Жергілікті өзін-өзі басқарудың Еуропалық Хартиясының мəні туралы қазақша

0
28

Европа кеңесі 1985 жылдың 15 қазанында өзін-өзі басқарудың Еуропалық Хартиясын қабылдады, онда «өзін-өзі басқару деп өзін-өзі басқару органдарының мемлекеттік істердің басым бөлігін регламенттеу жəне өз жауапкершілігімен жергілікті халықтың мүддесіне қарай Заң аясында əрекет ете отырып, оны басқару құқығы мен нақты қабілеттілігі ұғынылады».

Бұл құқық еркін, жасырын, тең, тікелей жəне жалпыға бірдей дауыс беру арқылы сайланған мүшелерінен құралған кеңестер мен жиналыстармен жүзеге асырылады. Кеңестер немесе жиналыстардың есеп беруге тиіс атқарушы органдары болуы мүмкін. Бұл ереже азаматтардың жиналыстарға, референдумға немесе заңмен жол берілген кез келген нысанда азаматтардың тікелей қатысу үшін қайырылуды шектемейді.

Хартияның бастапқы ережелері мыналарды көздейді: — жергілікті өзін-өзі басқару демократиялық негізде қоғамның құрылуына, тиімді басқару жүйесін жасауға жəне билікті жекелеуге салынған негізгі үлесі болып табылады; — міндетті күші жоқ жəне оның нақты қалыптасыуына құралдармен нығайтылмаған жергілікті өзін-өзі басқару принциптерінің декларациясы оның өзіне қауіпті болып табылады; — жергілікті өзін-өзі басқару органдары демократиялық өкілдік негізінде сайлануы жəне кең автономиясы бар болуға тиіс.

Хартияның негізгі принциптері: — жергілікті өзін-өзі басқаруды, құзыреті мен қаржы-экономикалық кепілдіктерді қамтамасыз етуді тануға қатысты жергілікті өзін-өзі басқарудың конституциялық жəне заңнамалық негіздері бар болуға тиіс; — жергілікті деңгейде əрбір тиісті функцияларды орындау жүзеге асатындығын есепке алғанда жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілеттік аясы кеңейтілуі тиіс; — жергілікті өзін-өзі басқару органдары өз құзыреті шегінде дербес жəне олардың мемлекеттік билік органдарына тікелей тəуелділігі жоқ. — жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қаржы қаражаттары конституция немесе заңмен берілген өкілеттіктермен шамалас болуы тиіс; — мемлекеттік билік тарапынан жергілікті өзін-өзі басқару органдарына əкімшілік бақылау конституция немесе заңмен қарастырылған нысандарда жəне жағдайларда ғана жүзеге асырылуы мүмкін жəне заңдылық пен конституциялық принциптерін сақтауды қамтамасыз етуі тиіс; — жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өз өкілеттерін жүзеге асыру жəне ел конституциясы немесе заңнамасымен белгіленген жергілікті өзін-өзі басқару принциптерін сақтау үшін сот қорғауына құқы болуы тиіс; — ресми мəлімделген емес, ал нақты жергілікті өзін-өзі басқару жергілікті билік органдарымен атқарылатын міндеттер сипатымен тығыз байланысты.

Европа Кеңесінің мүше-елдері Хартияға қол қою барысында «…Еуропа елдерінде жергілікті өзін-өзі басқару институтын қорғау жəне нығайту Еуропаны билікті демократияландыру жəне орталықсыздандыру қағидаттары негізінде құруға маңызды үлес екенін» мойындайды жəне «мұның демократиялық жолмен құрылған құрылымы мен шешім қабылдау механизмі мен өз міндеттерін, осы міндеттерді орындау əдістері мен тəсілдерін анықтау жəне осыны орындауға қажетті қаражат мөлшерін анықтау мəселелерінде аса кең автономияға ие жергілікті билік органдарының болуын тұспалдайтынына» сенім білдіреді.

Осылайша, жергілікті өзін-өзі басқару деп жергілікті мəні бар мəселелерді дербес жəне өзінің жауапкершілігімен шешу үшін жергілікті қоғамдастық халқының қызметін ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылатын халық билігінің іске асу формасы ұғынылады. Жергілікті қоғамдастық тікелей немесе олардың сайлайтын өкілдері – жергілікті өзін-өзі басқарудың алқалық органдары мен сайланбалы лауазымды тұлғалары арқылы жергілікті маңызы бар барлық мəселелерді шешуге құқылы.

Жергілікті қоғамдастықтар географиялық жəне əлеуметтік жағдайы, тарихи эволюциясы, экономикалық факторларға қарай көлемі жағынан ерекшеленеді. Мұндай жергілікті қоғамдастықтар көбіне ауыл, мекен, қауым ауданның бңр бөлігі, ал аудан – аймақтың бөлігі жəне т.б. болатын əр түрлі деңгейде болады. Ірі қалалар да, əдетте, сондай тəуелсіз бірлік болып табылады, өзінің қалалық аудандары бола алады.

Демек, қоғамдастық көлемі жағынан ерекшеленгенімен, басқарудың əрбір деңгейінде болады. Олардың бəрі демократиялық негізде басқарудың жеке бірліктері ретінде заңдылық құқығына ие. Жоспарлы экономика кезінде мұндай құрылым иерархиялық сипатқа ие болды. Билік органдарының батыстық үлгілері əр деңгейде дербес заңды тұлғалар болып табылады.

Жергілікті өзін-өзі басқару органдары жергілікті өзін-өзі басқару қызметін жүзеге асырса, мемлекеттік органдар мемлекет қаржыландыратын, ең алдымен, əлеуметтік (білім беру, денсаулық сақтау жəне т. б.) бағдарламаларды жүзеге асыруға ерікті (немесе жиі еріксіз ерікті түрде) қатысуды қоспағанда бұл қызметтерді жүзеге асыру бойынша оларға міндеттелген тапсырмалар беруге құқылы емес. Мұндай жағдайда жергілікті өзін-өзі басқару органдарына мемлекеттік органдар тарапынан жанама мемлекеттік басшылық сақталады.

Бұл жергілікті өзін-өзі басқару органдарына мемлекеттік басқаруды жүктегендіктен. Осы міндеттерді жүзеге асыра отырып, тиісті органдар енді жергілікті өзін-өзі басқару ретінде əрекет етпейді жəне де олар жоғары тұрған мемлекеттік органдардың тапсырмаларын орындауға міндетті болуы мүмкін.

#Жергілікті #өзінөзі #басқарудың #Еуропалық #Хартиясының #мəні

Рақмет ретінде жарнаманы баса кетіңіз