Табысты адамдардың жаңа жоспарлары: Тараз кәсіпкерінің төтенше жағдайға дейінгі және кейінгі өмірі – Қазақстан жаңалықтары

0

Қуаныш Ақтоқалов – нағыз іскер адам. Ол кісі өзінің алғашқы фирмасын туған қаласы Таразда 1993 жылы ашты. Бұл формалы және арнаулы жұмыс киімін шығаратын тігін өндірісі болды. Ол кезде жас мемлекетіміз сапалы әрі қолжетімді тауарлар шығаратын жеке өндірушілерге мұқтаж еді, осы тұста «Дизайн сұлу» компаниясы өз міндетін мінсіз атқарды.

Іс өрге басты, шын мәнінде пайда әкеле бастады. Өзге біреулер болса, бизнес әкелген игіліктерді пайдаланып, табысқа масаттанып жата беретін еді, алайда Қуаныш басқа шешім қабылдады. Кезінде Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтын инженер мамандығы бойынша бітірген Қуаныш Ақтоқалов өзінің жаңа бизнесін – құрылыс компаниясын ашуды шешті. Осылайша 2007 жылы мектептер, балабақшалар, спортзалдар, дене шынықтыру-сауықтыру кешендері құрылысына мамандандырылған «ЦентрСнабСервис» ЖШС құрылды.

Қуаныш Ақтоқалов табысқа қолы жеткенге дейін өзінің алғашқы бизнесін сынап көру, қателесу, оны түзету сияқты әдістермен жүргізсе, ал бұл ісінде өзін кәсіпкер алдымен барлық жағдайды егжей-тегжейлі тексеріп, әбден көзін жеткізіп жүргізетін нағыз кәсіпқой екенін көрсетті. Бүгінгі күні «ЦентрСнабСервис» компаниясын Таразда жақсы біледі, оған әлеуметтік маңызға ие күрделі әрі ірі объектілерді сеніп тапсырылады. Осындай жобалардың қатарында – №22 орта мектеп ғимаратын жөндеу және «Жастар» стадионын «Тараз» КФК жастар командасының футбол орталығының оқу-жаттықтыру базасына қайта жаңғырту жұмыстары. Қуаныш Ақтоқалов демеушілік көмек аясында қосымша жұмыстардан да бас тартпады. Оның ісі елімізде коронавирустық инфекция қаупі салдарынан төтенше жағдай енгізгенге дейін өркендеп тұрды.

– Біз жұмысымызды осы кезде іс жүзінде 90% тоқтаттық деп айтуға болады, – деп нақтылайды Қуаныш Ақтоқалов. – Тек инженерлік-техникалық құрам ғана жұмыс істеді: сметалық-жобалық құжаттамамен айналыстық, жеткізушілермен жұмыстарды қашықтықтан жүргіздік. Қазір біздің жұмысымызда 15 тамызға дейін тапсырылуы тиіс мектеп бар, ал қыркүйекте балалар оқуға кірісуі керек. Қаржыландыру – шартта көзделген алдын ала төлем – тек келесі айдан басталады. Уақыт өте тығыз.

Оның ғана емес, мыңдаған өзге кәсіпкерлердің басына түскен қиындықтар туралы Қуаныш Ақтоқалов қазір қорқынышсыз айтады және ертеңгі күнге сеніммен қарайды. Өзіне шамамен 20 жыл бойы қызмет көрсетіп жүрген АТФБанкте дәл өзі сияқты елімізде енгізілген төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен шағын және орта кәсіпкерлік өкілдері мен жеке кәсіпкерлер үшін жеңілдікті кредит беру бағдарламасының әзірленгені және ендірілгені туралы айтылды. Қуаныш Айтбаевич қандай да бір комиссиясыз және артық төлемдерсіз «таза» күйінде жылдық 8% бойынша қарыз алған алғашқылардың бірі болды. Бұл бағдарлама бойынша бүгінгі күннің өзінде-ақ қомақты қаржылық қолдау алуға болады: қызмет түріне байланыссыз және мерзімінен бұрын өтегені үшін айыппұлсыз 12 айға дейінгі мерзімге 50 млн теңгеге дейін – жеке кәсіпкерлер үшін және 3 млрд теңгеге дейін – ірі ШОБ субъектілері үшін.

– Бұл біз үшін үлкен көмек. Өзіңіз білетіндей, қарыз бойынша пайыз кәдуілгі болған кезде пайданың елеулі бөлігі кредиттерді өтеуге жұмсалады. Ал даму үшін ақша қажет, ендеше АТФБанктің жеңілдікті кредитінің көмегімен үнемделген қаражат іс үшін артық болмайтыны айдан анық! – деп атап өтті өз сөзінде кәсіпкер. – Тараз филиалының қызметкерлеріне – өтінімді тез арада рәсімдеп, жеңілдік бойынша кредит алуға көмектескен өз ісінің нағыз мамандарына жеке алғысымды білдіргім келеді.

Бұл бөлімшеде оның үш компаниясына қызмет көрсетіледі. Қазіргі таңда тараздық бизнесмен алды-артын аңдап «ЦентрСнабСервис» ЖШС компаниясын әрі қарай дамытуды, жаңа өндірістік базаның құрылысын жүргізуді және өзінің төртінші фирмасын ашуды жоспарлап отыр.

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз