Қырғызстан парламентінің экс-спикері коронавирустан қайтыс болды

0

Азияда

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

5 мамырда елге белгілі қоғам қайраткері Мұқар Шолпанбаевтың денсаулығы нашарлап, ауруханаға жатқызылған

НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр – Sputnik. Қырғызстанда парламенттің (Жогорку Кенеш) экс-спикері, қоғам қайраткері Мұқар Шолпанбаев 70 жасқа қараған шағында дүниеден озды, деп хабарлады Қырғызстанның республикалық штабы.

5 мамырда Мұқар Шолпанбаев Республикалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылып, оған коронавирус диагнозы қойылған.

Оқи отырыңыз: Ғалымдар коронавирус пандемиясы қашан аяқталынын айтты

Дәрігерлер COVID-19 инфекциясы салдарынан ер адамның бойында екі жақты пневмония, тыныс алу жеткіліксіздігі және тағы басқа сырқаттардың пайда болғанын атап өтті.    

Сондай-ақ ол жүрек, бүйрек және қан тамырлары ауруларымен қатар ауырған.  

«Шолпанбаев ауруханаға 5 мамырда түсті. Денсаулығының нашарлауына байланысты жан сақтау бөліміне ауыстырылды, ал бүгін, сағат 12:10-да реанимациялық шараларға қарамастан қайтыс болды», – деп жазылған республикалық штабтың хабарламасында.

Мұқар Шолпанбаев 1995-1996 жылдары Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің спикері қызметін атқарды, Қырғызстан парламенті экс-спикерлері қоғамдық кеңесінің мүшесі болды.

Қырғызстандағы коронавирус

Соңғы мәліметке сәйкес, Қырғызстанда коронавирус инфекциясын 1443 адам жұқтырды. Елде індеттен 15 адам қайтыс болды.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз