Шымкентте карантин қыркүйек айына дейін ұзартылды

0

Шымкент қаласында карантин мен шектеу шаралары 2020 жылғы 31 тамызға дейін ұзартылды.

Шымкент қаласының Бас мемлекеттiк санитариялық дәрiгерi Абдиманап Тулебаевтің қаулысына сәйкес қалада карантиндік шаралар ұзартылды.

«Шымкент қаласында 2020 жылғы 17 тамыз сағат 00:00-ден бастап 2020 жылrы 31 тамыз сағат 00:00-ге дейiн карантин жане шектеу шаралары ұзартылсын», — делінген қаулы мәтінінде.

Еске салсақ, бұған дейін Атырау облысында шектеу шаралары 31 тамызға дейін ұзартылғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

inform.kz