Әйелді ұруға болады деген университет оқытушысы жұмыстан қуылды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

7 0 0

Ұлттық университеттің оқытушысы дау-дамайдың ортасында қалды. Оқу ордасы тексеріс жүргізіп, оны жұмыстан босатуға шешім қабылдады

АЛМАТЫ, 5 маусым – Sputnik. Еуразия ұлттық университетінің қолданбалы химия ғылыми-зерттеу институтының директоры Ерлан Сүлеймен әлеуметтік желіде жазған арандатушылық сөздерінен кейін жұмыстан босатылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Жанжал жас ғалымдар альянсының төрағасы Әсия Ермұхамбетованың Ерлан Сүлейменмен хат алмасқан фотоны жариялағаннан кейін туды.

Оның айтуынша, университетте оқытушы болып жұмыс істейтін ер адам сексист, ұлтшыл және араздықты қоздыратын пікір айтқан. Ол «әйелдерді ұрып-соғуға болады және ұрып тұру да қажет» деп жазды.

ЕҰУ сайтында Ерлан Сүлейменнің химия ғылымдарының кандидаты, PhD, қолданбалы химия институтының жетекшісі екені көрсетілген.

Кейінірек университет басшылығы Ерлан Сүлейменге қатысты тексеру жүргізетінін айтты. Жоғарыда айтылған сөздерді айтқаны анықталатынын мәлімдеді.

«Әдеп жөніндегі комиссия оның іс-әрекетін жалпы адамзаттық мінез-құлық нормаларына сәйкес келмейді деп таныды. Осы комиссияның ұсынысы бойынша Ерлан Сүлеймен ректордың бұйрығымен қолданбалы химия ғылыми-зерттеу орталығы директоры қызметінен босатылды», – делінген университеттің ресми сайтында.

Бұған дейін оқу ордасы Sputnik Қазақстан тілшісіне университетте нәсілдік, этникалық, діни, әлеуметтік ымырасыздық пен ерекшеліктерді насихаттау, милитаристік және халықаралық құқық пен гуманизм принциптеріне қайшы келетін өзге де идеяларды таратуға тыйым салынғанын айтқан болатын.

Қыздарды маркерге теңеді

2020 жылдың наурызында абайтанушы, филология ғылымдарының кандидаты Омар Жәлел Тараздағы Назарбаев зияткерлік мектебінде мектеп оқушыларын оқуға емес, бала тууға үндеді. Ол дәріс кезінде қыздарды кеуіп қалатын маркерге теңеген болатын.

Абайтанушының айтқан сөзі мектеп оқушыларының шамына тиді. Мектептің 11-сынып оқушысы Instagram желісінде пікірін жазып, оның бұл сөзімен келіспейтінін жеткізді. Мектеп әкімшілігі де оқушының позициясын қолдады.

Оқи отырыңыз: «Ұруға болады»: бірнеше әйел алғысы келетін оқытушы мәлімдемесі желіні шулатты

«Қыз мұраты – кету» дегенді біз ұмыттық. Соның салдарынан қазір біздің қыздарымыз «менің мұратым – оқу» деп ұғады. Сол себепті қазір қазақтың қыздары оқу қуып, тұрмысқа шықпай жатыр. Соның кесірі біздің демографияға кері әсер етіп, халықтың саны өспей жатыр. Мен «ұлдың мұраты – елге қызмет ету, ал қыздың мұраты – ерге қызмет ету» деп айттым», – деп түсіндірді сөзін Омар Жәлел.



sputniknews.kz