«Тестсіз қабылдамаймыз деді». Алматылық әйел коронавирусқа тесті болмағандықтан үйде босануға мәжбүр болған
Алматылық Марина есімді әйел баласын үйде босанған. Перзентханада оны коронавирусқа тесті болмағандықтан қабылдамаған.
1 шілдеде әйелде жеңіл толғақ басталған, ол күйеуімен жедел жәрдем шақырған, сөйтіп оны ол Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығына жіберді. Сол жерде оны қарап, бірақ қабылдауан бас тартқан. Ақылы тест тапсыруға жіберген.
«Біз сізді тестсіз қабылдамаймыз деп айтты. Ақылы тапсыруды ұсынды. Бірақ мен оларға мүмкіндігім, қаражатым жоқ екенін айттым. Сөйтіп үйге қайтып кеттім. Кешке толғақ қайта жиіледі, мені тағы да жедел жәрдем перзентханаған алып келді. Жағдай тағы қайталанды, тестті ақылы тапсыру керек деді. Үйге қайтып кеттім. Жұбайым ақылы тест тапсыруға қаражат тапқан кезде, таңға дейін шыдайтын шығармын деп ойладым. Біз шақырған үшінші жедел жәрдем үйде босандырып алды. Содан соң үйге жақын басқа перзентханаға алып кетті. Онда бізді бірден қабылдады», — дейді Марина.
Перзентхана өз кезегінде экспресс-тесттері жоқ екенін айтады, сондықтан барлық босанған әйелдер дайын нәтижелермен келуі тиіс.
«Емхана босанатын әйелді дайындап, тегін тестке жіберу керек. Біз тек теріс сынақтың болуымен қабылдаймыз», — деп түсіндірді тіркеу бөлімінде.
Бағыттаманы емханада Маринаға берген. Алайда тегін тесттер бітіп қалғандықтан әйел оны тапсыра алмаған.
Қазір жаңа босанған ана да, баласының жағдайы да жақсы. Олар перзентханадан шығарылды.
stan.kz