Қазақстанда спорт комитеті төрағасының орынбасары ұсталды – видео

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Күдіктілер Өскемен қаласында ұсталды және сол жерде уақытша ұстау абақтысына тоғытылды, қазір тергеу жүріп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр — Sputnik. Мәдениет және спорт министрлігінің дене шынықтыру және спорт істері комитеті төрағасының бұрынғы және қазіргі орынбасарлары 400 миллион теңге шамасында бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Агенттіктің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаровтың айтуынша, күдіктілер Өскемен қаласында ұсталды және сол жерде уақытша ұстау абақтысына тоғытылды. Сот біреуін 2 айға қамауды ұйғарды.

«Олар «Риддер қаласындағы олимпидалық резев бойынша республикалық мамандырылған мектеп-интернат-колледж» РМК-сы 300 орындық оқу корпусының құрылысы кезінде 380,8 миллион теңгенің бюджет қаражатын жымқырғаны үшін айыпталып отыр. Күдіктілер нақты жұмыстар атқарылмаса да, ол ақшаны мердігердің есепшотына аударған», — деді Биғайдаров бүгінгі онлайн брифингте.

Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу шараралары жүргізіліп жатыр.



sputniknews.kz