Дипломдық жұмыс. Бауыржан Момышұлының жеке қор құжаттарын сипаттау

0

Мазмұны

 

КІРІСПЕ ………………………………………………………………………………………………….

 

  1. 1. БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫНЫҢ ЖЕКЕ ҚОРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
    • Жеке қор құжаттарының ерекшеліктері ………………………………………………
    • Бауыржан Момышұлының  жеке қор құжаттарының анықтамасы ……….

1.3 Қор құрушының өмірі мен қызметі ……………………………………………………..

 

2. БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫНЫҢ ЖЕКЕ ҚОР ҚҰЖАТТАРЫН ҒЫЛЫМИ СИПАТТАУ

  • Бауыржан Момышұлының № 1432 жеке қорын жүйелеу…………………….
  • Бауыржан Момышұлының  шығармашылық  құжаттары ……………………
  • Бауыржан Момышұлының майданнан жазған хаттары……………………..

 

ҚОРЫТЫНДЫ ……………………………………………………………………………………..

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР МЕН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ ………………..

ҚОСЫМША А……………………………………………………………………………………….

ҚОСЫМША Б ……………………………………………………………………….

ҚОСЫМША В ………………………………………………………………………………………..

 

КІРІСПЕ

 

         Тақырыптың өзектілігі: Мұрағат халықтың өткенінен мол ақпарат беретін зор кеніш, шежіре, өшпеуге тиіс мұралардың көзі. Оның сансыз қолат-қойнауларына үңілер болсаң, талай беймәлім асыл қазыналарға жолығасыз. Мұрағатшылардың мақсаты осы сырлы әлемді жинақтап, сақтап қана қоймай, дерек көздерімен ғылыми қоғамды хабардар ету. Мұрағаттағы деректер небір ұлы адамдардың өмірлері жайлы сыр шертеді. Осындай ұлы тұлға, ұлтымыздың біртуар ұлдарының бірі, талантты әскербасы әрі жазушы, Кеңес Одағы батыры  атағын уақытында алмаса халқы оны батыр тұтқан Бауыржан Момышұлының жеке құрам құжаттары Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік Мұрағатында 1952 жылдан бастап сақталуда /1-ші қосымша/. Асыл азаматтың жарық дүниеден озғанына 25 жылдың шамасы болып қалды. Өзі дүниеден озса да, артына қалдырған рухани дүниесі тозбайды. Б. Момышұлының мол мұрасы келешек ұрпақ тағылым алар Отан байлығына, халық қазынасына айналды. Сондықтан менің бүгінгі бітіру жұмысымның тақырыбын “Бауыржан Момышұлы жеке қор құжаттарына сипаттама” деп алдым. Мұрағаттану мамандығын меңгеруіме байланысты тақырыпты мұрағаттанулық шолуға тырыстым. Алайда, мұрағаттық құжат айнымас дерек көзі болғандықтан деректанулық талдаудан өткізуге тырысып көрдім.

Біріншіден, Б. Момышұлының жеке құрам құжаттарының мұрағаттық заңдылықтар бойынша және аталған қор құжаттарының жіктелуіне байланысты тоқталдым.

Екіншіден, 70 жылдан астам уақыт бойы Кеңес Одағының құрамында болған, отаршылдықтың неше түрлі езгісін көрген қазақ халқы үшін өзінің ұлтын сонша сүйген, Ұлы халқының Ұлы батыры бола білген Б. Момышұлының артына қалдырған мол мұрасы – қазақтың ұлттық патриотизмінің өсуіне ықпал етеді деп ойлаймын.

Үшіншіден, жалпы жеке құрам құжаттарымен жұмыстың сан алуан ерекшеліктері мен өзіне тән қасиеттеріне, оның ғылыми маңыздылығына тоқталып өтуді дұрыс деп таптым.

