Төлдерді өсіру гигиенасы | туралы қазақша

0

Туғаннан кейінгі алғашқы айларда төлдер қоршаған ортаға, оларды күтіп-бағып, ұстауға, азықтандыруға өте сезімтал келеді. Осы кезеңде олардың арасында жоғары аурушаңдық және өлім-жітім көп байқалады. Төлдердің  денсаулығы мен амандығы бірінші кезекте адамдарға байланысты. Амандықты жоғары сақтау негізі – гигиенаның қарапайым талаптарына байланысты, яғни малды ерекше мейірмен  күтіп, көңіл бөлу керек.

Бұзауды күту. Сиыр бұзаулағаннан кейін олардың желіндерін жуып және залалсыздандырғыш ерітіндіні  орамалға сіңіріп алып сүрту керек. Алғашқы уызы 1-2 рет басқа ыдысқа сауып алынады, оларды микробтар саны көп болады.

Бұзау өз еркімен аяқтанған соң, оған анасының емшектерін табуға көмек береді. Туғаннан кейін 1,5 сағат өткен соң уызын төлге емізу қажет.  Олар осыдан уыз сүтімен жоғары сапалы өнім алуымен қатар,  микроорганизмдерге қарсы иммунитетке  ие болып, солармен бірге, гаммаглобулин және басқа да қорғаныс заттарын алады.

Уыздың беруін кешеуілдету ішек-қарын жолының бұзылуына әкеп соғады. Бұзаудың уызды аз-аз порциямен баяу ішуін қадағалау керек, сонда ол тура жұмыршық қарынға түседі де, қорытылу процесі жақсы жүреді. Аз мөлшермен қарынға түсіп, уыз сілекеймен араласып және жұмыршақта жұмсақ , жылдам қорытылатын қойыртпаққа айналады. Ал, уызды төл жұтімдап ішкен кезде (шелекпен ішкізгенде) жұмыршақта ас қорыту процесінің бұзылуына әкелетін қатты және қиын қорытылатын қойыртпаққа айналады. Сүттің іріп-шіріген өнімі ішек-қарын ауруларын тудырады. Сондықтан сүтті, әсіресе бұзаудың өмірінің алғашқы күндерінде емшектен емізген жөн. Осы жағдайда бұзау 9-10 минут ішінде 2 л сүт ішіп, 700-900г-ға дейінгі сору қозғалысын жасайды. Ал қолмен шелек арқылы сүтті ішкізгенде  9-10 минут ішінде 2 л сүт ішіп, 40-50-ге дейін жұту қозғалысын жасайды.

Емізіктер болмаған кезед сүтті бұзауға шелекке құйып береді. Беру тәртібі: шелекті бұзаудың алдына қойып, оған шамалап сүт құйып, сүтке сұқ саусақты батырады (қолды жақсылап сабындап жуу керек) және саусақты бұзаудың аузына салады, осы кезде бұзау саусақты сора бастайды. Сол уақытта бұзаудың тұмсығын сүтке салады, саусақты тартып сорған кезде сүттi бірге сорып емеді. Сүтті үзіліспен ішкен дұрыс. Егерде бұзау сүтті зауықсыз ішсе, қалған барлық сүт порциясын ішкізуді  тоқтатып, 15-20 мин. откен соң қайтадан ішкізеді.

Алгашқы бес күн бойы уызды 4-5 рет береді, ал содан соң күн сайын тәулігіне 3 рет, 1,5-2 л ішеді.

Әлсіреген бұзауға уызды алғашқы рет 1 л-ден тәулігіне 5-6 рет ішкізеді.

Егер де бұзау емшекті нашар сорса, онда таза ыдысқа құйылған сүтке саусақты салып сорғызу арқылы үйретеді. Бұзау күнiнe 8-9 л сүт ішеді.

