Қазақтың тағы бір ұлы перезенті, композитор Кеңес Дүйсекеев қайтыс болды. Бұл туралы Сәуле Әбілдаханқызы айтты.
Кеңес Дүйсекеұлы Дүйсекеев (10 ақпан 1946 жыл, Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Пірімов ауылы) — композитор. Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1994). Парасат, Құрмет ордендерінің иегері. Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры.
- 1994 жылы «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген өнер қайраткері» құрметті атағымен марапатталды.
- 2005 жылы «Құрмет» орденімен марапатталды.
- 2014 жылы «Парасат» ордені берілген.
- Қазақ Ұлттық Өнер университетінің профессоры.
- 2016 жылғы ҚР тұңғыш президенті – Елбасының мәдениет саласы бойынша мемлекеттік степендия иегері.