Тоқаев Премьер-Министрдің есебін тыңдап, маңызды тапсырма берді

0

Премьер-Министр Мемлекет басшысына еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері туралы баяндады.

Президентке тұрғындарды жұмыспен қамту, кәсіпкерлік субъектілерін қолдау, күзгі жиын-терім жұмыстарын ұйымдастыру, жаңа оқу жылына дайындық жөнінде берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы ақпарат берілді.

Сонымен қатар кездесуде эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру және карантин талаптарын біртіндеп жеңілдету мәселелері сөз болды.

Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша Үкіметке бірқатар нақты тапсырма берді.