Тақырыптың зерттелу деңгейі: Жеке қор құжаттары кеңестік және қазіргі таңдағы отандық тарихнамада жан – жақты қарастырылған. Жалпы жеке қор құжаттармен жұмыс жасаудың теориялық – методологиялық негіздері Н.Б. Волкова /1/, И.П. Сиротинская /2/ еңбектерінде өз көрінісін тапты. Ал,  тіклей Б. Момышұлының жеке қоры әлі де болса арнайы зерттелмеген. Бұл Қызыл Әскердің әйгілі әскер басшысының әскери, әскери-педагогикалық, әскери-теориялық, шығармашылық мұрасын зерттеу – ғылыми да, тәжірибелік те мәнге ие.

Тақырыптың зерттелу деңгейіне келсек, тікелей әрі толықтай жүйелі түрде зерттелмесе де Б. Момышұлы мұрасы және тұлғасы жеке қырларынан жекелеген зерттеушілер еңбектерінде ашылған. Тақырыпты ашу барысында пайдаланған зертеулерді жүйелеп, жазылған уақытына байланысты былай екі кезеңге бөлдік: кеңестік және Тәуелсіздік кезеңіндегі тарихнама. Екі кезеңнің өзіндік ерекшеліктеріне келер болсақ, кеңестік кезеңде Бауыржан Момышұлы тұлғасы соғы контексінде, 8 – гвардиялық дивизия құрамында қарастырылды /1/. Ал, Тәуелсіздік кезеңіндегі зерттеулерде негізінен Б. Момышұлының артына қалдырған мұраларына назар аударылуда.

Бұрын Бауыржан Момышұлының жеке адамдық әрі әскери  тұлғасы, әскери-педагогикалық қызметі И. В Панфилов атындағы 8-ші гвардиялық дивизия тарихының  бір бөлігі ретінде А. Бектің еңбегінде зерттелді. Шығарма майдан даласында жасалған, И. В. Панфилов дивизиясы туралы жазылған бірден-бір еңбек. Бұл шығарма түгелдей Б. Момышұлының мәліметтеріне сүйеліп жазылған және Б. Момышұлының атын бүкіл әлемге таратқан еңбек болып табылады.

Сонымен қатар, бұл проблема Москва шайқасы, Калинин облысы, балтық бойын жаудан тазарту мәселелерінде бірге қарастырылып өткен. Ұлы Отан соғысының атақты батыры туралы К. К, Роккоссовский, А. М. Василевский,             И. М. Чистяков, Г.К. Жуков секілді ірі әскербасылар мемуарларында аздаған мәліметтер сақталған. Бұл атақты әскербасылардың мемуарларына, естеліктеріне келсек, бұларда Бауыржан Момышұлына талантты әскербасы ретінде баға беріп кетеді. Мысалы, И. М. Чистяков: “Маған Момышұлының және бір қасиеті ұнады, ол – шындылығы. Қандай қиыншылыққа душар болса да шындықты айтарымен білетінмін, ол өз қарауындағы жауынгерлерден ден шыншыылдықты талап ететін”, – деп баға беруі осының дәлелі.

Бұл еңбектерді Бауыржан Момышұлы әскери, талантты командир ретінде сипатталады. Және бұл еңбектерді Бауыржанг Момышұлы өз ұлтының ұылы ретінде сиаптталады. Оның шығыстық шығу тегі саналы түрде әдейі баса көрсетіледі.  Бұл еңбектер кеңестік негізде, кеңестік идеологиямен жазылған және Бауыржан Момышұлының тұлғасы соғыс контексінде қарастырылады.           Ә. Нұршайықовтың “Ақиқат пен аңызы” көркем шығарма бола тұра Бауыржаның өмірі туралы көптеген мәліметтерді алдық /2/.

Бауыржан Момышұлы туралы оның майдандас, қаруластары да аз жазған жоқ. Әсіресе, М. Ғабдуллин, М. А. Левшевтің, сонымен қатар, панфиловтықтар Ф. Селивановтың, А. Кузнецовтың шығармаларында да да аталып өткен.

