Дипломдық жұмыс. Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) құрылуы

0

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ

 

I БӨЛІМ. БІРІККЕН  ҰЛТТАР ҰЙЫМЫНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗІ.

  • Ұлттар Лигасы.

1.2. Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылу мәселелері

 

II БӨЛІМ. БҰҰ-ның ОРГАНДАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ.

2.1. Біріккен ұлттар ұйымының құрылымы

2.2. БҰҰ –ның мамандандырылған мекемелері және олардың халықаралық қоғамдастықтағы алатын орны

 

ҚОРЫТЫНДЫ

ӘДЕБИЕТТЕР

 

Кіріспе

 

Қазіргі халықаралық қатынастарда халықаралық ұйымдар маңызды рөл атқарады. 19-ғасырдан бастап қоғамның халықаралық ынтымақтастыққа ұмтылуы жаңа халықаралық ұйымдардың құрылуына әкелді.Олар — 1865 ж. құрылған бүкіләлемдік Телеграф Одағы және 1874 ж. құрылған бүкіләлемдік Почта Одағы болатын. Ал, қазіргі таңда әртүрлі құқықтық мәртебеге ие төрт мыңнан астам халықаралық ұйымдар бар. Осы халықаралық ұйымдар жүйесінің орталығы — Біріккен Ұлттар Ұйымы.

Біріккен Ұлттар Ұйымы — дүние жүзіндегі мемлекеттердің басым көпшілігін біріктіретін, ең ықпалды әмбебап халықаралық ұйым.Бұл ұйымның басты мақсаты — халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтып, мемлекеттер арасында ынтымақтастықты дамыту. Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы 1945 ж. 26 қазан айында күшіне енді.Осыған сәйкес жыл сайын 26-қазан «Біріккен Ұлттар Ұйымының күні» деп аталып өтіледі.

Жұмысты зерттеу барысында кейбір ғалымдардың өз ғылыми әдебиеттерінде Біріккен Ұлттар Ұйымының пайда болу тарихына байланысты, яғни кім және қандай құжат бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымын құру жөнінде бірінші болып ұсыныс жасағандығы жөнінде пікір таластарын анықтадым.Мысалы, Батыс елдерінің ғалымдары 1941 жылдың 14 тамызында Рузвельт пен Черчильдің  Атлантикалық Хартиясын осындай құжаттардың қатарына жатқызса, кеңестік зерттеушілер 1941 жылдың 4 желтоқсанында жарық көрген Кеңестік — Польшалық халықаралық саясат жөнінде бірігіп жасаған мәлімдемесіне сүйене отырып, сілтеме жасайды. Біріккен Ұлттар Ұйымы екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында гитлерлік Германия және оның одақтастарының сөзсіз жеңіліске ұшырайтындығы мәлім болған кезде, жаңа әлемдік тәртіп құру қажеттігіне байланысты туындаған.

Жұмыстың мақсаты – ұйымға қатысты ұлтық, сондай-ақ шетелдік қайнар көздерден жан — жақты мағлұматтар жинап, олармен таныса отырып, ұйымның өткені мен бүгінгісіне талдау жасау болып табылады.

Жұмыстың өзектілігі. Біріккен Ұлттар Ұйымы қызметінің негізгі бағыттары — жер бетінде бейбітшілік пен қауіпсіздікті жақтап, мемлекеттердің сан алуан саладағы ынтымақтастығына жәрдемдесу, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғап, халықаралық құқықты жүйелеу және оның прогрессивті дамуын қамтамасыз ету болып табылады. Осыған байланысты, Біріккен Ұлттар Ұйымы әлемдегі саяси, экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және тағы да басқа тауқыметтерді шешу жолдарын, сондай — ақ Біріккен Ұлттар Ұйымының пайда болу тарихын, оның жүйесін, әлемге, әсіресе Қазақстан Республикасына ықпалын зерттеу үшін осы тақырыпты таңдадым. Қазақстан Республикасы қалыптасқан геосаяси өмір болмысын және әлемдегі геосаяси күштердің қатарындағы өзінің орнын байсалды бағалай келіп, сондай — ақ бүкіл әлем шеңберінде әртүрлі интеграциялық топтардың жұмысына белсенді түрде қатысады, осы арқылы ол әлемнің ғаламдық проблемаларын шешуге өз үлесін қосып қана қоймай, сонымен бірге ұлттық мүдделерін де шешуге жол ашады.

Қазіргі кезде Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымымен және оның мамандандырылған мекемелерінің қызметіне белсенді түрде қатысады.Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшесі ретінде Қазақстан көптеген саяси тауқыметтерін бірінші кезекте Орталық Азия аймағының қауіпсіздіне қатысты мәселелердің шешімін іздестіруге тартылып отыр. 1996 — жылдың басында Қазақстан бейбітшілікті қолдау жөніндегі операцияларға ықтимал түрде қатысуы үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының келісімдер жүйесіне қосылған  51 — мемлекет болды.

 

I БӨЛІМ. БІРІККЕН  ҰЛТТАР ҰЙЫМЫНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗІ.

 

  • Ұлттар Лигасы.

 

Қазіргі заманда БҰҰ — ның құрылуына байланысты жағдайлар бүкіл дуние жүзі тарихының игіліне айналғанына қарамастан, бұл ұйымның жұмысын әділ де шынайы түрде баяндап, түсіндіру өзінің принципті мағынасын жоймаған. Алайда, Біріккен Ұлттар Ұйымын құруға байланысты Ұлттар Лигасының атқарған рөлін Батыс елдері зерттеушілерінің басым бөлігі белгілі бір бағыттылық тұрғысында баяндайтындықтарын ескере отырып, бұл мәселеге ерекше тоқтала кеткен жөн. Лиганың қызметіне байланысты ерекше мәселелер жөніндегі буржуазиялық әдебиеттердің: мемуарлық және монографиялық сипаттағы әдебиеттердің ауқымы өте кең.Ол жұмыстарға тән негізгі белгі — Біріккен Ұлттар Ұйымының және Ұлттар Лигасының бірегей ұқсастығы және сабақтастығы бар екендігінің дәлелді болып табылуында.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысын дайындау тарихына және оны талдауға арналған бірқатар көлемді зерттеулердің авторлары БҰҰ Жарғысы негізінен Ұлттар Лигасының және оның тәжірибелік істері Статутының (заңының) ережелерін еске түсіретіндігі жайлы ойларды алға тартады. БҰҰ-ның Жарғысы,- деп жазады Л.Гудрич пен А.Симмонс,- Ұлттар Лигасының тәжірибелік істерге байланысты қызметін құрған органдардың міндеттеме жүйелерін және қандай да бір істің орындалу тәртібін, соған ұқсас істерді қамтиды.

«Табиғат және халықарлық ұйым» деген тақырыптағы кең ауқымды жұмыстың авторы, Калифорния Университетінің профессоры С. Гудспид Ұлттық Лиганың қызметін революциялық тәжірибе деп атай отырып, «бұл халықаралық ұйымның идеясына және атқарылып жатқан жұмыс тәртібіне қосқан елеулі үлес», — деп жазды.

Осындай пайымдауларды жоққа шығара отырып, Жарғыға және Біріккен Ұлттар Ұйымына келелі баға беру үшін, өткен мерзімдерде жүзеге асқан жайларды, атап айтқанда, Ұлттар Лигасын еске түсірген абзал.Өйткені, бұл ұйым бейбітшілік пен қауіпсіздік жөніндегі халықаралық ұйым құру туралы тырнақалды тәжірибе болып табылады. Бұл тәжірибенің сәтті болғандығы да көпшілікке аян.

 

Скачать