Қазақстанның бас санитар дәрігері коронавирусқа байланысты шектеу шараларын күшейтті — Қазақстан жаңалықтары
Бас мемлекетік санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова ҚР-ның халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Есмағамбетова Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын, ҚР сыртқы істер министрлігінің шақыруы бойынша елге келетін шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың ресми делегацияларының мүшелерін; ҚР-да аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің және халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің қызметкерлерін және олардың отбасы мүшелерін; авиакомпаниялар экипаждарын және локомотив бригадаларының мүшелерін қоспағанда, Қазақстанға шетелден келетін барлық адамдарды, сондай-ақ ЕАЭО елдерінен және Өзбекстан Республикасынан мемлекеттік шекара арқылы теміржол көлігінде және автоөтпе жолдарында өткізу пункттері арқылы келетін адамдарды 2 тәулікке дейін COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізу үшін карантиндік стационарда оқшаулауды қамтамасыз етуді тапсырды.
COVID-19 ауруын жоққа шығармайтын белгілері бар адамдар карантиндік стационарға емес, провизорлық стационарға емдеуге жатқызылады.
«Қазақстан Республикасына шет елден келген республикада аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің және халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің қызметкерлері және олардың отбасы мүшелері COVID-19-ға зертханалық тексеруге және 14 тәулік бойы үйде өзін-өзі оқшаулауға (үй карантині) жатады.
Авиакомпаниялардың экипаждары, локомотив бригадаларының мүшелері қоңырау шалу арқылы (мүмкіндігінше бейнеқоңырау шалу) тұрғылықты (келген) жері бойынша медициналық бақылауға жатады.
ЕАЭО елдерінен және Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы теміржол көлігінде және автоөтпе жолдарында өткізу пункттері арқылы келген адамдар COVID-19-ға зертханалық тексеруге және 12 тәулік бойы үйде өзін-өзі оқшаулауға (үй карантині) жатады;
Қазақстан Республикасына шет елден келген Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің және халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің қызметкерлері және олардың отбасы мүшелері COVID-19-ға зертханалық тексеруге және 14 тәулік бойы үйде өзін-өзі оқшаулауға (үй карантині) жатады.
Авиакомпаниялардың экипаждары, локомотив бригадаларының мүшелері қоңырау шалу арқылы (мүмкіндігінше бейнеқоңырау шалу) тұрғылықты (келген) жері бойынша медициналық бақылауға жатады.
ЕАЭО елдерінен және Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы теміржол көлігінде және автоөтпе жолдарында өткізу пункттері арқылы келген адамдар COVID-19-ға зертханалық тексеруге және 12 тәулік бойы үйде өзін-өзі оқшаулауға (үй карантині) жатады», — делінген құжатта.
Қаулыда тиісті аумақтың, көліктегі бас мемлекеттік санитариялық дәрігері өңірдегі және әлемдегі қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, шет елдерден келген жолаушыларды карантиндеу туралы шешім қабылдауға құқылы екенін көрсетілген.
Бұдан басқа, қаулыға сәйкес, орталық мемлекеттік органдар, құқық қорғау және арнайы органдар, облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері өңірде COVID-19 сырқаттанушылығының өсуі 7%-дан асатын деңгейде тіркелген жағдайда: көпшілік іс-шараларын өткізуге тыйым салу; кинотеатрлар, түнгі клубтар, фитнес, тренажер залдары (орталықтары), сауда-ойын-сауық орталықтары жанындағы балалардың ойын алаңдары, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдары (дамыту, білім беру орталықтары, үйірмелер, факультативтер және т.б.), компьютер клубтары, Токио-2020 Олимпиада және Параолимпиада ойындарына ұлттық құрама командаларын дайындау үшін оларды пайдалану кезеңінде ғана Ұлттық олимпиада комитетінде аккредиттелген спорттық базаларды қоспағанда, спорт кешендерінің (үйірмелер, секциялар) қызметін тоқтата тұру; медициналық көрсетілімдер бойынша сапарды қоспағанда, COVID-19 бойынша қолайсыз елдерге халықаралық спорттық, мәдени, туристік іс-шараларға шығуға тыйым салу қарастырылған.
Сонымен қатар, меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі балалар мекемелерінің, қызмет көрсету саласы объектілерінің қызметін тоқтата тұру қарастырылған.
Құжаттың толық нұсқасымен мына жерде танысуға болады.
stan.kz