Аллаға хат жазған 4-сынып оқушысы Аққали: әкем анамды ешқашан ұрмаса екен
Бала шақ балдырған кезбен есте қалуы керек. Аяз атаға хат жазып, сыйлық сұрайтын бүлдіршіндердің қарасы азайған. Отбасылық кикілжіңнің кесірінен бала психологиясы бұзылуда.
Қазіргі балалар аяз атадан сыйлық емес, Алладан отбасының тыныштығын сұрап хат жазып жүр.
Әлеуметтің назарын аударған әлеуметтің желідегі 4 сыныптың оқушысы Аққалидың Аллаға жазған хаты көптің жүрегін елжіретті.
Бала тілегінің барлығы бақытты отбасында тұру ғана&hellip
Анасының құрсағындағы сәбидің аман есен дүниеге келуі мен әкесінің жұмысқа тұруын тілеген Аққали бар болғаны тоғыз жаста.
Тәрбие тал бесіктен дейміз. Бірақ, кейде тәрбие бүлдіршінге емес, ата-анаға қажет. Баланың болашағы балалық шағымен тікелей байланысты. Бала ұлттың айнасы. Алайда, айнаны бұлыңғыр ететін отбасындағы жағдай.
«Көп-көп рақмет саған Алла!!!» деп тілегін аяқтаған Аққалидың осы бір бала арманы Алланың құлағына шалынсын.
Ойыншық ойнап, соңғы модельдегі телефон сұрайтын да, отбасының берекесін сұрайтын баланы да қазақ отбасы тәрбиелейді. Олқылықты орнына келтірейік!
Інжу ӨМІРЗАҚ
newsroom.kz