«Адамзаттың болашағы қауіп-қатер үстінде» — Қытай сыртқы істер министрі
Қытай сыртқы істер министрі Ван И телефон арқылы Франция сыртқы істер министрі Жан-Ив Ле Дрианмен Қытай-АҚШ қатынастарын талқылады. Бұл туралы Қытай Халық Республикасының Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде айтылған.
Ван Идің айтуынша, қазіргі Қытай-АҚШ қарым-қатынасы халықаралық қауымдастықтың көпшілігінің алаңдаушылығын тудырып отыр.
Сыртқы істер министрі Америка Құрама Штаттарына қырағылық танытуға шақырды, ол Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео жаңа қырғи қабақ соғысқа әкелуі мүмкін қақтығысты қоздырады деп болжайды.