Үлбіреген қалың шашты бүлдіршін желідегілерді тамсандырды — Қазақстан жаңалықтары
Ұлыбританиялық бір жасар қыз қалың шаштар арқылы танымалдыққа ие болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Баланың анасы Деник Канева қызы Габриэланың үлбіреген қалың қара шашпен туып, перзентхананың медициналық қызметкерлері мен өзін таңқалдырғанын айтты.
«Таңқалдым. Медбикелер мұндай ұзын шашы бар нәрестені ешқашан көрмегенін айтты — ол басқа балалардан мүлдем өзгеше болды», — деді әйел.
Габриела анасы желіде қыздың суреттерін жариялағаннан кейін танымал болды. Қолданушылар баланың шашына тәнті болып, оны Рапунцельмен салыстырды.
«Серуендеп жүрген кезде адамдар бұрылып, күліп кетеді», — деп атап өтті Канева.
Деник қызының шашына күтім жасау үшін дәріханадан жиі сатып алатын жоғары сапалы өнімдерді пайдаланатынын атап өтті.
«Біздің Рапунцель басын жууды және кептіруді ұнатады. Мен Габидің шашын кептіргенде ол қуаныштан күледі», — дейді анасы.
stan.kz