Саяси дағдарыстан да ауыр: Досым Сәтпаев Қазақстанға төніп тұрған қауіптерді атады
Саясаттанушы Досым Сәтпаев ютуб арнасында «Қазақстан жақын аралықта саяси, экономикалық тұрғыдан қандай қиындықтармен бетпе-бет келуі мүмкін» деген сұрақ
төңірегінде арнайы мамандар арасында сауалнама жүргізіп, пікірлерді ортаға салды.
Сауалнама нәтижесінде елге төнер негізгі қауіптер санатына төмендегідей мәселелер кірген:
Мұнай қорының сарқылуы — 66,7%;
Су тапшылығы — 42,2%;
Инновациялық төңкеріс — 42,2%;
Алматы қаласында жер сілкіну мә-
селесі — 33,3%;
Климаттық өзгеріс — 33,2%;
Карантинге жабатын жаңа вирустың пайда болуы — 24,4%;
Экологиялық босқындардың көбеюі — 2,2%;
Экономист Рустам Теңізовтің пікірінше, елдегі мұнай қорының сарқылуы көптеген факторларға тәуелді. Бірақ оған дейін бар қормен экономикамызды қайта құруға әбден болады.
Қазақстан үшін мұнай бағасының қатты құлдырауы жағдайды күрделендіреді. Тіпті, кезінде мұнай бағасының төмендеуі Кеңес Одағының да іргесін ыдыратқанын еске салған ол, мұнайға тәуелділіктен арылып, ауылшаруашылығы, туризм сынды салаларға көңіл бөлу керек дейді.
Су тапшылығы көршілес елдермен қақтығыстарға алып келуі мүмкін. Эколог Вадим Ни Қазақстанға 50%-дан астам су қоры сырттан келетінін ескерсек, бұл мәселе алаңдауға
тұрарлық деп есептейді.
Cарапшылар тарапынан Қазақстан экономикасы үшін қауіпті деп табылған проблеманың бірі — Алматы қаласында орын алуы мүмкін жер сілкінісі. Досым Сәтпаев 2006 жылы көтерген мәселесі әлі күнге дейін өз өзектілігін жойған жоқ деп есептейді. Биліктің салғырттығынан бір ғана 9 баллдық жер сілкінісі алып қаланың күлін көкке ұшыруы мүмкін. Ал бұл өз кезегінде ауыр шығынға әкеліп соғады.
Сондай-ақ, елде саяси, экономикалық дағдарыс әкелуі мүмкін проблемалар ретінде сыртқы күштердің әсері, жаппай наразылық акциялары, ұлтаралық қақтығыстар саналады.
«Алматы ақшамы»