Оқушы қыз тамырын кесіп тастады: Арыста ер адам желі арқылы жасөспірімдерді суицидке итермелеген

0

Соңы өліммен аяқталатын «ойындар» жасөспірімдерді әлі де қызықтыруда. Қазақстанда жыл басынан бері әлеуметтік желілерде жасөспірімдерді өз-өзіне қол жұмсауға итермелейтін 14 топ анықталды. Арыста қауіпті ойынның жетекшісі ұсталды.

Қауіпті ойында бәрі «кураторлар» деп аталатын зиянсыз тапсырмалардан басталып, өз-өзіне қол жұмсауды талап етумен аяқталады. Камила есімді жасөспірім сыныптасының басынан кешкенін айтып берді, деп хабарлайды Хабар 24.

Камилланың айтуынша, ол құрбысының қиындыққа тап болғанын бірден түсінбеген. Құрбысы бөлектеніп, қатты қобалжып, мінезі өзгере бастағанда ғана мән-жайды сұрай бастайды. Не болып жатқанын білуге ​​тырысқаннан кейін ол шындықтың бетін ашты.

«Ол өзінің әлеуметтік желідегі топқа кіргенін айтты. Алғашында ол бұны жай ғана ойын деп ойлаған. Көңілді болған. Олар бізге әртүрлі тапсырмалар жіберді дейді: сурет салу, суретке түсу және тағы басқалар. Соңғы тапсырма «тамырын кесу» болған. Ол бас тартұан. Ал «куратор» оның нақты мекен-жайын жіберіп, тапсырмасын орындасама, ата-анасын өлтіретінін айтқан. Бұдан қорыққан қыз тамырын кесіп тастады», — деді  жәбірленушінің құрбысы.

Бұл оқиға туралы бірінші болып қыздардың сынып жетекшісі хабардар болды. Басқа сыныптастардың да өлім ойындарын ойнағаны белгілі болды. Мектеп психологтері жасөспірімдермен және ата-аналармен жұмыс істей бастады. Қуанышқа орай, қайғылы жағдайдың алдын алды.

Уақыт өте келе Арыс қаласының тұрғындары біртіндеп интернеттің қараңғы жағын тағы ұмыта бастады. Жасөспірімдерге арналған суицидтік топтардың «кураторы» қамауға алынғаны белгілі болды. Оқиға тағы да Арыста болған.

«Telegram арналарын пайдаланып, жасөспірімдерді суицидтік ойындарға тартқан ер адам қамауға алынды. Тінту кезінде оның ноутбугы мен ұялы телефондары алынды», — деді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Криминалдық полиция департаментінің ерекше маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Әлібек Оразалы.

Қазіргі уақытта аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Мұндай арналардың «кураторын» қолға түсіру қиын дейді жедел уәкілдер. Кейде оларды құрықтау алты айдан бірнеше жылға дейін созылады. Яғни, топ алты ай немесе бір жыл бойы желіден ажырап, кейін қайта шығуы мүмкін.

Бүгінде жасөспірімдердің гаджеттермен қанша уақыт өткізетінін ескерсек, мәселе тіпті қиын. Ата-аналарға үлкен жауапкершілік жүктеледі. Ата-аналар балаларының желіде немен айналысатынын үнемі бақылап отыруы тиіс дейді мамандар.