Мамандар коронавирустың балаларға деген қауіптілігін айтып берді — Қазақстан жаңалықтары

0

Коронавирустың балалардың ағзасына деген қауіпті салдары белгілі болды. Бұл туралы ресейлік инфекционист дәрігер Валерий Безносенко «Звезда»  телеарнасына айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

бала

Сөзінше, коронавируспен ауырған балалардың бойында Кавасаки синдромы пайда болуы мүмкін. Бұл ауру олардың қан тамырларының жұмысын бұзады екен. 

Сондай-ақ ресейлік маман аталмыш синдромның жүрек және бүйрек қызметіне кері әәсер ететінін атап өтті. Мұнымен қоймай коронавирус балалардың терісінде бөртпелердің шығуына алып келеді екен. Бұл асқынулар ересектерден мүлдем байқалмапты.

«Өкпе, ми тромбоэмболиясы қалыптасып, қан айналым жүйесі бұзылуы ғажап емес», — деді маман. 

 

stan.kz