Келісімге келді. «Канело» мен Головкин жекпе-жекке шығады

0

Мұның алдында боксшылардың гонорарлары айтылды.

Орта салмақта IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) және мексикалық Сауль «Канело» Альварес (53-1-2, 36 КО) үшінші жекпе-жекке келісті. Бұл туралы The Athletic инсайдері Майк Коппинджер хабарлады.

Мәлімет бойынша, боксшылардың командасы бірнеше ай бұрын келісімге келген екен. Ал жекпе-жектің өзі 2021 жылға белгіленіп отыр.

Мұның алдында трилогия үшін «Канело» 45 миллион доллар, ал Головкин 30 миллион алатыны белгілі болды.

Оған дейін боксшылар бір-бір жекпе-жектен өткізеді. Осылайша, Головкин қазан не қарашада польшалық Камил Шереметамен  ал «Канело» 12 қыркүйекте екінші орта дивизионның WBA «суперчемпионы»  британиялық Каллум Смитпен жұдырықтасады.

vesti.kz