Есек сауғанды атам қазақ қайдан көрді: Желіде сұмдық видео пайда болды

0

Баяғыда үлкендер ақымақтығыңа ыза болып: «Әй, есектің миын жегенсің бе?» деп ұрысса мұрынды бір тартып қойып: Жоқ, — деп қарап тұрушы едік. Енді: Сүтін ішкенсің бе? — деп ұрсамыз ба?

Христиандар Иса пайғамбар Құдысқа мініп кірген хайуанды ерекше құрметтейтіні рас, тіпті, жонындағы айқыш секілді қара сызықты тәңір таңбасы санайды.

Мұсылмандар Ібілісті Нұқ пайғамбар кемесіне ертіп кірген осы малғұн деп жек көреді. Бұл мақұлықтың денесінде шошқадағыдай адамға аса қауіпті микробтар бар екен. Баяғыда минынан сұйықтық алып адам дуалаған екен.

Миын жегенсің бенің мәні сода болса керек. Қазақ нені болса да біліп айтқан. Ал енді аппаратпен аңыратып есек сауғанды көріп отырмыз. Сұмдық.

Серік Әбікенұлы, Facebook парақшасынан