үш елдің бүгінгі таңда 2 трлн. долларға бағаланып отырған бірыңғай нарығы бұдан да кеңейе түседі. Бұл өз кезегінде инвестициялық тартымдылығымызды арттыратын көрінеді. Ең бастысы, үш елдің халқы үшін тұтынатын өнімдер ассортименті кеңейеді. Үш елдің арасында бəсекелестік орнайды, бұл өз кезегінде сапаның артуына, тауар мен өнімнің қолжетімділігіне жол ашады. Үш мемлекеттің транзиттік əлеуетін тиімді пайдалануға мүмкіндік туып, кірісімізді арттырады. Ал кəсіпкер-леріміз өз өнімдерін халықаралық нарыққа шығаруда жаңа мүмкіндіктер мен жеңілдіктерге ие болады.

Ұлттық экономиканың дамуының қазіргі кезеңінде Қазақстанның азық- түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен елдің азық-түлік тəуелсізідігін сақтау өзекті мəселеге айналып отыр. Осы мəселелерді шешу тек азық-түлікпен өзін- өзі қамтамасыз ету мүмкін болатындай АӨК-нің даму деңгейіне қол жеткізу қажет.

«Агроөнеркəсіптік кешенді жəне ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің мынадай өлшемдері мен негізгі бағыттары белгіленген: — азық-түлік тауарларына нақты қолжетімділік; — азық-түлік тауарларына экономикалық қолжетімділік; — тағамдық өнім қауіпсіздігінің кепілдігі. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі бағыттары мынадай: — ішкі аграрлық азық-түлік нарығын молықтыру үшін, оның ішінде отандық ауыл шаруашылығы өнімі мен оның тереңдете қайта өңделген өнімдерін өндірушілерді қолдау арқылы молықтыру үшін қажетті жағдайлар жасау; — азық-түліктің ішкі ресурстарына қатысты азық-түлік қауіпсіздігі жай- күйінің мониторингі; — азық-түлік тауарларына сұраныс пен ұсынысты болжау; — тамақ өнімінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету; — орталық атқарушы органдар мен жергілікті өкілді жəне атқарушы органдардың агроөнеркəсіптік кешен субъектілерімен өзара іс қимылы. Заңда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыру былайша белгіленген: — азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру жəне пайдалану қағидаларына сəйкес азық-түлiк тауарлары-ның өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру жəне пайдалану; — Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасына сəйкес мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру; — азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейінің мониторингі; — азық-түлiк тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларына генетикалық түрлендiрiлген тамақ өнiмдерінің, құрамында генетикалық түрлендiрiлген организмдер бар азық-түлiк тауарларының сатып алынуын болғызбау арқылы қамтамасыз етiледi.

Елдің азық-түлік қауіпсіздігінің жүйесіне үнемі оның жалпы тұрақты- лығын төмендететін əр түрлі факторлар əсер етеді. Азық-түлік қауіпсіздігінің қауіп-қатерлері дегеніміз – өмірдің ең басты ресурстары болып табылатын тамақ өнімдерінің төмендеуі, болмауы немесе бұзылуы, сондай-ақ оның сапасының яғни оның энергетикалық қасиеттерінің нашарлауын білдіреді.

Сондықтан, азық-түліктің негізгі стратегиялық түрлері бойынша оның ұсыныс көлеміне, қоры мен бағаға жиі (ай сайын) маркетингтік талдау жүргізу жəне азық-түлік таурларының экспорты мен импорты бойынша шаралар əзірлеу ұсынылады. Қажет болған жағдайда азық-түлік импортын үлестеуді қолдану қажет.

Шеттен əкелінетін тауарлардың орнын басу мен отандық өнімнің бəсекеге қабілеттігін арттыру бағдарламаларын қолдану қажет, əсіресе жеміс-жидек өнімдері мен өсімдік майы өндірісіне қатысты. Экспортер елдердің субсидияларын қолдану арқылы тауарды импорттау кезінде өтеу баждарын ендіру қажет жəне түскен қаражатты отандық өндірістің дамуына жұмсау керек. Бірінші кезекте, аталмыш шара құс еті мен жұмсақ сортты майларды импорттауда қолдауға болады. Импорттық операцияларды жүргізетін субъектілер өздерінің қызметіне еш жауапкершілікпен қарамайды, сондықтан нарық төмен сортты жалған, кей жағдайларда денсаулыққа зиянды тауарлармен толығып отыр.

Азық-түліктің сапалылығын сақтау үшін отандық тағам өнімдері мен азық- түлік шикізаттарын өндірушілер мен өзге де жеткізушілердің орындауы міндетті болатын мемлекеттік қауіпсіздік стандарттары түрінде қазақстан нарығына сапасыз импорттардың əкелінуіне тосқауылдар қою қажет.

Базарларда бақылау жүргізу үшін санитарлы-экологиялық пунктер мен əрбір кеден пунктерінде импорттық азық-түлікті тескеру үшін экспресс- лабораториялар ұйымдастыру арқылы азық-түліктің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау жүйесін құру қажет. Сатушыға тек бақылау зерттеуінен жəне тауардың əрбір партиясына сəйкес сертификаттар алғаннан кейін ғана импорттық өнімді сатуға құқық беріледі.

Осылайша, импорттың орнын басу жəне нарық сыйымдылығының отандық өнімдерге толуының өсуіне жағдай туады жəне отандық тауар өндірушілер дамуға қосымша серпін алады. Ауыл шаруашылық өнімінің экспортын ынталандыру мақсатында экспорттық субсидияларды қолдану қажет. Экспорттық субсидияларды оған əлемдік бағаның құбылу жиілігі мен деңгейіне жəне транспорттық қызметтің құнына байланысты кезең-кезеңмен белгілену тиіс. Олар тауарды жөнелткеннен кейін жəне барлық кедендік нысандарды (экспортта қолданылады, бірінші кезекті бидай жəне бидай өнімдеріне ) орындағаннан кейін төленеді. Бұл өткізу нарығын кеңейтуге мүмкіндік береді жəне қазақстандық бидайдың бəсекеге қабілеттілігін көтереді.

Қорыта келгенде, ауылды өркендету мəселесінде, ауыл шаруашылығы экономикасының дамуы үшін ауылдағы дамыған өндірісі жəне орныққан меншік қатынастары, жер телімдерін кепілдікке қойып, тиімді несие тəжірибесі орнығатын жеке меншік жағдайына, өз техникалық паркі жəне жөндеу базасы бар шаруашылықтар жағдайына, өнімді өңдеу, жарнамалау жəне сата білу жөніндегі осы заманғы маркетинг жағдайына келіп жеттік. Ауыл шаруашығы жерін жекешелендіруге қатысты соңғы шешімдер инвестициялар тарту жəне ауыл шаруашылығын жеделдете дамыту жолындағы соңғы тосқауылдарды алып тастады.

#Азықтүлік #қауіпсіздігін #қамтамасыз #ету

Рақмет ретінде жарнаманы баса кетіңіз

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз