Алматыда карантин күшейтілді
Алматы қаласында карантин шаралары күшейтілді.
Базарлар 9:00-ден 16:00-ге дейін, демалыс күндері 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді.
Сауда орталықтары тамақтану объектілерінің, ойын-сауық объектілерінің жұмысын тоқтата отырып, сағат 10: 00-ден 21: 00-ге дейін жұмыс істейді.
Банкет залдарының, бильярд, компьютерлік орталықтар мен боулингтердің, букмекерлік кеңселердің жұмысы тоқтатылды.
Банктер қызметкерлердің 50%-ын қашықтықтан жұмыс істеуге ауыстыруы керек.
Кештерді, естелік іс-шараларды өткізуге тыйым салынады.
Мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар филиалдары қызметкерлерінің 50 пайызы қашықтан жұмыс істеуге көшуі тиіс.
ХҚКО-ның жұмысы онлайн-форматқа аударылуы тиіс, онлайн көрсету мүмкін емес қызметтер уақыты бойынша сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін шектелуі тиіс.
Қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысы 22:00-ге дейін шектелген.
Еске салайық, бұған дейін коронавирус жұқтырғандардың көбеюіне байланысты бірқатар облыста карантин шаралары күшейтілген болатын.
coronavirus2020.kz