ШҚО-да ер адам 7 жасар баланы есік алдынан ертіп кеткен

0

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында полицейлер мен еріктілер жеті жасар баланы іздестіруде. Жоғалған баланы іздеуге полиция бөлімінің барлық жеке құрамы жұмылдырылды.

Ата-анасы бүгін түн ортасында полицияға үйдің ауласынан жеті жасар баланың жоғалып кеткенін айтты. Анасының айтуынша, бала әдеттегідей аулаға ойнауға шыққан, бірақ біраз уақыттан кейін жоғалып кетіпті. Бала «Украина» сұр велосипедімен қыдырып жүрген екен.

Зубовск кентінде бір күн бұрын түскі уақытта бала үйден шығып кеткені және осы уақытқа дейін қайда екені белгісіз. Ата-анасы полицияға өз еркімен іздеу нәтиже бермегеннен кейін ғана жүгінген екен.

Эдуард Жилиевтің түр-сымбаты: шашы мен көздері қоңыр. Сұр футболка, сұр спорттық шалбар, қара сұр кроссовкалар киген.

«Полиция қызметкерлері кішкентай Эдуардпен бұрын таныс болған 19 жастағы жігіт-Зубовск кентінің жергілікті тұрғыны болғанын, содан кейін екеуі де белгісіз бағытқа бет алғанын білді.
Жоғалған бүлдіршіннің қайда екендігі туралы қандай да бір ақпаратқа ие болғандардың барлығын «102» жедел арнасына хабарласуыңызды сұраймыз», — деп хабарлады баспасөз қызметі.

іздеу

Осы сағатта полиция қызметкерлері Эдуардтың орналасқан жерін анықтау бойынша барлық қажетті іс-шараларды жүргізуде. Жұмыс ШҚО полиция департаменті басшылығының бақылауында.
Хабар-ошарсыз кеткен адамның тұрған жерін анықтау мақсатында тәртіп сақшылары бірқатар жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуде. Алтай ауданының полиция бөлімдерінің барлық жеке құрамы, сондай-ақ облыстық полиция департаментінің тәжірибелі қызметкерлері жұмылдырылды.

Криминалдық полиция қызметкерлері және учаскелік полиция инспекторлары Зубовск және Снегирев кенттерін, сондай-ақ хабар-ошарсыз кеткен адамның орналасқан жерінің барлық түрлерін пысықтады.

Қызмет көрсетілетін аумақта, қараусыз қалған құрылыстарда, құрылыс алаңдарында, саябақтар мен скверлерде жұмыстар жүргізілді.

stan.kz