Уызын бұзау болған соң қалған уызды сиырдан сауып алып, қайнатып, адамдар тамақ ретінде пайдаланады. Уыз кезеңі 5-7 күнге созылады, ал 7-10 күннен бастап уыз толық сүтке айналады.

Бұзау қорада бұзауларды жеке шарбақтарда орналастырады, шарбақтың ұзындығы 1,4м, ені 1,2 және биіктігі 1 м шарбақ еденнен 20 см биіктікте тұру керек. Ағаштан жасаған жақсы болады. Ал, 8-күнi бұзауларды топтап, 10 бастан топтық шарбаққа ауыстырады, мұнда олар 2 айлық болған жасқа дейін күтіліп бағылады.

Төлдерді өсірудің осы кезеңінде қажетті температура мен ылғалдылық режимін ұстап тұру қажет. Бұзау қорада температура — 16-18 оС, ылғалдылық кем дегенде 75% -ға дейін болуы керек.

Бұзауға 3 күндік жасынан бастап уызын ішкеннен соң бір сағаттан кейін қайнатылған су (20-25 о С), ал 10 күннен соң әдеттегі ішетін суды береді. 10  күндік жасынан бастап бұзауды шөп жеуге үйретеді. Ұсақ сабақты көк шөпті      таңдау керек. 20 күндік жасынан бұзау рационына сулы және шөп ұнын кіргізіп, ал екінші айдың соңында кебек (50-100 г) береді. Кебекті алғашқы күндері сүтпен араластырады, кейіннен бұзауларды құрғақ концентрат жеуге үйретеді. Сәбізді eкi айлық жасынан бастап ұсақ туралған түрінде береді, ал сүрдемді рационға 3-4 айлық жасында қосады.

Бұзау астаушаларында минералдық үстеме – бор, тұз, сүйек ұны, үш кальцийлі фосфаттар міндетті түрде болуы керек.

Су ішетін және басқа да ыдыстарды қолданып болғаннан соң жуып, залалсыздандырады.

Торайларды күту торайлаудан басталады. Мегежін торайлаудың алдында өзін қалай ұстағанын бақылау керек. Туудың нағыз белгілері болып емшектерде сүттің болғаны саналады. Осы уақытта құрғақ төсеніш, таза мата және торайларды салуға арналған арнайы жәшіктерді дайындау керек.

Әрбір туған торайды жақсылап матамен құрғатып сүртіп, олардың аузын және мұрындарын кілегейден тазалап, содан кейін кіндігін йод тұнбасымен немесе марганцовка ерітіндісімен өңдейді. Торайлап болған соң, орындарына тазалық жүргізіледі.  Анасының емшектерін солғын марганцовка ерітіндісімен жуып, торайларды анасының емшектеріне салады: әлсіздеріне алдыңғы, ал үлкен және жақсы жетілгендеріне артқыемшектерін береді. Бір күн ішінде торай өзінe берілген емшекті eciне сақтап калады.

Торай уызды туғаннан соң 40-50 минуттан қабылдауы керек. Жаңа туған торайлар жылы және құрғақ орындарды жақсы көреді, сондықтан олар бір жетілік жасқа дейін оларға 32-33 °С температура қажет болады, оны 150 Вт шам арқылы қамтамасыз етеміз.

Еметін торайларда темір жетіспеушілігі және қан аздық жылдам дамиды. Торайлар туғаннан соң екінші күнi олардың бұлшық етіне қан аздықтың алдын алу үшін арнаулы препараттар (ферроглюкин, феррозеке) егеді және осы егуді 3-4 аптадан кейін қайталайды.

Егу орынына 2,5 г күкіртті тeмip, 1 г тотияйын және 0,5 г хлорлы кобальтты 1 л қайнаған сұға қосып, осы epiтінділермен күнiнe бір анасының емшектерін емер алдында суландырады. Торайларды 4-5-күнiнен бастап қуырылған арпа, жүгері дәндерін жеуге уйрете бастайды. Қызыл балшық, ағаш көмірiн, борды бөлек жерге салып қояды. 5-7-күнінен бастап сиырдан сауып алынған  алып қояды. 5-7-күнінен бастап сиырдан сауып алынған сүтті немесе көк сүтті астауларға құйып қояды. Қорға деп жинап алынған шөп ұнын 10-күннен жегізе бастайды, ал 12-күнде таза күйінде туралған көк шөпті  немесе жемдерді астауға салып береді.

