ХҚО қызметкері екі адамды өлімнен арашалап қалды – Қазақстан жаңалықтары

0
0
Advertisement

Жұмысқа кетіп бара жатқан халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері екі адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматы қаласы Наурызбай ауданы халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері Ержан Әбдіразақов кәріз құдығына құлап бара жатқан екі адамды құтқарды. Бұл туралы өзінің facebook парақшасында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы АҚ басқарушы директоры Мұрат Жұманбай жазды. 

Хабарлама авторының айтуынша, Ержан 1414 байланыс орталығында оператор болып жұмыс істеген. Ол кәріз құдығына құлап кеткен екі адамның жағдайын көріп, бірден көмекке ұмтылған екен.

«Бүгін мен екінші ауысымнан жұмыс істеймін, сондықтан мен 14.00-ге дейін халыққа қызмет көрсету орталығына жол тарттым. Менің алдымда полиция көлігі келе жатты. Көліктен түсіп бара жатып, құдықта отырған екі адамды көрдім. Екеуі де есінен танып қалған еді. Олардың бірі «Алматы Су» киімінде болды», – деп  Ержан бүгінгі оқиғалар туралы айтып берді. 

Құтқарушылардың келгенін күтпестен, құдыққа түсіп, өзге жандардың өмірін арашалап қалған Ержанмен бірге жолда кетіп бара жатқан адамдардың бірі де көмекке ұмтылған. 

Айта кету керек, Ержан Әбдіразақов мемлекеттік корпорацияда 2007 жылдан бері жұмыс істейді. Үлгілі отбасы бар азамат, үш баланың әкесі.  

Қазіргі уақытта «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өз қызметкерін белсенді азаматтық және әлеуметтік жауапкершілікке ұмтылғаны үшін марапатқа ұсыну мәселесін қарастыруда.

stan.kz

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз