Қазақстандық Adidas компаниясына 19 миллион шығын келтірді — Қазақстан жаңалықтары

0

ҚР қаржы министрлігі қаржылық мониторинг комитетінің Алматы облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері Қазақстан азаматын Adidas компаниясына 19 миллион шығын келтірді деп айыптады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Adidas 1982 жылы туған ер адамның Adidas, Nike және Reebok жалған спорттық аяқ киімін жасағандығы белгілі болды.

«Осылайша ол Аdidas AG (Германия) және Аdidas International Marketing BV (Нидерланды) компанияларына 19 миллион теңге көлемінде шығын келтірген. Қойманы тінту кезінде әйгілі компаниялардың түпнұсқа өнімдеріне сәйкес келмейтін 800 жұп спорттық аяқ киім (кроссовкалар) табылып, тәркіленді», — деп хабарлады департаментте.

Осы факті бойынша ҚК-нің «бөтен тауар таңбасын, қызмет көрсету таңбасын, фирмалық атауын, тауар шығарылған жердің атауын немесе біртектес тауарлар немесе қызметтер үшін оларға ұқсас белгілерді заңсыз пайдалану, егер бұл әрекет ірі залал келтірсе» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. 

stan.kz