Баян Алагөзова білім жүйесіндегі ащы шындықты жайып салды

0

Белгілі продюсер, актриса Баян Мақсатқызы Instagram әлеуметтік желісінде бүгінгі күні қызу талқыда жүрген Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жайл ойымен, және білім жүйесіндегі кейбір былықтардың бетін қозғады.

«Жүйеге қарсы шықтың ба, бәріне дайын бол Соңғы күндері білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желілердегі ең көп талқыланатын тұлғаға айналды. Карантин кезеңінде біз тек 3 министр туралы естиміз, олардың ішіндегі ең жасының ісі мені де қызықтырды.

Ол соншалықты не істеді? Аймағамбетов осыдан бір жыл бұрын ғана келді, бірақ соның өзінде бірқатар ғылыми-зерттеу институттарының директорларын ауыстырды, дипломдарды былай да былай басып шығаратын жеке университеттерді әшкереледі, олардың 40-ы мемлекеттік гранттардан айырылды, ғалымдарға деген талапты, сұранымды күшейтті, көптен бері бизнеске айналған оқулықтарды қайта алып келді. Ал жақын арада мектептер мен балабақшалардың бюджеттерін облыстық деңгейге беру жөніндегі бастама — бұл мұғалімдердің еңбегін өз қалауы бойынша пайдалануға үйренген аудан және ауыл әкімдеріне дауа болды.

Енді сұрақ туындайды: Асхат Қанатұлы қанша дөкейдің тынысын тарылтып, жолдарын кесіп өтті? Енді ол дөкейлер Ғылым және білім министрлігіндегі тәртіпті қалпына келтіруге тырысып жүрген жас максималистке қалай жауап береді деп ойлайсыз? Ал олар міндетті түрде жауап береді!

Алғашқы соққылар басталып та кетті — диссертацияны плагиат деп айыптау, вице-министрді ақша жымқырды деп күдіктену … Сонымен, солай оны қызметінен кеткенше… Айтыңыздаршы, әбден шіріген жүйемен қалай күресуге болады? Ақша мәселесі халықтың білімі мен ағарту мәселесінен гөрі жоғары ма? Содан кейін біз айналада итбалықтарды өлтіріп, лотос жыртып, көлдерді жойып жатқан адамдарға таң қалып жатамыз…», — деп жазды Баян Алагөзова.

https://www.instagram.com/p/CC8ZxM-j9zC/

Oinet.kz