«Сергектен» түскен айыппұл бюджетке шелектеп құйылуда
10 қыркүйектен бастап, Атырауда «Сергек» «ақылды» бақылау жүйесі іске қосылғаннан бастап 2513 заң бұзушылықты тіркеді. Салынған айыппұл мөлшері 35 миллион 983 мың теңге болды, оның 3 миллион 533 мыңы өндіріліп алынды.
Бұл туралы «Ақ Жайық» сайты жазды.
— Көлік иелері айыппұл туралы хабарламаны «Қазпошта» арқылы, сондай-ақ SMS хабарлама арқылы алады, — дейді әкімшілік полиция басқармасының бастығы Мырзалы ӨТЕҒАЛИЕВ. — 7 күн ішінде көлік иесі жалпы айыппұл сомасының 50%-ын төлесе, бұл жеткілікті болады. Егер ол «Қазпошта» арқылы хабарлама алса, онда бұл пошта қызметкері хатты табыстаған сәттен бастап есептеледі.