Жергілікті өзін-өзі басқару институттары | туралы қазақша

0

Жергілікті өзін-өзі басқаруды конституциялық құрылыстың бір негізі, қоғам мен мемлекетте билікті ұйымдастыру жəне жүзеге асырудың конституциялық принципі ретінде мойындау жекелеген басқару жүйесін орнатуды болжайды. Жергілікті өзін-өзі басқару ел конституциясымен мойындалған кезде, біз мына институттарды мойындауға тиіспіз:

1) жергілікті өзін-өзі басқару азаматтық қоғамның дербес институты ретінде, халық билігінің маңызды нысаны; 2) жергілікті өзін-өзі басқару негіздері, оның аясында институттың келесі тармақтарын белгілеуге болады — жергілікті өзін-өзі басқарудың құқықтық, аймақтық, экономикалық, қаржы негіздері; 3) жергілікті өзін-өзі басқарудың институтар бөлініп шығатын формалары – азаматтардың тікелей ерік қалау формасы (жергілікті референдум, муниципалдық сайлау, азаматтардың жиналыстары (жиындар) жəне басқалар), өкілдік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқарудың бас органдарына, жəне басқа да органдар мен муниципалды білім жарғысына сəйкес құрылатын лауазымды тұлғаларға бөлінетін жергілікті өзін-өзі басқару органдары; 4) меншікті өкілеттіліктер, яғни жергілікті мəндегі мəселелер жəне жергілікті өзін-өзі басқаруға берілетін жеке мемлекеттік өкілеттіліктер ге бөлінетін жергілікті өзін-өзі басқарудың басқару жəне өкілеттіліктерінің мəні; 5) жергілікті өзін-өзі басқарудың кепілдігі; 6) жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен лауазымды тұлғаларының жауапкершілігі (Ковешников Е.М. Муниципальное право. — М.: Издательство НОРМА — ИНФРА, 2002).

Жергілікті өзін-өзі басқаруды азаматтық көзқараспен қарастырудың маңызы жоғары, себебі:

  • жергілікті өзін-өзі басқару – жария биліктің түрі;
  • жергілікті өзін-өзі басқару – азаматтық қоғамның институты.

Жергілікті өзін-өзі басқару – бұл, əрине, билік, бірақ «бұл өте айрықша түрдегі билік – халыққа жеке өзін-өзі танытуға əлдеқайда үлкен мүмкіндіктер берілген билік, оның ұйымдастырушылық нысандарын анықтайтын мемлекеттік деңгейдегі қатал нормативтер жоқ, аталған муниципалдық құрылымның, берілген аумақтың нақты мəселелеріне бейімделуге тиіс билік (Бажинов М.А. Гражданское общество и местное самоуправление: опыт концептуального анализа // Вестник Московского университета. Серия 12. Политические науки, 2002).

Қазіргі заманғы демократиялық мемлекет тұрғысынан алғанда, жергілікті өзін-өзі басқарудағы қажеттілік мыналардан байқалады: Біріншіден, жергілікті өзін-өзі басқару мемлекеттік басқаруды оңтайландыру тəсілі, құралы ретінде керек. Шешімдерді орталықсыздандыру – басқару қызметінің тиімділігін арттырудың маңызды тəсілі болып табылады. Екіншіден, жергілікті өзін-өзі басқару азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асырудың бір формасы ретінде қажет (В.И Васильев. Местное самоуправление. Учебное и научно-практическое пособие/– М.: Издание г-на Тихомирова М.Ю. — 1999).

Демократиялық басқаруды орталықсыздандыруды қамтамасыз ете отырып, жергілікті өзін-өзі басқарухалық билігі институтын білдіреді. Қазіргі заманғы демократиялық мемлекет үшін жергілікті өзін-өзі басқарудың эталондық анықтамасы жергілікті өзін-өзі басқарудың Еуропалық Хартиясында бар. Аталған Хартияның 3-бабына сəйкес, «Жергілікті өзін-өзі басқару деп жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жария істердің маңызды бөлігін регламенттеу жəне оны заң шеңберінде əрекет ете отырып, өз жауапкершілігі мен жергілікті халық мүддесінде басқару».

