Алматыда қазақ журналистерінің аллеясы ашылды
35 басылымның журналистері Алматының орталығында ағаш отырғызды.
Жаңа аллея Абай даңғылының бойында, «Алматыбасжоспар» ғимаратының жанында орналасқан. БАҚ қызметкерлері 200-ге жуық көшет отырғызды.
Шараға KzNews.kz ақпарат агенттігінің журналистері де атсалысып, ағаш отырғызды.
«Каштанның тамыры кішкентай. Ол болашақта жер астында орналасқан коммуникацияларға әсер етпейді. Олардың өмір сүру ұзақтығы 50 жылдан асады. Каштанның ішінен шіріп кетпейтіні жақсы. Егер ағаш зақымдана бастаса, бірден көрінеді және біздің мамандар уақытында қажетті шараларды қабылдай алады», — деді Жасыл экономика басқармасының басшысы Наталья Ливинская.
Жасыл экономика басқармасының хабарлауынша, 2020 жылдың соңына дейін Алматыда 250 мың ағаш отырғызылады.