Қазақстанда 31 мамырда қандай маңызды оқиғалар болады
Sputnik Қазақстан 31 мамыр мен 29 маусым аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)
Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимінде ұйымдастырылады. Біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.
31 мамырға жоспарланған шаралар
17.00 — «Смешанные чувства» қойылымының трансляциясы (Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс театрының Youtube-каналында).
1 маусымға жоспарланған шаралар
09.00 – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Цвет лета — цвет детства» виртуалды көрмесі (Трансляция Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінің Instagram және Facebook парақшаларында).
«Вслух» қайырымдылық акциясы басталады. Ұйымдастырушылар: Қазақстандағы ресейлік ғылым және мәдениет орталығының өкілдігі, «Живая классика» жас мәнерлеп оқушылар халықаралық байқауының ұлттық ұйымдастыру комитеті және «Түркістан» шығармашылық бірлестігі. Жобаның мақсаты – зағип балаларға мектеп бағдарламасын меңгеруге көмектесу, жаңа кітаптармен таныстыру, сүйікті әдеби кейіпкерлері туралы әңгімеге тарту.
«Живая классика» байқауының жас қатысушылары қатарластары үшін аудиокітапхана құруға атсалысады. Аудиокітапханаға мектеп бағдарламасының ғана емес, қазіргі заманғы авторлардың да шығармалары енеді. Жазба қазақ және орыс тілдерінде жасалады (байланыс телефондары: +7 707 372 75 28, +7 701 054 71 77).
11.00 – Сергей Астраханцевтің пьесасы бойынша «Братец Лис и братец Кролик» Instagram-қойылымы. Спектакль Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының Instagram-дағы парақшасында тікелей эфирде өтеді (gorkytheatre_ns).
2 маусымға жоспарланған шаралар
12.00 — Дүниежүзілік банктің «COVID-19 және Орталық Азияның азық-түлік қауіпсіздігі» тақырыбында онлайн баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: Дүниежүзілік банктің Орталық Азия бойынша аймақтық директоры Лилия Бурунчук, Дүниежүзілік банктің ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша жетекші экономисі Сергий Зоря. Брифинг аясында коронавирус пандемиясының (COVID-19) Орталық Азия мемлекеттерінің ауыл шаруашылығына, азық-түлік қауіпсіздігі мен экспорттық-импорттық әлеуетіне ықпал ету мәселелері қаралады. БАҚ-ты тіркеу үшін: +7 701 944 79 08 (WhatsApp, Telegram), email: media@askredpoint.com. Тіркеу кезінде онлайн баспасөз мәслихатына қосылуға болатын бірегей сілтеме жолданады.
5 маусымға жоспарланған шаралар
16.00 – Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың халық алдында есеп беру кездесуі. Сауал, ұсыныс-пікірлеріңізді министрдің «Ашық диалог» порталындағы жеке блогы мен e.surak@mcs.gov.kz электронды поштасына жолдауларыңызға болады.Кездесу министрліктің Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасы мен Youtube арнасында тікелей эфирден көрсетіледі.
11 маусымға жоспарланған шаралар
11.00 – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиевтің халық алдында есеп беру кездесуі. Сұрақтар мен ұсыныстарды «Ашық диалог» порталындағы министрдің блогына жіберуге болады; WhatsApp нөмірі: +7 (777) 433 27 04; электронды мекен-жайы: suraq@mdai.gov.kz (Онлайн-трансляция министрліктің Facebook-тегі ресми парақшасында өткізіледі).
17 маусымға жоспарланған шаралар
15.00 – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың халық алдында есеп беру кездесуі. Кездесу «Хабар 24» телеарнасында онлайн режимінде өтеді; тікелей эфирді Орталық коммуникациялар қызметінің Facebook және YouTube арнасынан көруге болады. Министрге сұрақтар мен ұсыныстарды келесі байланыс арналарын қолдана отырып жолдай аласыз: министрдің «Ашық диалог» порталындағы блогы; министрліктің ресми сайтындағы «Сұрақ-жауап» онлайн-қабылдау; электронды мекенжай: ask@mti.gov.kz; министрліктің Facebook-тегі ресми парақшасы. «Есеп беру кездесуі үшін» деген белгі жасау керек. Сұрақтарды қарап, оларға сапалы және сенімді ақпарат дайындау үшін уақыт қажет, сондықтан, сұрақты 10 маусымға дейін жіберу ұсынылады. Анықтама үшін телефон: 74 98 97, 8 (701) 701 01 34.
29 маусымға жоспарланған шаралар
11.00 — Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның халық алдында есеп беру кездесуі. Кездесу онлайн режимінде өтеді, сұрақтарды министрдің «Ашық диалог» порталындағы блогына; министрліктің сайтына (сұрақ-жауап бөлімі); +7 777 893 69 21 WhatsApp нөміріне жіберуге болады. Бұл іс-шараның трансляциясы ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің, «ҚазАқпарат» ХАА интернет-ресурстарында жасалады.
Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.
sputniknews.kz