«Борат» фильмінің жалғасы түсіріледі: Порнографиялық маймылдың Қазақстанның вице-премьеріне сыйы
БАҚ «Борат» фильмінің жалғасының атауын білді, — деп хабарлайды KzNews.kz Consequence of Sound— ға сілтеме жасап.
Фильмнің атауы шамамен «Борат: Порнографиялық маймылдың Қазақстанның жақында азайған халқының пайдасы үшін вице-премьер Микаэль Пенске сыйы» (Borat: Gift Of Pornographic Monkey To Vice Premiere Mikhael Pence To Make Benefit Recently Diminished Nation Of Kazakhstan) деп аталады. Бұл атау Америка Жазушылар Гильдиясының құжаттарында көрсетілген. Сілтеме бойынша көрсетілген құжаттарға қазір «уақытша қолжетімсіз».
Дереккөздер фильмнің алғашқы сынақ-көрсетілімі өткен аптада болғанын хабарлайды.
Америкалық БАҚ фильмнің жалғасында АҚШ-тың бірнеше жоғары лауазымды шенеунігі, соның ішінде АҚШ вице-президенті Майк Пенс, Нью-Йорктің бұрынғы мэрі Руди Джулиани және басқалары болады деп жазады.
«Бораттың» жалғасы туралы сыбыстар алғаш рет осы жылы британдық әзілкеш Саша Барон Коэн кейіпкердің костюмінде бірнеше түсірілім алаңдарында төбе көрсеткеннен кейін пайда болды.
Бұған дейін түсірілім алаңдарынан «Бораттың» ықтимал жалғасы туралы видеолар жарияланған еді. Роликте бас кейіпкердің образындағы Саша Барон Коэн үстінен әйгілі сұр пиджагын шешіп тастамақ болады.
«Борат» комедиясының бірінші бөлімі 2006 жылы жарық көрді. Онда автор қазақстандық журналист Борат Сағдиевтің образын ойдан шығарып, ешқашан болмаған мемлекет туралы әңгімелейді. Фильм әлемде айтарлықтай резонанс тудырып, Қазақстанда өткір сынға ұшырады және көрсетуге тыйым салынды.