Коронавирус тасымалдаушыларының жұқтыруы жоғары кезең белгілі болды — Қазақстан жаңалықтары
Коронавируспен ауыратын науқастар ауру белгілері пайда болғаннан кейін 11 күннен соң жұқпалы болмайды. Бұл туралы Сингапур ғалымдарына сілтеме жасап РИА Новости жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Олардың бағалауы бойынша, айығып келе жатқан пациенттердің талдаулары коронавирусты көрсетуі мүмкін, алайда ол бұл кезеңде қауіпті болмайды. Ғалымдар тестілер коронавирустың өміршеңдігін және оны басқаларына беру мүмкіндігін анықтауға қабілетсіз екенін атап өтті, сөздерінше, тестілер тек геномның бір бөлігін ғана анықтайды.
Сонымен қатар, 11 күн туралы теорияда ерекше жағдайлар бар — мысалы, химиотерапия өтетін онкологиямен ауыратын науқастар.
Қазіргі уақытта коронавирус тудырған ауруды емдегеннен кейін науқас ауруханадан тек екі теріс тесттің нәтижелері бойынша шығарылуы мүмкін.
stan.kz