Торайлар мешел болмау үшін күніне 3-5 тамшы Д витаминін береді. Ал 15-20 жасында туралған құнарлы азықтар (cәбіз, қант қызылшасы, асқабақ) беруге болады.

Еметін торайларды 30 күндік жасқа дейін тәулігіне 4 рет (6, 10, 14, 18 сағ.), ал 30-60 күндік жасында 3 рет (7, 12, 17 сағ.) азықтармен азықтандырады.

Қысқы кезеңде шошқа қорасында температуралық-ылғалдылық режимдерді  қатаң сақтау өте тиімді. Шошқа қоралары жарық, құрғақ және таза болуы керек.

Аналарынан 2 айлық жасында айырып, торайларды шарбақта 4 айлық жасқа дейін қалдырады, api қарай оларды секцияға ауыстырып, бордақылауға қояды.

Қозыларды күту. Саулық қойларды қысқы және ерте кектемде қозылату өте тиімді, қозылар ерте марқайып, жазғы жайылымды ерте пайдаланып, күзге қарай жақсы дамиды. Сонымен катар, шетінeyi азайып, суық тиюден, асқазан-ішек ауруларымен ауыру тыйылады.

Қозылауға 20-30 күн калғанда қораны қидан тазалап, жылылайды, залалсыздандырады, шарбақтарды, көшпелі қалқандарды, астауларды және басқа да қажеттi кұрал-саймандарды ретке келтіреді. Қозылауға 3-5 күн қалғанда саулықтардың рационы ipi жемшөптің 1/3 бөлігінде жасалып, одан сүрлемді алып тастайды және құрама жемнің мөлшерін көбейтеді.

Туар алдындағы белгілер байқалысымен саулықты жылы күркеге немесе басқадай жабдықталған бөлмеге көшіреді. Оны төрт бөлімшеге бөледі:

1) тууға дейін бірнеше сағат қалғанда саулықты қабылдайтын орын;

2) туатын болме;

3) шарбаққа арналған болме;

4) төлімен бірге ауырған саулықтар үшін 10-15 басқа арналған оқшаухана. Мал төлдейтін бөлмедегі  шарбақтың алаңы 2-2,5  және ағаш қоршаудың биіктігі 50-60 см болуы тиіс. Саулықтардың төлдеуі еденіне қалың төсеніш  төселген қорада өтеді.

Саулық қозылағаннан кейін оны қозысымен бірге шағындау шарбақтарға (3-5 ересек қойға арналған) көшіреді. Мазасыз, жаңа туған қозыны алмай, үрке

қарайтын жас саулықтарды ауданы 1,4-1,5 жеке шарбаққа орналастырады. Әр 100 саулыққа осындай 9-12 шарбақ бөледі.  Саулық 2-3 күн тұрған соң 1 немесе 2 қозысы болса, бір-бірiнe үйренеді.  Осыдан кейін саулықты қозыларымен қайта топтық шарбаққа көшіріледі. Мұндай шағын топта қозылар eнeciн тез тауып, еме бастайды.

Саулықтардың желіндерін үнемi қадағалап, емшек үрпісі мен бойында сүт тығыздалып тұрып қалмауы үшін мезгіл-мезгіл аздап сауып тұрған дұрыс.

Қозылардың туғаннан кейінгі 2-3 апта бойына қоректенетін қорегі ене сүтi болып табылады. Жаңа туған қозыларды саулықтаға әрбір 2-3 сағат сайын жіберіп емізген жөн. Түнге қарай кезекші белгіленіп,  олар қозылардың eмуi үшін саулықтарды жатын орнынан тұрғызады. Әлсіз және сүті аз саулықтардан туған қозыларды бес күн өтісімен сиыр сүтiмен азықтандырады.