Жергілікті өзін-өзі басқарудың мəндік сипаттарын егжей-тегжейлі қарау қарсаңында мынаны атап өткен маңызды, олардың мемлекетте қалыптасуы Қазақстанның шаруашылық етудің нарықтық тетіктеріне өту үдерісімен тікелей байланысты. Қазақстан Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы, ол Мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясы – ТМД-ға қатысушыларының оныншы пленарлық отырысында «Жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдарының жалпы қағидаттары туралы» Үлгілік заңын қабылдады, ол бойынша «жергілікті өзін-өзі басқару деп муниципалдық құрылым халқының конституцияға жəне мемлекеттің заңдарына сəйкес жергілікті маңызы бар мəселелерді шешу жөніндегі қызметті тəуелсіз жəне өзінің жауапкершілігімен жүзеге асыратын халық билігінің іске асу формасы ұғынылады».Билік органдары тек нарықтық жағдайларда ғана кең ауқымды экономикалық тəуелсіздікке жəне өзінің күшімен жергілікті өмірдің көптеген мəселелерін шешу мүмкіндігіне ие болады.

Жергілікті өзін-өзі басқарудың мəндік үлгісі бізге жергілікті өзін-өзі басқарудың мемлекеттің басқару жүйесіндегі орнын елестетуге, жергілікті өзін- өзі басқарудың ұйымдастырушылық құрылымына терең үңілуге мүмкіндік береді, мұнымен қатар біз барлық жергілікті өзін-өзі басқарудың барлық жүйесінің негізгі элементтерін елестете аламыз. Жергілікті басқару қалыпты жұмыс істеуі үшін жалпы тиімді «жергілікті өзін-өзі басқару» болуы қажет, оның сəйкес əкімшілік-аумақтық бірліктің халқымен сайланатын жəне аса маңызды мəселелерді қабылдайтын өкілдік органнан жəне жедел басқаруды орындауға тартылған, бұл ретте оған кейбір жалпы мемлекеттік қызметтер де жүктеле алатын атқарушы органнан тұратын ұйымдық құрылымы болады. Орындарды атқарушы органды қалыптастырудың, əдетте, бірнеше тəсілі бар. Биліктік өкілдік органы болуы билікті осы деңгейде бөлу қағидатын бағамдайды. Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін бұлай елестету оның қоғамдық өмірді басқаруға, бағыттауға, ұйымдастыруға жəне реттеуге танылған басқарушылық сипатын аңғартады. Жергілікті өзін-өзі басқарудың мəнін ұғыну үшін қағидаттарды, қызметтерді жəне міндеттерді анықтау қажет.

бастапқы бастаулар, жергілікті өзін-өзі басқарудың ұйымдары мен қызметі осылармен сəйкестікте қалыптасады. Жергілікті өзін-өзі басқарудың қызметтері мен міндеттері қағидаттармен тығыз байланысты болады. 5-суретте Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқарудың қалыптасу мен даму тұжырымдамасынан (2002 ж.) шығатын жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі ұғымына негіз болуы тиісті жергілікті өзін-өзі басқарудың қағидаттарын келесідей жүйелеу ұсынылған.

Қорытынды:

Басқаруды адамдар өздерінің өмір тіршіліктерін дербес реттестіру үшін құрды жəне олардың қажеттіліктерін мен мүдделерін қамтамасыз етеді. Мемлекеттік басқару – адамдардың қоғамдық өміріне мемлекеттің оны реттестіру, сақтау немесе түрлендіру мақсатындағы практикалық, ұйымдастырушылық жəне реттеуші ықпалы, оның билік күшіне сүйенеді. Жергілікті мемлекеттік басқару мемлекеттік басқарудың мемлекет ішінде белгілі аумақтармен шектелген бөлігі болып табылады. Жергілікті өзін-өзі басқару — жергілікті аумақтық бірлік халқының өзінің жергілікті маңызы бар мəселелерді дербес шешуді қамтамасыз ететін қызметі.

Бақылау сұрақтары

1. Ғылым жүйесіндегі мемлекеттік басқарудың орны
2. Жергілікті өзін-өзі басқарудың нысандары мен тəсілдерінің эволюциясы
3. Жергілікті қоғамдастық туралы теориялық ойдың даму бағыттары
4. Жергілікті өзін-өзі басқарудың үш позициясы
5. Жергілікті өзін-өзі басқарудың экономикалық негіздері

#Жергілікті #өзінөзі #басқару #институттары

Рақмет ретінде жарнаманы баса кетіңіз