Қазақстанда кинотеатрлар ашылды. Олар қандай фильмдер көрсетеді

0

Еліміздегі эпидемиологиялық жағдайы тұрақты өңірлерде кинотеатрлар жұмыс істей бастады.

19 қазанда ведомсвоаралық комиссия ауру өсімі болмаған, эпидемиологиялық жағдайы «жасыл» топқа жататын өңірлерде бизнес субъектілерінің қызметін кезең-кезеңімен қайта бастау туралы бірқатар шешім қабылдаған еді.

«26 қазаннан бастап қашықтық пен маска тағу режимін сақтай отырып, кинотеатрлар толымдылығы 30 пайыздан аспайтын жағдайда жұмысын қайта бастайды», — делінген хабарламада.

Айта кетейік, кинотеатрлар алғашқы жұмыс күнінде көрермендерге отандық «Любовь на миллион» комедиясын көрсетеді. Сонымен қатар, «Пышка» (продюсері Баян Максатқызы), «Семейные страсти» (продюсері Алмат Шадмат) және «Жаным, ты не поверишь» (продюсері Жандос Айбасов) фильмдері көрсетіледі.

2 қарашада «Базар жоқ, Мексика!» комедиясының премьерасы өтеді. Фильмге Асқар Ілиясов, Олжас Абай, Қажет Смағұлов және Айжан Лайджи сынды актерлер түскен.

kaz.tengrinews.kz