Бауыржан Момышұлы әскери қызметкер ретінде Ұлы Отан соғысының жекелеген тақырыптарына арналған еңбектерге енді. Бұлар Г. А. Әбішевтің,     А. Мұхамеджановтың, А. Нүсіпбековтың, М. Қозыбаевтың,                                    Қ. Р. Аманжолов /3. 320/, Н. Шаховтың еңбектері еді. Бұл жердегі                          Г. А, Әбішевтің және А. Нүсіпбековтың  еңбектері Москва түбіндегі шайқасқа қазақстандық әскерлердің қатысуын зерттеудің бастауы болып табылады. Осы еңбектерде авторлар алғаш ретмұрағат құжаттары мен материалдарын қолданысқа енгізеді, майдангерлер естеліктерін және мерзімді басыоымдарды пайдаланады.

Бірақ осы кеңестік кезеңде жазылған бірде-бір еңбекте батырдың азаматтық, педагог, ойшыл, теоретик, әскери, жазушылық тұлғасы толық ашылмады.

1991 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік алғаннан кейін, өткен өмірге, тарихқа ерекше ұлттық, халықтық көзқараспен қарай бастағаны белгілі. Соншама  жылдар жасанды түрде өткеннен кейін айырылған халық өз тарихына ерекше ілтипатпен қол созуда. Жаңаша тұрғыда тарихтың әр түрлі кезеңдеріне арналып зерттеулер жазылуда. Осы кезде қазақ халқы тереңге кеткен әскери  дәстүрінің бар екендігі айқындалған еді. 1990 жылы Бауыржан Момышұлына Кеңес Одағының Батыры атағы берілген. Бұл тарихи өзгеріс тарихшыларға Ұлы Отан соғысына қазақстандықтардың  қатысуы туралы және ұлт батыры Бауыржан Момышұлы туралы еңбектерді тудыруна мүмкіндік берді. Бұлардың қатарына Т. Балақаев пен К. Алдажұманов, Қ. Р. Аманжолов, П. С. Белан /4./,             К. С. Серікбаев /5/, Бақытжан Момышұлының зерттеулері жатады. Сонымен қатар, М. М. Айтқазинаның докторлық диссертациясы тікелей Б. Момиышұлының мұрасына айналды. Бұл зерттеулер негізінде әскери тарх пен ұлттық батырларды зерттеуде өзекті проблеманы шешуге арналған. Тәуелсіз Қазақстанның ұлттық әскери құрылыс туралы айта келіп, өз еңбектерінде Б. Момышұлының ғылыми мұрасына көп көңіл бөледі. Тақырыпты деректанулық тұрғыдан жазу үшін Қ. М. Атабаевтың /6/ ғылыми монографиясы да пайдаланылды.

Дегенмен де, Бауыржан Момышұлының сан қырлы тұлғасын ашатын ғылыми еңбек жазылмаған. Бітіру жұмысын жазу барысында мерзімді басылым беттеріне жарияланған Н. Саввин, Ж. Ыбыраев, Қ. Қазыбаевтардың мақалалары қолданылды. Сонымен қатар, батыр туралы мәліметтер бар “Халық сыйы”, “Айналған аты аңызға Момышұлы”  естеліктер жинағы және А. Асқаровтың     “ Ұлы тұранның ұлдары” /7/ еңбегі пайдаланылды. Ал ол кісінің артына қалдырып кеткен мол мұрасы – көркем шығармалары, өлең-жырлары, хаттары, жеке адамдық құжаттары осы бір қасіретті соғысқа қазақстандықтардың қатысуы маңызды дерек көзі ретінде ғылыми қолданысқа енбей жатыр /2-ші қосымша/.

Біз қарастырып отырған мәселенің ғылыми әдебиеттерде баяндау тарихына жасалған шолу тақырыптың арнайы зерттеу объектісі болмағандығын аңғартады. Осы уақытқа шейін мұндай мәселені арнайы қарауға қажет алғышарттар да қалыптаса қойған жоқ-тын. Мұның өзі біздің тақырыбымыздың өзектілігін айғақтай түседі.

