Жануарлардың сезім мүшелері | туралы қазақша
Көру және есту мүшелері. Жануарлар әр түрлі тiтipкенгіштерді анализаторлардың перифериялық бөлігі рецепторлар арқылы қабылдайды. Рецепторлармен қатар анализаторлардың құрамына өткізгіш жолдары және ми бөлігі кіреді.
Тітіркенулерді ішкі ағзалардан және тіндерден қабылдайтын рецепторларды интерорецепторлар, ал сыртқы ортадан қабылдайтын рецепторларды экстерорецепторлар деп атайды. Бұлшық еттердің, сіңірлердің, буын байламдарының интерорецепторларын ерекше проприорецепторлар дейді.
Сезім мүшелері — экстерорецепторлар — күрделі ағзалар. Көру мүшелері көз алмасынан, көру жүйкесінен, қорғаныштың және қосымша мүшелерден тұрады. Көз алмасы шар тәрізді көз шарасында орналасады. 1) көз кабықтары; 2) сәуле сындырғыш орталықтар; З) қан тамырлары мен жүйкелерден тұрады. Көз кабықтары үшеу болады: а) фиброзды қабығы —
көз алмасының сыртында орналасып, екі бөліктен түрады: алдыңғы (қасан) кабығы, артқы (ақуызды) қабығы; а) тамырлы кабығы — фиброзды қабығының астында жатып, үш бөліктен түрады: алдыңғы — нұрлы қабығы, ортаңғы кірпікті дене, артқы —тамырлы кабығы; б) тор кабығы — ен ішкі болып табылып, екі бөліктен тұрады: алдыңғы —соқыр, артқы — көру.
Фиброзды қабығының ақуызды бөлігі ақ түcтi, калың, 4/5 көлемін алып тұрады. Оның артқы жағында көру нepвici, шығатын тесігі болады. Касаң кабығы тығыз, мөлдip, көздің алдында орналасады. Сыртынан кілегейлі қабықшамен қапталады.
Нұрлы набығы касаң кабығының артында орналасады. Оның ортасындағы тecіктi қарашық деп атайды. Нұрлы кабығының құрамында бірыңғай салалы ет талшықтары болады: сақиналы талшықтар көз қарашығын тарылтады, ал сәулелі талшықтары кеңейтеді. Осылармен катар бұл қабықтар пигментті жасушалар орналасады. Көздің түсi әр түрлі болуы осы жасушаларға байланысты.
Кірпікті дене — пішіні сақина тәрізді. Оның құрамындағы бірыңғай салалы ет талшықтары не жиырылып, не босап, көз бұршағының пішінін өзгертеді,сонымен көздің көpyiн икемдеп тұрады. Меншікті тамырлы қабығы — ақуызды қабығының астында жатады, тамырлық қабығының ең үлкен бөлігі. Тамырларға өте бай.
Тор қабығының көру бөлігі — пигментті және жүйкелі қабықтардан түзілген. Ол кірпікті денесінен көру жүйкесіне дейін орналасады. Жүйкелі қабатта нейроэпителий жәнегғанглинарлы қабаттары болады. ганглинарлық кабаттың нейриттері көружүйкесін түзеді. Нейроэпителий таяқшалар мен сауытшылардан тұрады. Бұлар көру рецепторларының жүйке ұштары болып табылады. Сауытшылар сәулеге тiтipкeнeдi, ал таяқшалар әлсіз жарыққа (қараңғыда) тiтipкeнeдi.
Тор қабығының соқыр бөлігі кірпіктідене мен нұрлы қабығына жабысып тұрады. Сәуле сындырғыш орталықтарына қасақ қабық көздің алдыңғы және артқы камералары, көз бұршағы және шыны тәрізді дене кіреді. Бұларда қан тамырлары болмайды.
Көздің алдыңғы камерасы қасақ қабығы мен нұрлы кабығының арасында, ал артқы камерасы нұрлы қабығы мен кез бұршағының арасында орналасады. Олар бір-бірiмeн қарашық арқылы қатынасады. Бұл камералар мөлдір сұйықтығымен толықтырады. Көз бұршағы мөлдір нұрлы қабығының артында орналасып, кірпікті денеге байламдар арқылы бекиді.
Шыны тәрізді дене мөлдір, көз бұршағы мен тор қабығының арасын толтырып тұрады. Көздің қорғаныштың және қосымша ағзаларына қабықтар, көз-жас аппараты, периорбита, көз бұлшық eттepi және фасциялар кіреді.
Жоғарғы және төменгi қабақтар тepi-eттi қыртыстар, көздің алдыңғы жағын ашып-жауып тұрады. Олардың шеттерінде кірпіктері және май бездері орналасады (көздi шаң-тозаңнан сақтайды). Қабықтардың сырты тер1мен, қызыл түстi кілегейлі қабығымен қапталады. Кілегейлі кабығы қабақтан көз алмасына жалғасады. Оны коньюнктив деп атайды, ал қабақтардан көз алмасына айналған жерін коньюнктив қабы деп атайды.
Үшінші қабағы көз алмасының ортаңғы бұрышында болады. Көз-жас аппараты көз-жас бездерінен, көз-жас түтікшелерінен, көз-жас қабынан және көз-жас мұрын өзегінен тұрады.
Периорбита — жарғақты, конус тәрізді қап. Ол көз шарасында көзді қоршап тұрады. Оның айналасында сыртынан май болады. Көздің бұлшық eттepi мыналар: көз алмасының тартқышы, төрт тік және екі қиғаш жолақ.
Есту және және тепе-теңдік ағзалары. Есту ағзасы орналасуына, аткаратын қызметiнe карай сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақка бөлінеді.
Сыртқы құлақ құлақ калқанынан, бұлшық eттepiнeн және сыртқы есту жолынан тұрады. Құлақ қалқанының негізi эластикалық шеміршегінен түзілген, оның сыртында тepi, iшкi жағында бездер орналасады. Сырткы есту жолы түтіктi, құлақ қалқанынан дабыл жарғағына дейін орналасады, оның шеміршекті және сүйекті негізі болады.
Ортаңғы құлақ дабыл жарғағынан және дабыл қуысынан түзіледі. Дабыл жарғағы сырқы есту жолымен шектеседі. Дабыл қуысы самай сүйегінің дабыл бөлігінде орналасады. Дабыл қуысының ортаңғы кабырғасында екі тесігі болады; кipбepic тepeзeci мен өлу тepeзeci. Бұлар арқылы ортаңғы құлақ ішкі құлақпен байланыс жасайды. Дабыл қуысының алдыңғы жарында екі тecік (есту түтігін) жұтқыншақпен қатынасады. Бұл қуыста төрт есту сүйектері болады; балқаша, төсше, өзеңгіше және ноқат тәріздес. Бұл сүйешелер бір-бірiмeн буынды қосылыстар жасап, дабыл қуысының сырқы қабырғасынан ішкі қабырғасына дейін жалғасып жатады.
Ішкі құлақ самай сүйегінің тасты бөлігінде орналасады. Ол бірінің ішінде бірi жатқан және жарғақты лабиринттен (шытырмақтан) түзелген. Екеуінің аралығындағы кеңістікте және жарғақты лабиринттің ішінде лимфа сұйықтығы болады.
Лабиринт кіреберістен үш жартылай иірімді жолдан және ұлудан түзеледі. Есту реңепторы улуда, ал тепе-теңдік реңепторы жарғақтың жартылай иірімді жолында орналасады.
#Жануарлардың #сезім #мүшелері