Алғашында бөтелкеге кигізілген резеңкелі емізікпен емізеді. Оны күнінe екі мәрте шайнатады. Қозыларды 2-3 сағат сайын eнeciн емуге жіберіп отыру саулықтың суық тию ауруынан сақтайды.

Eкi аптаның ішінде тез өсе бастаған қозыларды тек енесінің сүтi қанағаттандырмайды. Сол себептен де тұранынан 10 күн өткеннен кейін оларды ipi, жұғымды және құрама жем жеуге уйрете бастайды.

Азықтандыру үшін мынадай азық түрлерін пайдаланады: шөп ұны, пішен,  бұтақты азық, cәбіз, ас тұзы, бор, сүйек ұны жэне басқалар. Қозыларды саулықтардан бөлек азықтандырады.

Екі-үш айлық жасынан бастап қозылар ересек мал сияқты      азықтардың жұғымды заттарын сіңіруге қабілетті халге жетеді. Сондықтан, тіршілік етуінің алғашқы аптасында-ақ әр түрлі азыққа үйрету қозылардың ас корыту ағзалары мен жалпы физиологиялық жағдайының жақсы дамуы үшін қажетті шара болып табылады. Eміп жүрген қозылардың (3-9 апталық) рационында толық құнды витаминдер мен минералдар жетіспесе жүн жеп, ұлтабарында жүн шары пайда болады.

Енесінен ажырап дара калған жетім қозыларды өсіру үшін арнайы  бөлгіштер пайдаланылады. Оған 4-6 саулықтан орналастырады .

Жылдың жылы мерзімінде саулықтар сақманын қозыларымен бірге жайылымдыққа шығарады. Қыста туған қозыларды екі-үш аптадан кейін  тыныш, кар жаумаған, боран соқпаған күндері ауаның температурасы 20 О С-тан төмендемегенде серуенге шығарып отырған жөн. Ал көктемде туған қозылар серуенге 3-4 күннен шығарылады. Алғаш узақтығы 10-15 минуттан басталып, 2-4 сағатқа жеткізіледі.

Туғанына 4-5 күн болғанда қозыларды дәнді азықтармен және күнбағар шротымен үстеме азықтандырады. Бір айға толғанда толық рационды түйіпшіктелген азықтық қоспаны пайдаланады.

Он күнге дейінгі қозыларды eнeciмен бірге ұстап, жеке сақмандар құрады. Төл бір айлық жаста-ақ  тәулігіне енесін 4 мәрте емсе, үш айлығында 3 марте, бұдан соң қозы бөлікке дейін 2 мәрте емеді. Бір айлық қозылар енелерімен бірге жалпы отарға біріктіріледі.

Қозыларды eнeciнeн 3-3,5 айлығында, ал өcyi кешеуілдегендерін 4 айлығында  бөледі. Ал елтірі мен сүтi үшін өсірілетін саулықтардан қозыларды 2,5-3 айлығында бөледі. Бөлгеннен кейін еркек тоқтылар мен ұрғашыларынан бөлек отарлар құрады. Әлсіз қозылардан бөлек топ құрылып, оларды қосымша азықтандырады. Жазда қозыларды жайылымдықта ұстаса, қыста оларға пішен, бұтақты азық, сүрлем, құрама жем береді.

Бөлінген қозылар eнeciн іздеп мазасызданбауы үшін оларды қашықтау өpicкe айдайды. Қозылар жақсы жайылуы үшін әрбір отарға бір немесе бірнеше кәpi қойларды жібереді.

Жас қозылар үшін қорадағы температура +10°С, ал салыстырмалы ылғалдылық 75% болуы керек.

#Төлдерді #өсіру #гигиенасы