Тақырыптың деректік негізі: Диплом жұмысын жазу барысында негізгі сүйенген дерек құжаттарымыз Бауыржан Момышұлының өзңінің жеке адамдық құжаттары. Бұл құжаттар Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік мұрағатында № 1432 қорында жинақталған. Қор құжаттардың салыну мерзіміне қарай 3 тізбеге бөлінген /3-ші қосымша/. Осы тақырыпты ашу барысында аталған қормен жұмыс істедім. Қор құжаттарын түгелдей жүйелеуге ұмтылыс жасадым. Бұл қор үш тізбеден тұрады. Бауыржан Момышұлының жеке құрам құжаттары О. М. М-ға 1952 жылдан бастап, батырдың өзінің бастамасымен өткізіле бастады. Бұл алғашқы өткізілген құжаттар негізінде № 1-тізбе құрылды. Бұл тізбенің құжаттары ішінен тікелей зерттеу обьектімнің бірі ретінде 1945 жылы жазылған “Москва үшін шайқас” романының түпнұсқасы қолданылды. Ал № 2 тізбеге 1960-1965 жылдары түскен құжаттары енгізілген /2-ші қосымша/. Осы құжаттардың ішінен тікелей зерттеу обьектісі ретінде Б. Момышұлының майданнан жазылған  хаттарын алдым. № 3 тізбеге 1969 жылдан бері түскен құжаттар жатады /3-ші қосымша/. Пайдаланған негізгі істерді бітіру жұмысының 2-тарауының 1-бөлімінде Бауыржан Момышұлының жеке адамдық қорларын пайдаланғанда келтірдім. Ал әр жылдары жарық көрген “Москва үшін шайқас”/8/, “Қанмен жазылған кітап” /9/, “Біздің генерал” /10/, “Ұшқан ұя” /11/, “Бір түннің оқиғасы” /12/, “Жауынгердің тұлғасы” /13/ кітаптары да пайдаланылды.

Сонымен қатар, жанама дерек көзі ретінде Ұлы Отан соғысына қатысушылардың “Восьмая гвардейская краснознаменная имени генерал-майора И. В. Панфилова стрелковая дивизия” деп аталған естеліктер жинағы   И. В. Панфилов атындағы гвардиялық дивизия туралы “История Великой Отечественной Войны Советского Союза”, “Провал гитлерского наступления на Москву” атты өқұжаттар жинағы пайдаланылды. Дегенмен менің негізгі зерттеу обьектім нақты Бауыржан Момышұлының жеке құрам құжаттары болып табылатындықтан оның жеке құжаттары негізгі мәлімет көзі болды.

Сонымен қатар, әдістемелік нұсқауларды да дерек көзі ретінде пайдаландым. Айтар болсақ, мыналар: «Методические рекомендации по работе с документами личного происхождения», «Методические указания по комплектованию архива и научно – технической обработке документов личного происхождения ЦГА НТД», «Научно – техническая обработка документов коллекции личного происхождения ппериода ВОВ», «Методические рекомендации по проведению экспертизы ценности документов в фондах личного происхождения государственных, общественных, политических деятелей», «Жеке қор құжаттарын ғылыми сипаттау».

Тақырыпты зерттеудің негізгі мақсаттары мен міндеттері: Диплом жұмысын жазу   барысында алдыма қойған мақсатым – Бауыржан Момышұлының жеке қор құжаттарын сипаттау, яғни ғылыми құндылығын, мазмұнының маңыздылығын, қор құрушының жүріп өткен жолы мен ұлт тарихын қаншалықты қосымша мәліметпен қамтамасыз ету деңгейін анықтау. Осыған орай зерттеу жұмысының алдына мынандай міндеттер қойылды:

  • Бауыржан Момышұлының жеке қорының қалыптасу тарихын көрсету;
  • Жеке қор құжаттарының ерекшеліктерін анықтау;
  • Бауыржан Момышұлының жеке қор құжаттарының анықтамасын беру;
  • қор құжаттарының ғылыми-тарихи құндылығын анықтау;
  • қор иесінің өмір тарихымен, қызметімен және жеке қорындағы құжаттарымен таныстыру;
  • Бауыржан Момышұлының жеке қорын жүйелеу;
  • Бауыржан Момышұлының жеке қор құжаттарын топтастыру.
  • Бауыржан Момышұлының жеке қорының тарихи, ғылыми маңыздылығын анықтау.

