«Оқ атқан ба»: Qazaq Air ұшағындағы ақау жұртты шошытты
Қазақстандық журналист бұған дейін Qazaq Air атты отандық әуекомпанияға тиесілі ұшақтан анықталған күмәнді ақаулардың суреттерін жариялады.
Әуе кемесінде түсірілген ақаулардың суреті Telegram желісіндегі Kozachkov offside парақшасында жарияланған. Фотодан ұшақ қаптамасында түсініксіз әрі күмәнді тесіктер бар екенін көруге болады.
Жазба авторының айтуынша, ұшақ үстінде мұндайға ұқсас шамамен тағы жеті ақау бар. Олардың қайдан және қалай пайда болғаны әзірге белгісіз.
«Маған ұшақтағы ақаулардың суреттерін жіберді. Олардың қайдан пайда болғанын да білмейді екенмін. Оқ атқан ба, әлде найзағай соққан ба? Мұндай тағы жеті жерінде тесік бар» , — деп жазды журналист.
Суреттерді көрген желі қолданушылары оқиғаға орай алаңдаушылық танытуда.
Еске сала кетейік, күмәнді ақауы бар борт Өскеменнен Нұр-Сұлтан қаласына 26 шілде күні ұшып келген болатын. Индустрия мен инфрақұрылымдық даму министрлігі арнайы тексеріс кезінде ұшақтан расымен тесік тәріздес жеті ақау анықталғанын ресми түрде мәлімдеген еді.
Мамандар жүргізген тексерістен кейін қаптамасынан ақау табылған әуе кемесін тұраққа қойды. Орын алған оқиғаға байланысты Qazaq Air әуекомпаниясы аталмыш ұшақты қолдануды тоқтатты.
nur.kz