«Оны әнші ретінде қабылдамайтынмын»: Тәуекел Мүслім мен Қайрат Нұртас сыныптас болып шықты — Қазақстан жаңалықтары

0

Тәуекел Мүслім Қайрат Нұртаспен сыныптас екенін айтты. Мектепте ән салып жүргенін білсе де, оны әнші ретінде қабылдамаған екен. 

Бұл туралы Ревю бағдарламасында айтыды. 

Тәуекел Мүслім Қайратты мектеп кезінде әнші ретінде қабылдамаған. Тіпті бұзықтық жасап, төбелескен кезі де болған. 

«Қайрат үздік оқушы болған жоқ. Ол орташа деңгейде оқыды. Ән айтып жүретін, бірақ оны әнші ретінде қабылдамапын. Арасында төбелескен кездер де болған», — дейді актер. 

Өнер иелері арасында Еркін мен Ердос бір сыныпта оқыған, бір партада отырған сыныптастар екенін айта кетейік. 

Ал, Анар Батырхан Асылхан Төлеповпен бірге бірінші сыныптан бастап оқыған. 

«Бізді апалы-сіңлілі қыздар екен деп ойлайтын. Кейде егіз екені деп қалатын. Бірге оқыдық, бірге өстік. Театрға бармай тұрып-ақ актер, актриса болуы мектеп  кезінен армандаған едік», — деді ол.

Әнші Рүстем Нұржігіт Ақбота Керімбековамен бірге оқығанын айтты.

«Ол ер мінзеді қыз еді. Әзілді көтере берметін. Айтқанын істемей қоймайтын», — деді әнші. 

stan.kz