Тақырыптың теориялық – методологиялық негізі.
Диплом жұмысында қойылған мәселелерді ғылыми тұрғыдан ашып көрсету мақсатында тарихилық, обьективтілік сияқты негізі методологиялық принциптер басшылыққа алынды. , партиялық принциптер негізге алынды.

Тақырыптың хронологиялық шеңбері. Диплом жұмысымның тақырыбы “Бауыржан Момышұлының жеке қорына сипаттама” деп алғандықтан және қор құрушы құжаттары мұрағаттық сақтауға түскен кезеңнен қор құрушының дүниеден озғанына дейінгі уақыт аралығы деп алдым.

Бітіру жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі тарау, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімі және қосымшадан  тұрады. Кіріспеде бөлімінде диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері айқындалып, тақырыптың зерттелу деңгейі мен деректік, методологиялық негіздері ашылып көрсетілген. Бірінші тарауда Бауыржан Момышұлының жеке қорының қалыптасуы тарихы қарастырылған. Екінші тарауда Бауыржан Момышұлының жеке қор құжаттарын ғылыми сипаттаудан өткізген, яғни жеке қор құжаттары негізінде жүйелеп, топтастырған.

 

І. БАУЫРЖАН  МОМЫШҰЛЫНЫҢ ЖЕКЕ ҚОРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

 

1.1 Жеке қор құжаттарының ерекшеліктері

 

Тұлғалардың жеке иелігі болып табылатын құжаттық материалдары оның жеке мұрағатын құрайды. Жеке қор құрамына тұлғаның немесе қор құрушының өмірі мен қызметі нәтижесінде жасақталған немесе жанұя мүшелері құжаттары мен олар жинаған сыйға берген немесе мұраға қалдырған құжаттар кіреді. Жеке мұрағат иелерінің жинаған немесе мұраға қалдырылған құжаттарын коллекциялар деп те атауға болады.

Жеке қорды құрайтын құжаттардың негізгі тобы:

  • шығармашылық құжаттар
  • қызметі және қоғамдық қызметіне қатысты құжаттары
  • өмірбаяндық құжаттары
  • хат алмасулары
  • бейнелік және дыбыстық құжаттар
  • шаруашылық-мүліктік және тұрмыстық құжаттары

Сонымен қатар, қор құрушының қызметіне байланысты (олар, яғни саяси

және қоғамдық болуы да мүмкін) құжаттар тобы да ерекшеленеді. Өз кезегінде, бұл құжаттар ішінен құжаттардың алуан түрлілігін атап өтуге болады: ресми құжаттар (қаулылар, нұсқаулар, жоспарлар, есептер, анықтамалар, ақпараттық мәліметтер), қызметі бойынша хат алмасулар (мекеме хаттарының көшірмелері, ұйым хаттарының көшірмелері, қор құрушының жауап хаттары), қор құрушының қызмет бабына тікелей қатысты баяндамалары, мақалалары және қор құрушының басқа тұлғаларға қатысты жинаған құжаттары /14/.

Мемлекет, саясат және қоғам қайраткерлерінің жеке қорларының негізгі бөлігін құрайтын өміріне қатысты құжаттар: жеке парақтары, өмірбаяны, тағайындаулар   мен   орын   алмастыру   туралы  бұйрықтар көшірмелері, білімі жөніндегі дипломдары, куәліктері, мақтау қағаздары, мерейтой материалдары, жеке хаттары, құттықтау хаттары, телеграммалар және ашық хаттары. Мемлекет, саясат және қоғам қайраткерлерінің өміріне байланысты құжаттар толық берілуі керек, себебі, жарияланған басылымдарда, энциклопедияларда және баспасөз беттерінде олар жөнінде ақпарат аз көлемде беріледі.

 

 

Скачать

 

 

 

 

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз