«Алматыда оба тарап жатыр»: сыбыс қайдан шықты

0

Комитетте әйел Навои көшесінде тұратынын айтты. Оның екі баласы коронавирус инфекциясын жұқтырған

Sputnik. Алматыда оба тарап жатыр деген ақпараттың шығуына екі адамның бір-бірін дұрыс түсінбеуі себеп болған. Бұл туралы денсаулық министрлігі тауарлар мен қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін қадағалау комитеті хабарлады.

Мұндай ақпарат әлеуметтік желілерде тараған болатын.

Комитетте әйел Навои көшесінде тұратынын айтты. Оның екі баласы коронавирус инфекциясын жұқтырған.

«Сенбі 29 тамыз күні еден жуушы сол үйдегі құрылыс қоқысын жинауға барған. Алайда әйел екі баласы да ауырып жатқанын айтып үйге кіргізбеді. Оның орысша «оба ребенка болеют» дегенін еден жуушы «обамен ауырып жатыр» деп түсінген», – деді комитетте.

«Оба» орысшадан аударғанда «екеуі де» дегенді білдіреді.

Қазіргі уақытта бұл келеңсіздік түсіндірілді. Балалардың жағдайы қанағаттанарлық.

Айта кетсек, 2020 жылы кейбір елдерде обаға шалдыққандар анықталған болатын. Моңғолия мен Ресейдегі Алтай республикасы солардың қатарында.

Қазақстанда оба жұқтыру жағдайы тіркелген жоқ.

Оба – тез таралатын инфекциялық ауру. Бубонды оба бактерия салдарынан пайда болады, антибиотиктермен емделеді.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз